«Резидент еместермен халықаралық операциялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7401202, индексі 10-тб, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық



жүктеу 98.02 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі98.02 Kb.


Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі Төрағасының

2014 жылғы 9 қаңтардағы

№ 3 бұйрығына

6-қосымша
Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі Төрағасы

міндетін атқарушының

2010 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 351 бұйрығына

32-қосымша



«Резидент еместермен халықаралық операциялар туралы есеп»
ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық
нысанын (коды 7401202, индексі 10-ТБ, кезеңділігі
тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық

1. Осы «Резидент еместермен халықаралық операциялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7401202, индексі 10-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулықты ведомстволық статистикалық байқаудың «Резидент еместермен халықаралық операциялар туралы есеп» статистикалық нысанын (коды 7401202, индексі 10-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыруды нақтылайды.

2. Мынадай анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:

1) резиденттер:

азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасында бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасынан тыс аумақта бір жылдан кем уақытша тұратын азаматтар. Шет елде мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтар олардың басқа елдердің аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер болып табылады;

халықаралық ұйымдарды, шетелдік елшіліктерді, консулдықтарды және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақстандық елшіліктер, консулдықтар және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақшаның үшінші абзацында және осы тармақтың


2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

2) резидент еместер:

азаматтығына қарамастан шет елде бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл тұратын шетелдік азаматтар. Республика аумағында мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген шет мемлекеттердің азаматтары олардың республика аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер еместер болып табылады;

Қазақстан Республикасының елшіліктерін, консулдықтарын және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерін қоспағанда басқа мемлекеттердің аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық ұйымдар, шетелдік елшіліктер, консулдықтар және басқа да шетелдік дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацында және осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың басқа мемлекеттер аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

3. Осы нысанда сұратылатын ақпарат Қазақстан Республикасының төлем балансын қалыптастыруға арналған.

4. Операциялардың құны нақты ақы төлеу уақыты бойынша емес оны есептеу (операцияларды нақты жүзеге күні) кезінде көрсетіледі. Нақты қызмет (жұмыс) көрсету күні орындалған қызметті (қызметті) қабылдау актісіне қол қойған күн болып саналады. Егер шартта орындалған қызметті (қызметті) қабылдау актілерін жасау көзделмеген болса, қызметті көрсету күні шот-фактура (инвойс) ұсынған күн деп санау керек.

5. Барлық операциялар мың АҚШ долларымен көрсетілуі тиіс. Басқа шетел валюталарындағы операцияларды алдымен теңгеге, содан кейін АҚШ долларына ауыстырылады. Айырбастау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында қолданылатын валюталардың нарықтық айырбастау бағамдары пайдаланылады. Бұл ретте операцияларды айырбастау үшін операцияларды жүргізу күнгі тиісті бағамдар қолданылады. Теңгемен көрсетілген сомалар операциялар жүргізілетін күні АҚШ долларына аударылады.

6. Барлық операциялар барлық әріптес елдер және халықаралық ұйымдар бойынша бөліп көрсетіледі. Әріптес елдердің және халықаралық ұйымдардың атаулары нысанның екінші бағанынан бастап және әрі қарай көрсетіледі. Егер респонденттің әріптес елдерінің және халықаралық ұйымдардың саны нысанның бөлімдеріндегі бағандардың санынан асатын болса, жетпейтін бағандар қосылады.

7. Қызмет көрсетулердің түсіндірмесі:

Құрылыс қызметін көрсету (10; 110-жолдар) құрылыс учаскесін, объектілердің құрылысын дайындау, жинамалы құрылғылар мен жабдықтарды бөлшектеу кіретін құрылыс келісімшарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерді қамтиды. Су ұңғымасын бұрғылау және салу және операторы бар құрылыс немесе бөлшектеу жабдығын жалға алу, құрылыс жобасын басқару, құрылысты жөндеу сияқты басқа да құрылыс қызметі қосылады;

Қаржы қызметін көрсетуге (20; 120-жолдар) делдалдардың қаржы мәмілелері бойынша комиссиялық сыйақысы кіреді және әдетте, оны банктер және басқа да қаржы ұйымдары (сақтандыру компанияларының және зейнетақы қорларының қызмет көрсетулерін қоспағанда) ұсынады. Сонымен қатар басқа да қосалқы қаржы қызметі, мысалы, қаржылық консультациялар, қаржы активтерін басқару, кредиттік рейтинг қызметі кіреді. Депозиттер, кредиттер, несиелер және қарыздар бойынша пайыздар қаржы қызметін көрсетуге қосылмайды;

Компьютер қызметіне (30; 140-жолдар) мыналар қосылады: тапсырыс берілген және тапсырыс берілмеген (жаппай шығарылған) бағдарламалық қамтамасыз етуді және осылармен байланысты лицензияларды сату (сатып алу); техникалық құралдарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату; компьютерлік техника және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы консалтинг; компьютерлерге және перифериялық құрылғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету, деректерді өңдеу және оларды серверге орналастыру; жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің түпнұсқаларын және олардың меншік құқықтарын сатып алу және сату. Компьютерлік қызмет көрсетуге мыналар қосылмайды: оқу компьютер курстарын нақты пайдаланушысы үшін әзірленбеген бағдарламалық қамтамасыз етуді (зияткерлік меншікті пайдалану) шығаруға және (немесе) таратуға лицензиялар үшін ақы төлеу (жеке тұлғаларға басқа да қызмет көрсетулер);

Ақпараттық қызмет көрсетуге (40; 150-жолдар) бұқаралық ақпарат құралдарына жаңалықтар, фотографиялар және мақалалар ұсыну; деректер базасын құру, сақтау және тарату; почта және өзге де тәсілдермен жеткізе отырып мерзімдік басылымдарға тікелей жеке жазылу; кітапханалар мен мұрағаттар қызметі кіреді;

Тауарларды қайта өңдеу бойынша қызмет көрсетуге (50; 160-жолдар) материалдық ресурстарды өңдеу, жинақтау және тағы басқалар кіреді. Осы қызметтерге мыналар жатады: дайын құрылыс құрылғыларын (құрылыс қызметі) жинақтауын қоспағанда, өңделмеген мұнайды, табиғи газды, метал кендерін және қойыртпаларын өңдеу; киім тігу, электрониканы және жинаудың басқа түрлерін жинақтау;

Жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметке (60; 170-жолдар) теңіз және әуе кемелерін және басқа да көлік құралдарын, сондай-ақ құрылыстық жөндеуді, компьютерлер жөндеуді және мұнай мен газ ұңғымаларын жөндеуді қоспағанда, басқа да тауарларды күрделі және ағымдағы жөндеу әрі техникалық қызмет көрсету кіреді. Көлік құралдарын тазалау және жинау (басқа да көлік қызметі) қосылмайды;

Зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін (70; 180-жолдар) ақы төлеуге меншік құқықтарын (патенттер, авторлық құқықтар, сауда белгілері, технологиялық процестер, дизайн сияқты тағы басқалар) пайдаланғаны үшін ақы төлеу, сондай-ақ жасалынған түпнұсқаларды және прототиптерді (кітаптар және қолжазбалар, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етулер, кинематографиялық жұмыстар, дыбыстық жазбалар және сияқты тағы басқалар) жасауға және (немесе) таратуға арналған лицензиялар үшін ақы төлеу кіреді;

Ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер (ҒЗТКӘ) (81; 191-жолдар) жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы түбегейлі және қолданбалы зерттеулерді, жаңа өнімдер мен технологиялардың тәжірибелі әзірлемелерін, техникалық жаңа енгізілімдерді білдіретін операциялық жүйелерді әзірлеуді, сондай-ақ ҒЗТКӘ нәтижелерін (патенттер, авторлық құқықтар, сауда белгілері, технологиялық процестер және сияқты тағы басқалар) сатып алу және сату кіреді;

Заң қызметіне (82; 192-жолдар) кеңестер мен консультациялар; заң, сот және заңнамалық үдерістерге қызмет көрсету; фирмаларға жедел көмек көрсету; заң құжаттамасын дайындау; төрелік сот қызметі және тағы басқалар кіреді;

Бухгалтерлік, аудиторлық қызмет (83; 193-жолдар) бухгалтерлік есеп, шот жүргізу, аудит және салық салу бойынша консультациялық қызметті, қаржылық есептілікті жасауды қамтиды;

Бизнес және басқару консультациялары (84; 194-жолдар) бойынша қызмет жалпы басқару консультацияларын, қаржы менеджментін, кадр менеджментін, өндірістік менеджментті және басқа басқару консультацияларын; саясат және стратегия бизнесі мәселелеріндегі консультацияларды, басқаруды және жедел көмекті; жұртшылықпен байланыс бойынша қызмет көрсетуді қамтиды. Құрылыс жобасын (құрылыс қызметін) басқару қосылмайды;

Жарнама және нарық коньюнктурасын зерделеу саласындағы қызмет көрсетулерге (85; 195-жолдар) жарнама агенттіктері арқылы жарнамаларды жобалау, жасау және маркетинг; жарнама уақытын сатып алу және сатуды қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамаларды орналастыру; көрмелер мен сауда жәрмеңкелерін өткізу; тауарларды шетелдерде жарнамалау; маркетингтік зерттеулер; әр түрлі проблемалар бойынша қоғамдық пікірге сауалнамалар жүргізу кіреді;

Сәулет, инженерлік және басқа да техникалық қызмет көрсетуге (86; 196-жолдар) сәулет және құрылыс жобаларын әзірлеу, геологиялық барлау және зерттеулер, картография; метеорологиялық қызмет көрсету; өнім сапасын тексеру және сертификаттау, техникалық сынақтар және талдаулар, техникалық бақылау; инженерлік консультациялар және қоршаған орта бойынша консультациялар кіреді. Тау-кен инженериясы мұнда қосылмайды, ол пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қызметтерде көрсетіледі;

Қалдықтарды қайта өңдеуге және қоршаған ортаны тазалауға (87; 197-жолдар) радиоактивті және басқа қалдықтарды қайта өңдеу; қоршаған ортаны тазалауға және қайта өңдеуге байланысты қызмет көрсетулер; санитарлық қызмет кіреді;

Ауыл шаруашылығы және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы қызмет көрсетуге (88; 198-жолдар) ауыл шаруашылығы дақылдарын (мысалы, өсімдіктерді аурулардан және зиянкестерден қорғау, өнімділікті арттыру) өсіру бойынша қызмет көрсету; орман шаруашылығы; бұрғылау жұмыстарын (бұрғылау, бұрғылау мұнараларын салу, мұнай және газ ұңғымаларын жөндеу, бөлшектеу және цементтеу; тау-кен инженериясы) қоса алғанда, мұнай, газ және басқа пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты қызмет кіреді;

Қызметкерсіз жабдықтың операциялық лизингі (жалға алу) (89; 199-жолдар) қызметкерсіз жабдықты жалға алуды, экипажсыз көлік құралдарын жалға алуды, жылжымайтын мүлікті жалға алуды қамтиды. Қаржы лизингі, телекоммуникациялық желілер мен қуат көздерін (телекоммуникациялық қызметті) жалға алу, экипажы бар көлік құралдарын (жүк немесе жолаушы тасымалдаулар) жалға алу қосылмайды;

Саудаға байланысты қызмет көрсетуге (90; 200-жолдар) тауарлармен және қызметпен операциялар бойынша трейдерлерге, биржалық тауар брокерлеріне, дилерлерге, аукционшыларға төлеуге тиісті комиссиялық сыйақы кіреді. Қаржы құралдары (қаржылық қызмет) брокерлік қызмет және агенттердің жүк немесе жолаушы тасымалдауларына (басқа көлік қызметі) байланысты комиссиялық сыйақысы қосылмайды;

Басқа іскерлік қызмет көрсетулерге (91; 201-жолдар) электр энергиясын, су, газ тарату және тағы басқалар; кадрларды іріктеу, күзет, жазбаша және ауызша аударма, фотосуретке түсіру, үй-жайларды жинау, тамақтандыруды ұйымдастыру, риэлторлық қызмет, баспа қызметі, ветеринар қызметі және жоғарыда аталған қызмет көрсетулерге қосылмайтын басқа да іскерлік қызметтер кіреді;

Жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге және мәдениет пен демалыс саласындағы қызмет көрсетуге (100; 210-жолдар) фильмдерді, радио- және телебағдарламалар мен сазгерлік туындылардың жазбаларын жасауға байланысты қызметтерді; актерлердің, режиссерлердің және тағы басқа гастрольдерге шығуына, театр қойылымдарын жасауға, сазгерлік, спорттық және цирк бағдарламаларын жасауға байланысты еңбекке ақы төлеу; бейне- және дыбыс жазбаларын жалға алғаны үшін, бейне- және дыбыс жазбаларын пайдалану (көрсету) құқығы үшін, телеарналарға қолжетімділігі үшін ақы төлеу; прокаттан түскен төлемдер мен түсімдер; қолжазбалардың, бейне- және дыбыс жазбаларының түпнұсқаларын сатып алу және сату, жаппай шығару; мұражайлардың, кітапханалардың, мұрағаттардың жұмыстарына байланысты қызмет көрсету және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты қызмет көрсетулерге; сондай-ақ оқытушылар мен медицина қызметкерлерінің өз елінен тысқары жерлерде көрсететін қызметтеріне, сырттай көрсетілетін қызметті қоса алғанда, ақы төлеу кіреді.

Материалдық емес активтермен операцияларға (380; 390-жолдар) брендтердің атаулары, мерзімдік басылымдардың тақырыптары, сауда белгілері, домен логотиптері мен аттары сияқты маркетингтік активтерді сату және сатып алу; спортшының бір клубтан басқасына өткен үшін трансфертке ақы төлеу кіреді;

Табиғи ресурстарды жалға алуға (400; 410-жолдар) жер, орман, қорықтар, сулы жерлер сияқты табиғи ресурстарды уақытша пайдалануға бергені үшін; пайдалы қазбаларды өндіруге және балық аулауға құқықтар бергені үшін; аумақтың үстінен ұшу құқығы үшін төлемдер кіреді;

Резидент емес қызметкерлердің жалақысына (530; 540-жолдар) кемінде бір жыл мерзімге жұмысқа жалданған шетелдік қызметкерлердің және вахталық әдіспен жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерлердің ақшалай және табиғи нысандағы еңбекақысы кіреді. Табиғи нысандағы жалақы тауарлар және тамақтану, тұрғын үй, көлік құралдары, тегін жол жүру, жұмысқа және жұмыстан тасымалдау, спорт орталықтарының және демалыс үйлерінің қызметі, акцияларға опциондар сияқты қызмет түріндегі төлемдерден тұрады;

Басқа да ағымдағы трансферттерге (580; 590-жолдар) сақтандыру төлемдері, сондай-ақ негізгі капиталдың жинақтарын қаржыландыруға байланысты емес сыйлықтар және садақалар болып табылмайтын мүлікке келтірілген жарақат немесе ысырап үшін өтемақылар төлеу кіреді. Сауда палаталары немесе салалық қауымдастықтар сияқты коммерциялық емес ұйымдарға мүшелік жарналар трансферттерге жатпайды (басқа да іскерлік қызметтер);

Күрделі трансферттерге капитал активтеріне (600; 610-жолдар) ауқымды зиян (мысалы, мұнайдың құйылуына байланысты, күшті жарылыстар, фармацевтік өнімнен болған жанама әсерлер және тағы басқалар) келтіргені үшін өтемақы төлемдері, сондай-ақ негізгі капиталдың жинақтарын қаржыландыру мақсатына арналған ірі сыйлықтар және садақалар, мысалы, университеттерге жаңа оқу үй-жайларының құрылысы бойынша шығыстарды жабуға арналған сыйлықтар кіреді.

8. Арифметикалық-логикалық бақылау:

1) 1-бөлік «Қызмет көрсету бойынша операциялар»:

80-жол = 81+82+83+84+85+86+87+88+89+90+91-жолдарының қосындысы әрбір баған үшін;

91-жол = 91/1+….+91/n -жолдарының қосындысы әрбір баған үшін;

100-жол = 100/1+….+100/n-жолдарының қосындысы әрбір баған үшін;

190-жол = 1+192+193+194+195+196+197+198+199+200++201-жолдарының қосындысы әрбір баған үшін;

201-жол = 201/1+….+201/n -жолдарының қосындысы әрбір баған үшін;

210-жол = 210/1+….+210/n -жолдарының қосындысы әрбір баған үшін;

2) 4-бөлік. «Көлік қызметтері»:

350-жол = 351+352-жолдарының қосындысы әрбір баған үшін;

370-жол = 371+372-жолдарының қосындысы әрбір баған үшін;



3) барлық бөліктер үшін:

1-баған = 2+3+…+n-жолдарының қосындысы барлық жолдар үшін, 4-бөліктің 340 және 360-жолдарынан басқа.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет