Нысана көздеуден Бразилияда өтетін әлем кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне қатысады. 11-20 сәуір аралағында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын 10 спортшы қорғайды. Назарларыңызға Бразилиядағы бәсекеде сынға түсетін спортшылардың тізімін ұсынамыз:

Арина Алтухова

Александра Ле

Ислам Сәтбаев 

Никита Шахторин 

Константин Малиновский

Елизавета Безрукова

Валерий Рақымжан

Эльдар Иманқұлов

Ирина Юнусметова 

Руслан Юнусметов

Айта кетейік, бұл турнирде олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынады. Турнир жеңімпазы атанған спортшылар олимпиада лицензиясын иеленуге бір қадам жақындайды. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.