ҚҰрылыстық нормалар және ережелер



жүктеу 1.56 Mb.
бет1/7
Дата05.01.2018
өлшемі1.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ЖҮЙЕЛЕРIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРI
Енгізілген күні – 2012.05.01

1 Қолдану саласы
1.1 Осы Су жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасының ережелері (ары қарай мәтін бойынша – Ережелер) Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңына, су жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын реттейтін нормативті құқықтық және техникалық актілерге сәйкес әзірленген.

1.2 Ереже Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және олардың талаптары суды бұру жүйесін пайдаланушы ұйымдарды қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру кезінде, сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінің жөндеу жұмыстарын жүргізу, технологиялық процесстер мен операцияларды ұйымдастыру кезінде ескерілуі тиіс.

1.3 Сумен жабдықтау және суды бұру кәсіпорындарында құрылыстың, жабдықтың және процесстердің әрбір типі үшін осы Ереженің талаптарын ескеретін, оларды пайдалану кезінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленуі және орындалуы қажет.

1.4 Осы Ережені толықтыратын қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды немесе пайдалану кезінде жабдықтар мен технологиялық процесстерді алмастырған соң туындайтын және осы Ережелермен ескерілмеген талаптарды белгіленген тәртіпте бекітілген және енгізуші ұйымдармен жасалған нұсқамаларға сәйкес орындау қажет.

1.5 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің құрылыстарында жер, көтеру-тасымалдау, дәнекерлеу, пісіру және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ шеберхана шарттарында жабдықтарды жөндеу кезінде жұмыстардың сәйкес түрі бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің талаптарын орындау қажет.

2 Нормативті сілтемелер
Осы Ережелерді қолдану үшін келесі сілтемелік нормативті құжаттар қажет:

«Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 03.04.2002 жылғы № 314-II Заңы.

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II ҚРЗ Заңы.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Заңы.

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266-II Заңы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 Қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2126 Қаулысымен бекітілген «Су жылытатын және бу қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №2157 Қаулысымен бекітілген «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2117 Қаулысымен бекітілген «Көтергіш-көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтарындағы №16 Қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы №259 Қаулысымен бекітілген «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтарындағы №49 Қаулысымен бекітілген «Бу және ыстық су құбырының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамызындағы №803 Қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамызындағы №796 Қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім).

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан. Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-II Кодексі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III ҚРЗ Еңбек Кодексі.

Қазақстан Республикасының 16.07.1997 жылғы №167 Қылмыстық кодексі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 09.01.2007 жылғы №212-ІІІ Экологиялық Кодексі.

ҚР ҚНжЕ 1.02-01-2007 «Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы туралы нұсқаулық».

ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 «Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздігі техникасы».

ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009* «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі».

ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы».

ҚР ҚНжЕ 3.02-09-2010 «Өндірістік ғимараттар».

ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар».

ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006* «Ішкі су құбыры және ғимараттар кәрізі».

ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 «Жылыту, желдеткіш пен ауа алмастыру».

ҚР ҚН 1.04-03-2002 «Күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттарды және коммуналдық қызметтегі объектілерді пайдалануға қабылдау».

ҚНжЕ 2.04.03-85 «Кәріз. Сыртқы желілер мен құрылыстар».

ҚНжЕ 2.11.01-85* «Қоймалық ғимараттар».

ҚНжЕ 3.05.01-85 «Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер».

ҚНжЕ 3.05.04-85* «Сумен жабдықтау және кәріздің сыртқы желілері мен құрылыстары».

МҚН 2.04-03-2005 «Шудан қорғау».

ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026-2002 «Дабыл түстері, қауіпсіздік белгілері мен дабыл белгілеулері. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі».

ГОСТ 12.0.004-90 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбек қауіпсіздігіне оқытуды ұйымдастыру. Жалпы ережелер».

ГОСТ 12.1.001-89 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ультрадыбыс. Жалпы қауіпсіздік талаптары».

ГОСТ 12.1.003-83* «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Шу. Жалпы қауіпсіздік талаптары».

ГОСТ 12.1.004-91 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар».

ГОСТ 12.1.005-88 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар».

ГОСТ 12.1.044-89 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қауіпсіздігі. Көрсеткіштер атау тізімі және оларды анықтау әдістері».

ГОСТ 12.2.003-91 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік жабдық. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары».

ГОСТ 12.2.088-83* «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұңғымаларды игеру және жөндеуге арналған жер үсті жабдығы. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары».

ГОСТ 12.3.002-75* «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік процесстер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары».

ГОСТ 12.3.006-75 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Су өткізу және кәріз құрылыстары мен желістерін пайдалану. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары».

ГОСТ 12.3.020-80* «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Кәсіпорындарда жүкті жылжыту процесстері. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары».

ГОСТ 12.3.031-83 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Сынаппен жұмыс жасау. Қауіпсіздік талаптары».

ГОСТ 12.4.011-89 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмысшыларды қорғау құралдары. Жалпы талаптар және жіктелуі».

ГОСТ 12.4.034-2001 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары. Жіктелуі және таңбалануы».

ГОСТ 12.4.103-83 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Арнайы қорғаныс киімі, аяқ пен қолды жеке қорғау құралдары. Жіктеу».

ГОСТ 11086-76 «Натрий гипохлориді. Техникалық шарттар».

ГОСТ 25150-82 «Кәріз. Терминдер және анықтамалар».

ГОСТ 30852.2-2002 «Қолды электр жабдығы. Оқшаулау, жолдары, ағындар әне электр саңылаулары. Техникалық талаптар мен сынақтау әдістері».

ГОСТ 30852.5-2002 «Жарылыстан қорғалған электр жабдықтары».

ГОСТ 30852.11-2002 «Жарылыстан қорғалған электр жабдығы».

ГОСТ 30852.19-2002 «Жарылыстан қорғалған электр жабдығы».

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы №35 Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігінің ережелері».

Энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі Комитеті Төрағасының 2008 жылғы 17 шілдедегі №11-Б бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында электр қондырғыларды орнату ережелері».


Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі №825 Қаулысымен бекітілген «Темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк ережесi».

«Өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіп факторларының, еңбек процессінің ауырлығы мен күрделілігі көрсеткіштері бойынша еңбек шарттарын бағалау және жіктеудің гигиеналық талаптары» Р 2.2.755-99  басшылығы, 2000 жылғы 30 қарашадағы тіркеу номері ҚР АДЗ № 1.04.001.2000.

РҚ-02-02-94 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тау кен техникалық қадағалаудың 1994 жылғы 31 мамырдағы №16 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тау кен техникалық қадағалау құзырындағы кәсіпорындар, ұйымдар мен нысандардың басқарушы қызметкерлері мен мамандарының қауіпсіздік жөніндегі нұсқамаларды, нормалар мен ережелерді білуін тексеру тәртібі туралы ереже».

Қазақстан Республикасының ТЖМ министрінің 24.04.2009 жылғы №86 Бұйрығымен бекітілген «Жүк көтеру крандарының өнеркәсіптік қауіпсіз орнатылуы және қауіпсіз пайдаланылуына қойылатын талаптар».

Қазақстан Республикасының ТЖМ министрінің 24.04.2009 жылғы №86 Бұйрығымен бекітілген «Суға сүңгу жұмыстары кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары».

Қазақстан Республикасының ТЖМ министрінің 24.04.2009 жылғы №86 Бұйрығымен бекітілген «Бу мен ыстық су құбырларын қауіпсіз орнату және пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары».

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 18 қыркүйектегі №172 бұйрығымен бекітілген «Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары».

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 157-б Бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі нұсқамасын әзірлеу және бекіту ережелері».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы №721 Қаулысымен бекітілген «Тиісті уәкілетті органдармен еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында нормативті құқықтық актілерді қорғау ережелері».

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі №318 Бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндірістік нысандардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережесі».

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 200-б Бұйрығымен бекітілген «Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы типтік ереже».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №851 Қаулысымен бекітілген «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу ережелері».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы №1328 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау және жұмыс комиссияларының өкiлеттiктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгiлеу ережесi».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы №326 Қаулысымен бекітілген «Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесiн бекіту туралы».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелген апаттар, ауыртпалықтар мен катастрофалардың себебін тексеру ережелері».

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 203-ө Бұйрығымен бекітілген «Еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандардың міндетті мерзімді аттестациясын өткізу ережесі».

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 186-ө Бұйрығымен бекітілген «Әйелдер еңбегін қолдану тиым салынатын жұмыстардың, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеру және тасудың шекті нормаларының тізімі».

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 185-ө Бұйрығымен бекітілген «Жасы он сегізге толмаған жұмыскерлердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстар тізімі».

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы №205-ө Бұйрығымен бекітілген «Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды жүргiзу, нұсқау беру және олардың бiлiмiн тексеру ережесi».

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы №243 Бұйрығымен бекітілген «Олардың кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі» және «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық».

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №184-ө Бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесін» және «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен құрылғылармен қамтамасыз ету ережесі».

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2005 жылғы 4 наурыздағы №114-І Бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері».

Қазақстан Республикасының ТЖМ министрінің 24.04.2009 жылғы №86 бұйрығымен бекітілген «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жығы 25 қарашадағы №1650 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жол қозғалысының ережелері».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жығы 12 наурыздағы №316 Қаулысымен бекітілген «Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары».

Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау жөніндегі комитеттің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі №39 бұйрығымен келісілген «Жазатайым болғандарға бірінші медициналық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік нұсқамалар».

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрінің 2010 жылғы 26 қарашадағы №412 Бұйрығымен бекітілген «Химиялық зертханаларда өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы салалық талаптары».
ЕСКЕРТУ  Осы Мемлекеттік нормативті пайдалану кезінде сілтемелік нормативтік құжаттардың қолданыс күшін жыл сайын шығарылатын ақпараттық тізбелер мен көрсеткіштердің ағымдағы жылдық сандары және ай сайын шығарылатын ақпараттық бюллетеньдер мен көрсеткіштердің ағымдағы жылы жарияланған сандары бойынша тексерген жөн.

Егер сілтемелік құжат алмастырылса (өзгертілсе), онда осы Мемлекеттік нормативті қолдану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет.

Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай күші жойылса, онда оған сілтемесі бар ереже осы сілтемеге қатысты емес бөлігінде қолданылады.

3 Терминдер қысқартулары және анықтамаларымен
3.1 Осы Ережелерде ГОСТ 25150 сәйкес «Нормативті сілтемелер» бөліміне қосылған нормативті-техникалық құжаттар мен нормативті құқықтық актілерден алынған терминдер қолданылады.

3.2 Осы Ережелерде келесі қысқартулар қолданылады:

3.2.1  ЕӨҚ: Ерікті өрт сөндіру құрылымы.

3.2.2  ИТҚ: Инженерлік-техникалық қызметкерлер.

3.2.3  ШРК: Шекті-рауалы концентрациялар.

3.2.4  ЖҚҚ: Жеке қорғаныс құралдары.

3.2.5  КӘУЗ: Күшті әсер етуші улы заттар.

4 Жалпы ережелер
4.1 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелері нысандары қауіпсіздігінің жалпы талаптары
4.1.1 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарының барлық ғимараттары мен құрылыстары еңбек процесстерінің ең жоғарғы автоматизациясы мен механизациясын, қауіпсіз еңбек шарттарын құруды көздейтін, сондай-ақ қарапайым шарттарда, сондай-ақ апаттық жағдайларда қызмет көрсетуші қызметкерлер үшін санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық шарттардың қамтамасыз ететін, бекітілген жобалар бойынша салынуы қажет.

4.1.2 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің, соның ішінде қосалқы құрылыстарын тек оларды ҚР ҚН 1.04-03 талаптарына сәйкес арнайы комиссия қабылдаған соң ғана пайдаланысқа енгізуге жол беріледі.

4.1.3 Сумен жабдықтау және суды бұрудың жаңа немесе қайта құрылатын өндірістік нысандары «Ебе кауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу ережелеріне» және «Қазақстан Республикасында салынған нысандарды қабылдау бойынша қабылдау және жұмыс комиссиясының уәкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережелеріне» сәйкес және еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтауды мемлекеттік қадағалаудың тиісті органдарының қорытындысынсыз пайдалануға қабылдана алмайды.

4.1.4 Өндірістік және тұрмыстық ғимараттар мен жайлар ҚР ҚНжЕ 4.01-41, ҚР ҚНжЕ 3.02-09 және ҚНжЕ 3.05.01. талаптарына сәйкес жылыту, желдету, сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерімен, табиғи және жасанды жарық берумен жабдықталуы қажет.

4.1.5 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандары құрылыстарының аумағы қоршалуы, абаттандырылуы, көгалдандырылуы тиіс, сыртқы жарығымен және құрылысқа қауіпсіз кіру жолдарымен, сондай-ақ қажетті жол белгілері мен қауіпсіздік белгілерімен қамтамасыз етілуі қажет.

Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарының жайлары мен аумағындағы барлық қауіпті орындар сенімді түрде жабылуы немесе қоршалуы қажет. Қауіпті жерлерде ескерту белгілерін ілу қажет.

4.1.6 Аумақта ГОСТ 12.3.006 сәйкес технологиялық коммуникациялар, кіру жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарының қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ететін құрылғылар болуы қажет.

4.1.7 ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес сумен жабдықтау және суды бұру нысандарында периметр бойынша биіктігі 2,5 м тұйық қоршау мен техникалық қорғау құралдары, соның ішінде күзет жарығы, байланыс құралдары мен басқару пункті немесе қарауыл жайы бар бекеттің екі жақты зор дауысты дабыл беру жүйесі болуы қажет.

4.1.8 Оқыс оқиғалардың, апаттардың, ғимараттар мен құрылыстардың құлауына жол бермеу үшін олардың техникалық күйіне мерзімді сынақтары өткізілуі қажет.

Тексеру нәтижелері бойынша нысандардың іс жүзіндегі күйін көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық паспорттарына бегілер қойылады.

4.1.9 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің нысандарын пайдаланушы әрбір ұйымда алатын ауданның бас жоспарына байланысуы және техникалық деректерін көрсете отырып, желістер мен құрылыстардың атқарушы сызбаларының кешені болуы қажет.

4.1.10 Технологиялық процессті қайта құру және (немесе) жаңарту процессінде орнату кезінде (бастапқы жобамен қарастырылмаған), осы Ережелермен қарастырылмаған жұмыс әдістерін, материалдарды, заттарды, технологиялық жарақтарды, жабдықтар мен көлік құралдарын қолдануды тиісті мемлекеттік стандарттардың талаптарын, сондай-ақ белгіленген тәртіпте бекітілген ережелерді, нұсқамаларды, ұсыныстар мен нұсқауларды орындай отырып жүргізу қажет.

Ондайлар болмаған жағдайда, тиісті құжаттама әзірленуі тиіс және «Жұмыс берушіңнің еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарын әзірлеу және бекіту ережелеріне» және «Тиісті уәкілетті органдардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы нормативті құқықтық актілерді қабылдау ережелеріне» сәйкес белгіленген тәртіпте міндетті бекітумен жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің шарттары мен еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында әрбір жағдайда осы жабдықтардың қолдану рауалығы анықталуы тиіс.
4.2 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінің технологиялық жабдықтар қауіпсіздігінің жалпы талаптары

4.2.1 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің технологиялық (өндірістік) жабдығы (ары қарай – жабдық) мемлекеттік стандарттар талаптарына сай келуі қажет.

4.2.2 Жабдықтар монтаждау (қайта монтаждау), пайдалану, жөндеу, тасымалдау және сақтау кезінде, жеке немесе технологиялық кешендер мен жүйелер құрамында қолдану кезінде қауіпсіз болуы қажет.

4.2.3 Әрбір технологиялық кешен мен автономды қолданылатын сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің жабдығы пайдалану құжаттамасымен жарақтандырылуы қажет, бұл құжат монтаждау (қайта монтаждау), пайдалануға енгізу және жабдықты пайдалану кезінде қауіпті (соның ішінде өрт жарылыс қауіпті) жағдайлардың туындауына жол бермейтін талаптарды белгілеуі, сондай-ақ конструкцияға кірмейтін жұмыс жасаушыны қорғау құралдары мен әдістерін пайдалану қажеттілігін айқындайтын талаптарды қамтуы қажет.

4.2.4 Жабдық пайдалану құжаттамасында белгіленген талаптарды пайдаланушы орындаған шартта пайдаланудың барлық мерзімі аралығында қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс.

4.2.5 Жабдық пайдалану процессінде мемлекеттік стандарттар мен санитарлық нормалармен белгіленген рауалы мәндерден жоғары мөлшерде зиянды микроағзалар мен зиянды заттардың лақтырындыларымен қоршаған табиғи ортаны ластамауы тиіс.

4.2.6 Электр күш қондырмалары, тарату құрылғылары, қосалқы станциялар, диспетчерлік және технологиялық басқарманың байланыс құралдары РҚ 34 ҚР 20/03.501/202 және «Қазақстан Республикасының электр қондырмаларын құру ережелері» талаптарына сәйкес пайдаланылуы қажет.

4.2.7 Жабдықтарды өндірістік жайларда және жұмыс орындарында орнату қызметкерлер үшін қауіп төндірмеуі қажет.

4.2.8 Жабдықтар арасындағы қашықтық цех ішіндегі көлік тұрағы мен қауіпсіз өту жолы үшін, олардың жөндеуі мен қызмет көрсетуімен айналысатын қызметкерлердің еркін өтуі үшін жеткілікті болуы қажет.

Өту жолдарының ені жабдықтың орналасуына, тасымалдау әдісіне, бөлшектер мен бұйымдар типі мен мөлшеріне байланысты, дегенмен барлық шарттарда ол 1 м кем болмауы тиіс.

Өндіруші-кәсіпорынмен рұқсат етілген жабдық айналысындағы өту жолдарын паспорттық деректер бойынша қабылдау қажет.

Жүктерді автомашиналармен тасымалдау үшін өту жолдарының ені 3,5 м кем болмауы тиіс. Өту жолдары мен кіре-берістерді, сондай-ақ жұмыс орындарын әртүрлі заттар мен бұйымдармен бөгеуге рұқсат етілмейді.

Өтпе жолдар мен кіре-берістер таза әрі ұқыпты ұсталуы қажет.

4.2.9 Жабдықтар мақсаты бойынша қолданылуы тиіс және өндіруші-кәсіпорын белгілеген шарттарда қолданылуы қажет.

4.2.10 Жабдықтарды олардың конструкциясында қарастырылған қоршау құрылғыларынсыз, сақтау құрылғыларынсыз, бұғаттауларсыз, дабыл беру жүйелерінсіз және қызметкерлердің басқа да жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарынсыз пайдалануға рұқсат етілмейді.

4.2.11 Жабдықпен жұмыс жасауға арнайы білім алған және белгіленген тәртіпте білімін тексеруден өткен қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі. Жабдықты басқаруды және оған қызмет көрсетуге білім алмаған қызметкерлерді жіберуге, қызметкерлер бақылауын талап ететін жұмыс жасайтын жабдықты қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

4.2.12 Жабдықты қосу, іске қосу және жұмыс жасайтын жабдықты бақылауды оған бекітілген тұлға ғана жүргізуі қажет.

4.2.13 Жабдықты монтаждау (қайта монтаждау) өндіруші-кәсіпорынның нұсқамаларына сәйкес және жабдықтың ақаусыз жұмыс жасауы үшін жауапты тұлғаның және аталған жұмыстарды орындаушы қызметкерлер бағынатын тұлғаның басшылығымен жүргізілуі қажет.

4.2.14 Қауіпті өндірістік нысандардағы техникалық құрылғылар еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары мен өндіруші зауыттың техникалық шарттарына сәйкес орнатылуы және қолданылуы қажет.

4.2.15 Тікелей жабдыққа орнатылған бақылау-өлшеу аспаптары бақылау және қызмет көрсету үшін ыңғайлы болуы және онда олардың мақсатын айқындаушы жазулары болуы қажет.

4.2.16 Ақаулығы бар аттестацияланбаған бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ тексеру мерзімі өткен аспаптарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

4.2.17 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарында тексеру, оларды жөндеу немесе алмастыру мерзімділігі мен көлемін айқындаушы бақылау және қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар әзірленуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет