«Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі»



жүктеу 42.52 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі42.52 Kb.

«Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының

2017 жылғы «06» 12

№ 34 бұйрығына қосымша

«Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
«Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес қызметкерлердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жобасы әзірленді.

Аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі жемқорлық көріністеріне жол бермеу және қызметкерлер арасында жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру мақсатында әзірленді.




  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: ____қаржы____________.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлеушінің атауы: «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ.



  1. Қоғамдық қатынастардың жекелеген саласында жұмыс атқаратын тұлғалардың тәртіп ережелері (іс-әрекеті)

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарда көрсетілген салаларда жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету, азаматтар өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте және белгіленген мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шараларды қабылдау;

4) жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша теріс шешім болған жағдайда, дәлелді және негізделген жауап қайтару;

5) қабылданатын шешімдердің заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету;

6) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауа, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;

7) лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеу.

3.2. өз құзыретінің аясында басқарушылық және басқа да шешімдер дайындау және қабылдау кезінде:

1) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;

2) меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге;

3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;

4) қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;

5) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбауға;

6) бағынысты қызметкердің пікірлерін және ұсыныстарын шешім қабылдағанда ескеру;

7) экономикалық орындылығын және қабылданатын шешімдердің тиімділігін ескеру;

8) мүдделер қақтығысын болдырмау және жою бойынша шаралар қабылдау;

3.3. нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау кезінде:

1) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының нормаларын қатаң ұстану;

2) қолданыстағы бюджеттік және салықтық заңнамалар нормаларын сақтауды қамтамасыз ету;

3)өзіне немесе үшінші тұлғаға пайда алу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына жол бермеу;

4) қоғамдық талқылау үшін нормативтік құқықтық актілердің жобасын белгіленген мерзімде веб-порталда орналастыруды қамтамасыз ету;

5) қоғамдық талқылау және нормативтік құқықтық актілер жобасын келісімдеуді заңнамада белгіленген тіртіпте қамтамасыз ету;
6) нормативтік құқықтық актілер жобасына қажетті өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді олардың экономикалық тиімділігі және орындылығы тұрғысынан қамтамасыз ету.

3.4. тіршілік ету саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа да өзара қарым-қатынастарда

1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау;

2) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктерді және артықшылықтарды алу немесе шығарып алу мақсатында ресми жариялауға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты таратуға болмайды;

4) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

5) ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға.

4. Өзге де шектеулер мен тыйымдар:

1) мемлекеттік қызмет атқарумен үйлесімсіз қызметті жүзеге асыру;


2) егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет