Батыс Қазақстан облысында ет шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерден миллион АҚШ долларын бопсалаған тұрғын ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстың ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ет шаруашылығымен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған облыс тұрғынын ұстағанын мәлімдеді.

Күдіктінің Toyota Mark II көлігінің ішінде пара алып жатқан кезінде ұсталғаны айтылады.

  • Ақтөбелік әйелді желіде танысқан жігіт 700 мың теңгеге алдап кеткен
  • Түркістан облысында банк қызметкері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген

“Көлікті тінту кезінде сол жақ алдыңғы жолаушы отырғышының қалтасынан 4 миллион теңге тәркіленді. Сондай-ақ күдіктінің әмиянынан 50 мың теңге табылды. Қазіргі уақытта "бопсалау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген аталған департаментің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Жауаптылар өзге ақпараттың жариялауға жатпайтынын айтады.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерді бопсалап, ақшасын иемденіп алғысы келген екі күдікті азамат ұсталған. Олар кәсіпкерден жалпы соммасы жеті миллион теңге бопсалаған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.