ҚҰрылыстық нормалар



жүктеу 319.99 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі319.99 Kb.

ҚР ҚН 4.04-04-2018

СН РК 4.04-04-2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ҚАЛАЛАРДЫ, ПОСЕЛКЕЛЕРДІ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ

СЫРТҚЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАРЫҚТАНДЫРУ
НАРУЖНОЕ ЭЛЕКТРИЧЕСКОЕ ОСВЕЩЕНИЕ ГОРОДОВ, ПОСЕЛКОВ И СЕЛЬСКИХ НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТОВ
Енгізiлген күнi - 2018-ХХ-ХХ
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы құрылыс нормалары елдімекендердің шегінде жаңадан салынып жатқан және қайта құрылатын сыртқы электрлік жарықтандыру қондырғыларын жобалауға қойылатын талаптарды орнатады:

- көшелер, жолдар және алаңдар, көлік және жаяу жүргіншілердің қиылыстары мен тоннельдері;

- ықшам аудандар, бала-бақшалар/бөбекжайлар, оқу орындары, қонақүйлер, пансионаттар, шипажайлар, ауруханалар, демалыс үйлері, саябақтар, скверлер, ашық спорттық құрылыстар, көрмелер;

- сәулеттік және ландшафттық жарықтандыру және жарықты жарнама қондырғылары.

1.2 Осы құрылыс нормалары арнайы мақсаттағы саябақтардың және бау-бақтардың (хайуанаттар бағы, ботаникалық бақтар) аумақтарын, теміржол станцияларын және платформаларды, теміржол тоннельдерін және метрополитен тоннельдерін, айлақтарын, аэродромдарын, елдімекендерден тыс жалпы тораптық автомобиль жолдарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарын, жол белгілерінің және көрсеткіштердің жарығын, мерекелік жарықты сауықтарды, мерекелік жарық инсталляцияларын және мерекелік жарықтандыруды, сонымен қатар витриналық жарықтандыруды сыртқы электрлік жарықтандыру қондырғыларын жобалауға тарамайды.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:

«Электр қондырғыларын орнату ережелері», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1355 қаулысымен бекітілген.

ЕСКЕРТПЕ Осы мемлекеттік нормативті қолданған кезде сілтеме жасалатын құжаттардың әрекетін жыл сайын ағымдағы жыл жағдайына құрастырылатын ақпараттық «Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілердің тізімі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар көрсеткіші» және «Мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткіші» бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме жасалатын құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы нормативті қолданған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер сілтеме жасалатын құжат ауыстырылмай өзгертілген болса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлімде қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

Осы құрылыс нормаларында 2-бөлімде көрсетілген сілтемелік нормативтік құжаттарда келтірілген терминдер қолданылады.


4 СЫРТҚЫ ЭЛЕКТРЛІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4.1 Көше-жол торабын, жаяу жүргінші кеңістіктерін және тұрғын аудандардың аумақтарын сыртқы электрлік жарықтандырудың мақсаттары болып табылады:

- көліктің, жаяу жүргіншілердің және велосипедшілердің қозғалу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- визуалдық және психологиялық жайлылықты құру.

Сыртқы электрлік жарықтандыру келесі міндеттерді орындауы тиіс:

- жол ахуалын сенімді және дер кезінде қабылдау үшін қажетті жарықтылық деңгейін қамтамасыз ету;

- визуалды бағдарлануды қамтамасыз ету және көлік құралдарының, велисопедшілердің және жаяу жүргіншілердің қозғалу бағытын белгілеу;

- жарықтандыру және жүргінші, жаяу жүргінші бөлігінің қозғалысқа қатысушылар үшін елеулі барлық ерекшеліктерін көрсету.

4.2 Сәулеттік жарықтандыру мақсаттары:

- түнгі қаланың бейнелі көрінісін құру;

- түнгі уақытта қаланың тарихи орталығын және туристік орындарды коммерциялық және әлеуметтік пайдалануға атсалысу;

- қаланың жарықты ортасының жайлылығын арттыру;

- тәуліктің қараңғы мезгілінде жарықтандырылатын объектінің күндізгі түріне максималды жақындатылған бейнесін түзу немесе күндізгі түрінен ерекшеленетін түнгі бейнесін құру мақсатында объектінің жекелеген сәулеттік элементтерін жарықтандыру.

Сәулеттік жарықтандыру келесі міндеттерді орындауы тиіс:

- жарықтандырылатын объектілердің жақсы көрінуін және айқындылығын қамтамасыз ету;

- жарықтандырылатын объектінің қоршаған жарық ортасына визуалды бірігуін қамтамасыз ету;

- жарық жайлылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

5 СЫРТҚЫ ЭЛЕКТРЛІК ЖАРЫҚТАНДЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ФУНКЦИОНАЛДЫ ТАЛАПТАР
5.1 Сыртқы электрлік жарықтандыру қондырғыларын жобалау кезінде қамтамасыз етілуі тиіс:

- жарықтандырушы қондырғылардың сандық және сапалық көрсеткіштерінің нормаланған шамалары;

- жарық көздерінің қажетті спектральдық сипаттамалары;

- ескертуші түрлі-түсті объектілерді және жазбаларды қалыпты қабылдау;

- қондырғылардың үнемділігі және электр энергиясын оңтайлы пайдалану;

- жарықтандырушы қондырғылар жұмысының сенімділігі;

- қызмет көрсетуші персонал және тұрғындар үшін қауіпсіздік;

- жарықтандырғыш қондырғыларды басқару және қызмет көрсету қолайлығы;

- энергияны үнемдеу;

- қоршаған ортаны жарықтық ластанудан қорғау.

5.2 Сыртқы электрлік жарықтандырудың жарықтандырғыш қондырғысы келесілер үшін қажет болған жағдайда сапалы түстің берілісін қамтамасыз етуі тиіс:

- жүргізушінің және велосипедшінің навигациясы;

- жаяу жүргіншінің бағдарлануы;

- адамдарды немесе объектілерді, соның ішінде тұлғаларды тану қажет болғанда сәйкестендіру;

- түсті телевизиялық таратылымдарды және үлдірге жазуды жүзеге асыру.
6 СЫРТҚЫ ЭЛЕКТРЛІК ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫ ЖОБАЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
6.1 Сыртқы электрлік жарықтандыру қондырғыларын жобалау кезінде осы құрылыс нормаларының, ҚР ҚН 2.04-01 және «Электр қондырғыларын орнату ережелерінің» жарық техникалық және электр техникалық бөлігіне қойылатын талаптарды орындау керек.

6.2 Сыртқы электрлік жарықтандыру қондырғыларын жобалау кезінде діңгектерді және жарықтандырғыш аспаптарды таңдау жарықтанатын аймақтың сәулеттік-жоспарлау ерекшеліктерін және оның күндізгі, кешкі және түнгі мезгілде қабылдануын ескере отырып жүргізілуі тиіс.

6.3 Жарықтандыру жүйесін, жарық көздерін, жарық аспаптарының типін, схемаларын және олардың орналасу координатын таңдау техникалық-экономикалық талдау негізінде жүргізілуі тиіс.

6.4 Сыртқы жарықтандыру жабдығының дизайнын таңдауды сәулеттік пейзажды және қалалық ландшафтты ескере отырып жүзеге асыру керек.

6.5 Жарықпен бүркемелеу қарастырылған шаруашылық объектілерін және елдімекендердің сыртқы электрлі жарықтануын жобалау кезінде азаматтық қорғаныс нормативтерімен орнатылған жарық техникалық және электр техникалық бөлікке қойылатын талаптарды ескеру керек.

6.6 Аэродром маңындағы аумақтарда сыртқы электрлі жарықтандыруды жобалау кезінде аэродромдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын ескеру керек.

6.7 Теміржолдарға және кеме жүзетін ішкі су жолдарына жалғасып жатқан аймақтарда орнатылған сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларымен қамтамасыз етілетін жарық теміржол белгілерінің және теміржолдық бағдаршам дабылының немесе навигациялық белгілердің және оттардың анық көрінуіне, сонымен қатар теміржол немесе су көлігін басқаратын тұлғалардың осы белгілерді, сигналдарды және оттарды тани білу қабілетіне кедергі келтірмеуі тиіс.

Сыртқы жарықтануда пайдаланылатын түстер сигналды оттарда пайдаланылатын түстермен шиелініс тудырмауы немесе жаңылыстырмауы тиіс.

6.8 Сыртқы электрлі жарықтандырудың жарықтандырғыш қондырғыларында пайдаланылатын жабдықтар мен материалдар сертификатталуы және Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы (белгіленген тәртіпте пайдалануға жіберілген) техникалық регламенттердің және стандарттардың талаптарына, желінің номиналды кернеуіне және қоршаған ортаның шарттарына сәйкес болуы тиіс. Шырақтар өрт қауіпсіздігі нормаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

6.9 Сыртқы жарықтандыру қондырғыларында төмен және жоғары қысымды газразрядтық шамдардың, қыздыру шамдарының және жарық диодты шамдардың базасында жарық көздерін қолдануға жол беріледі.

6.10 Сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларында арматурасыз ашық шамдарды қолдануға жол берілмейді.

6.11 Сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларын жүйелі түрде қосуға және сөндіруге есептелген стационарлы етіп орындау керек.

6.12 Сыртқы электрлі жарықтандыру нормаларының сандық және сапалық көрсеткіштері жарықтандырушы қондырғыларда пайдаланылатын кез келген жарық көздері үшін бірдей болып қабылдануы және осы құрылыс нормаларына және
ҚР ҚН 2.04-01 сәйкес болуы тиіс.

6.13 Әртүрлі мақсаттағы алаңдарды жарықтандыру есебі алаңдардың сәйкес функционалды аймақтарында нормаланатын шамаларды қамтамасыз етуді ескере отырып жүргізілуі тиіс.

6.14 Жарықтандырғыш қондырғыларды жобалау және орналастыру кезінде қажетті немесе қалаулы болып табылмайтын бағыттарда жарықтың таралуын азайтуға шараларды қабылдау керек.

6.15 Сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларының шырақтары үшін түс берілісінің индексі бойынша жарық көздерін таңдауды (Ra) жарықтандыру қондырғысының тағайындалуына байланысты жүзеге асыру керек:

- тұрғындар аймағындағы өтпе жолдарды және қала көшелерін жарықтандыру үшін арналған қондырғыларда жарық көзі 20-дан кем емес Ra ие болуы тиіс;

- әлеуметтік белсенділік орталықтары болып табылатын және тәуліктің қараңғы мезгілінде қарқынды жүргінші қозғалысы жүзеге асатын қаланың қоғамдық орталығын, сауда көшелерін, бульварларды, аллеяларды және басқа орындарды жарықтандыруға арналған қондырғыларда жарық көзі Ra кем дегенде 60 болуы тиіс;

- қылмыс жиі жасалатын аудандарда және құқық қорғау органдары сыртқы бейнебақылау камераларын пайдалану орындарында орнатылатын сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларында Ra кем дегенде 80 болатын жарық көздерін пайдалану керек.

6.16 Қондырғы шырағының қабықшасымен қамтамасыз етілетін қорғаныс дәрежесіне, қоршаған ортаның ластану санатына және шырақты тазалау арасындағы интервалға байланысты сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларын жобалау нормативтерге сәйкес қабылдау керек.

6.17 Сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларының тіректері мен инженерлік коммуникациялар арасындағы арақашықтықты ҚР ҚНжЕ 3.01-01, ҚР ҚН 4.03-01 және «Электр қондырғыларды орнату ережелерімен» орнатылған талаптарға сәйкес қабылдау керек.

6.18 Сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларын жобалау кезінде олардың кездейсоқ немесе қасақана зақымдалуынан қорғау бойынша шараларды қарастыру керек. 

6.19 Көше-жол торабының, тұрғын аудандар аумақтарының және басқа жарықтандырылатын аумақтардың сыртқы электрлі жарықтандырылуын қосу табиғи жарықтылық деңгейі 20 лк-ден төмен болғанда қосылады, ал табиғи жарықтылық 10 лк-ден жоғары болғанда сөндіріледі.

Жаяу жүргінші тоннельдерінің жарығын күндізгі режимнен кешкі және түнгі режимге немесе түнгі режимнен күндізгі режимге ауыстырып қосу көшелердің, жолдардың және алаңдардың жарығын қосумен және сөндірумен бір мезгілде жүргізілуі тиіс.

Автокөлік тоннельдерінің жарығын түнгі режимнен күндізгі режимге және керісінше ауыстырып қосуды кіру порталының жанындағы табиғи көлденең жарықтылық сәйкесінше 100 лк-ге дейін жоғарылағанда немесе түскенде жүргізу керек.

Сәулеттік жарықтандыруды және жарықты жарнаманы қосуды және сөндіруді басқаруды әртүрлі бағдарламалар бойынша жүзеге асыруға жол беріледі.

6.20 Сыртқы электрлі жарықтандыруды қосу және сөндіру уақытының жарық күнтізбесі (соның ішінде ҚР ҚН 2.04-02 сәйкес шырақтардың бөлігін түнге қарай сөндіру уақыты) әкімшілік-аумақтық бірлік жергілікті өзін-өзі басқару органымен орнатылады.
7 КӨШЕ-ЖОЛ ТОРАБЫН ЖӘНЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ КЕҢІСТІКТЕРІН СЫРТҚЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫ ЖОБАЛАУ
7.1 Көшелердің, жолдардың және алаңдардың, жаяу жүргінші кеңістіктерін сыртқы электрмен жарықтандыруды жобалау келесілерді ескере отырып орындалуы тиіс:

- таяудағы 5 немесе одан асатын жылға бағыттар бойынша қозғалыстың есептік қарқындылығы;

- көшелердің, жолдардың және алаңдардың, жаяу жүргінші кеңістіктерінің санаттылығы;

- жол жабындарының жарық шағылыстыру сипаттамалары және көгалдандыру бойынша шешімдер.

Қалалық елдімекендердің көше-жол торабын жарықтандыру бойынша жіктеуді, жаяу жүргінші кеңістіктерінің жіктемесін ҚР ҚН 2.04-01 талаптары бойынша қабылдайды.

7.2 Қалалық елдімекендердің көше-жол торабының жарықтылығының және ашықтығының нормаланатын , жаяу жүргіншілер кеңістіктерін ҚР ҚН 2.04-01 бойынша қабылдайды.

Ауылдық елдімекендердің көше-жол торабы жарықтылығының нормаланатын көрсеткіштерін, автожанармай құю станцияларын, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өтпе жолдарын және тоннельдерін, сонымен қатар тұрғын үйлердің және емдеу-профилактикалық мекемелер палаталарының терезелеріндегі тігінен жарықтылықты ҚР ҚН 2.04-01 талаптары бойынша қабылдайды.

Автокөлік тоннельдерін жасанды электрлі жарықтандырудың нормаланатын параметрлерін ҚР ҚН 2.04-01 талаптары бойынша қабылдайды.

7.3 Ашық автомобиль тұрақтарының, көп деңгейлі автомобиль тұрақтарының ашық жоғарғы ярустарының, автомобильді тұраққа қою орындарының және велосипедтерді қою орындарының орташа көлденең жарықтылығын (Еср) тұрақ (қою орны) бойынша қозғалу қарқындылығына байланысты таңдау керек:

- көлік құралдары қозғалысының қарқындылығы төмен тұрақтар (қою орындары) үшін Еср кем дегенде 6 лк болуы тиіс;

- көлік құралдары қозғалысының қарқындылығы жоғары тұрақтар (қою орындары) үшін Еср кем дегенде 15 лк болуы тиіс.

Жартылай цилиндрлі жарықтылық 1 лк-ден төмен болмауы тиіс, ал жарықтылықтың біркелкілігі Еминср (мұнда Емин – минималды көлденең жарықтылық, лк) тұрақ (көлік кқою орны) бойынша көлік құралдарының қозғалу қарқындылығына тәуелсіз 0,2-ден төмен болмауы тиіс.


ЕСКЕРТПЕ Қозғалу қарқындылығы төмен тұрақтың (көлік қою орындарының) мысалы дүкендердің, тұрғын үйлердің көлік қою аймақтары, велосипед қою орындары болып табылады.  Қозғалыс қарқындылығы жоғары тұрақтың (көлік қою орнының) мысалдары супер және гипер маркеттердің, ірі әкімшілік және офистік ғимараттардың, зауыттардың, спорт, ойын-сауық және көп функциялы кешендерінің, оқу мекемелерінің, мәдениет-сауық мекемелерінің, діни мекемелердің және т.б. көлік қою аймақтары болып табылады.
Тұрақтарды және көлік қою орындарын жарықтандыру үшін жылы ақ түсті немесе Rа кем дегенде 20 болатын тең энергетикалық ақ түсті жарық көздерімен шырақтарды пайдалану керек.

Тек жаяу жүргінші қозғалатын аймақтарды – баспалдақтарды, жеделсаты алаңдарын, төлем кассаларын және терминалдарды жарықтандыруды ҚР ҚН 4.02-04 тиісті нормалары бойынша қарастыру керек.

7.4 Веложолдардағы орташа көлденең жарықтылық (Еср) жолдың барлық алаңы бойынша 0,3 асатын немесе тең Еминср жарықтылықтың біркелкілігінде кем дегенде 5 лк болуы тиіс, мұнда Емин – минималды көлденең жарықтылық, лк.

7.5 Теміржол өткелдерінің жарықтандырылуын теміржол көлігінің объектілерін жасанды жарықтандыру нормаларын ескере отырып жобалау керек.

7.6 Шиеленісті алаңдарды жарықтандыру жарықтылықтың нормаланатын көрсеткіштері бойынша жобалануы тиіс. Егер қандай да бір факторлар жарықтықты есептеуге және өлшеуге кедергі келтіретін болса (мысалы, учаскедегі көрінушілік шектелген), жарықтандырылудың нормаланатын көрсеткіштері бойныша жарықтандыруды жобалауға жол беріледі.

Жарықтану кластары бойынша көрші учаскелер арасындағы айырмашылық екі кластан жоғарыны құрамауы тиіс, бұл жағдайда әлдеқайда жолғары класты аудан басым.

7.7 Жерүстіндік жолды сыртқы электрлік жарықтандыру қондырғылары ең жерүстіндік жолды жарықтандыру бойынша класстың, сондай-ақ оған параллель жолдардың әрқайсысын жарықтандыру бойынша класстың талаптарына жауап беруі тиіс (жердегі дублер-жолдар, айналма учаскелер, кіреберіс жолдар, кіру жолдары).

7.8 Жерасты жаяу жүргінші өтпе жолдарында және жаяу жүргінші тоннельдерінде тік беттердің жарықтандырылуын қамтамасыз ету керек.

7.9 Жерүсті жаяу жүргінші өтпе жолдарында және жаяу жүргінші көпірлерінде басқыш іргелері мен басқыштардың арасындағы айырмашылық әртүрлі материалдарды немесе әрлеудің әртүрлі түрлерін және түстерін пайдалану есебінен ерекшеленіп көрсетілсе де, басқыштар іргесінің жарықтануы баспалдақтардың басқыштарының жарықтандырылуынан ерекшеленуі және визуалды контрастты құруы тиіс.

7.10 Ұзындығы 80 м асатын немесе тармақталуға иелік ететін жаяу жүргінші тоннельдерінде қозғалыс бағытын көрсеткіштерді орнату керек. Көрсеткіштер еденнен 1,8 м биіктікте қабырғаларда немесе бағаналарда орналасуы тиіс.

Көрсетілген тоннельдердегі қозғалыс бағытын көрсеткіштер мен жасанды жарықтандыру тәулік бойы қосылулы болуы тиіс.

7.11 Көшелерді және жолдарды сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларының тіректерін орналастыру жүргінші бөліктің конфигурациясын, қозғалысты ұйымдастыру схемасын және көгалдандыру бойынша шешімдерді ескере отырып таңдалуы тиіс және жарықтылықтың нормаланатын көрсеткіштерін қамтамасыз етуі тиіс.

7.12 Көшелерді және жолдарды сыртқы электрлі жарықтандыру тіректерінің желісі жолдың бағытын анық және бір мағыналы көрсетуі тиіс. Жарықтандыру тіректерін орнату желілерінің кез келген өзгерістері жүргінші бөлік конфигурациясының өзгерістерімен байланысты болуы тиіс.

7.13 Жүргінші бөлікті бойлай сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларының тіректерін орналастыруды, жалғасып жатқан жүргінші бөлік бойынша қозғалыстың есептік жылдамдығын ескере отырып жүзеге асыру керек.

7.14 Инженерлік құрылыстардағы (көпірлердегі, жол өтпелеріндегі, эстакадалардағы және т.с.с.) сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларының тіректерін қоршаулардың жармасына орнату керек.

7.15 Аллеялардағы, жаяу жүргінші жолдарындағы және велосипед жолдарындағы сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларының тіректері жаяу жүргінші бөлігінен тыс орналасуы тиіс.

7.16 Жүргінші бөлікке тікелей түйісетін ені 3 м және одан аз тротуарлармен жабдықталған ықшам аудандардағы жолдарды бойлай сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларының тіректерін тротуардың артына орналастыру керек. Егер тротуар жүргінші бөліктен бөлгіш жолақпен (көгалмен) бөлектенген болса, тіректерді бөлгіш жолаққа (көгалға) орналастыру керек.

7.17 Көше немесе жолдың жүргінші бөлігі мен өрт гидранты арасына сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларының тіректерін орналастыруға жол берілмейді.

7.18 Көпірлердің, жол өтпелерінің және эстакадалардың алдында сыртқы электрлі жарықтандыру шырақтарын орналастыру шырақтардан түскен жарық көзді шағылыстырмайтындай және көпірдің жоғарғы нүктесі арқылы өткенде жүргізушілерге тітіркендіргіш әсер көрсетпейтіндей болуы тиіс.

7.19 Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының тіректерін және жабдығын орналастыру оны пайдалану немесе қызмет көрсету үшін қажетті тараптық заңды және жеке тұлғалардың меншік объектілеріне қатынауды шектемеуі немесе қиындатпауы тиіс.

Қондырғылардың тіректерін мүмкіндігінше сәулеттік құндылық болып табылатын ескерткіштерді және ғимараттарды немесе көркем көріністерді бөгемейтіндей түрде орналастыру керек.

7.20 Сыртқы электрлі жарықтандыру тіректерінің типтері негізгі құрылыс материалдарының үнемді пайдаланылуын ескере отырып қабылдануы тиіс.

7.21 Автокөліктер қарқынды қозғалатын және жаяу жүргіншілер аз жүретін көшелерді, жолдарды және алаңдарды бойлай, сонымен қатар автокөліктің тірекпен соқтығысуы ықтималдығы жоғары болғанда тез қирайтын немесе энергия жұтатын тіректерді орнатуды қарастыру керек.

7.22 Көліктік жол айырықтарының және қалалық алаңдардың жарықтандырғыш қондырғылары үшін жоғары тіректерді (20 м және одан асатын) пайдалануға тиісті техникалық-экономикалық негіздемеде және шырақтарға қызмет көрсету қолайлығын қамтамасыз етуде жол беріледі.

7.23 Сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғылары тіректерінің жабын типін және бояу түрін қоршаған ортамен үйлестіріп таңдау керек. Қозғалыстың қауіпсіздігіне қатер төндіруге қабілетті қатты шағылыстырушы беттерді пайдалануға жол берілмейді.

7.24 Көшелердің, жолдардың және алаңдардың жүргінші бөлігін сыртқы жарықтандыру шырақтарын орнату биіктігін шырақ кронштейнінің төменгі нүктесі жүргінші бөліктің үстінде кем дегенде 5,7 м биіктіктен, арақашықтықтың ұзына бойында болатындай түрде таңдау керек.

Автокөліктің жүруі тыйым салынған жаяу жүргіншілердің кеңістігі үшін көрсетілген биіктік 2,1 м құрауы тиіс.

Көпірлердің, жол өтпелерінің және эстакадалардың жақтауларында шырақтарды орнатудың минималды биіктігі 10° кем емес қорғаныш бұрышын қамтамасыз ету және арнайы құралды қолданусыз қосуды реттейтін аппараттарға және шамдарға қатынау мүмкіндігін болдырмау шартында шектелмейді.

Трамвай және троллейбус қозғалысымен көшелерде, жолдарда және алаңдарда шырақтарды орнату биіктігін ҚНжЕ 2.05.09 сәйкес қабылдау керек.

Автокөліктік тоннельдің қабырғаларына шырақтарды орналастыру биіктігі кем дегенде 4 м болуы тиіс.

7.25 Шиеліністі алаңдар шегінде шырақтарды орналастыру биіктігі әдетте бірдей болуы және шиеліністі алаңнан шығатын және кіретін жерлерде шырақтарды орнату биіктігінен кем болмауы тиіс.

7.26 Ағаштар қатарласып отырғызылған көшелерде және жолдарда шырақтарды көшенің жүргінші бөлігіне қаратылған ұзартылған кронштейндерде ағаштардың бұталарынан тыс орнату керек немесе шырақтардың тросқа ілінуін қолдану керек.

Шырақтарды және электр желісін ілуге арналған тростарды ғимараттардың қоршаушы конструкцияларына тозымпұлдарды міндетті түрде қолданумен және осы конструкциялардың беріктігіне тексеруші есептерді жүргізумен бекітуге жол беріледі.

Барлық санаттағы көшелерге және жолдарға ілу биіктігіне қатысты шырақтарды ілу қадамының арақатынасы біржақты, осьтік немесе тікбұрышты орналастыру кезінде 5:1 аспауы және орналастырудың шахматты тәсілінде 7:1 аспауы тиіс.

Шырақтарды тростарға ілгенде шырақтардың желдің әсерінен шайқалуын болдырмау бойынша шаралар қабылдануы тиіс.

7.27 Тоннельдерде (автокөліктік және жүргіншілік) тек жабық шырақтар ғана қолданылуы тиіс. Жаяу жүргінші тоннельдерінде және өтпе жолдарында вандалға төзімді етіп жасалған шырақтар пайдаланылуы тиіс.

Автокөлік тоннельдерінде қорғау бұрышы кем дегенде 10º болатын шырақтар қолданылуы тиіс. Жүргінші бөліктің осіне параллель жазықтықта шырақтардың жарық күші 75º, 80º, 85º және 90º бұрыштардан сәйкесінше 1000 лм–ге 50 кд, 20 кд, 10 кд және 0 кд аспауы тиіс.

Жаяу жүргіншілер тоннельдерінде және жерасты өтпе жолдарында қорғаныстық бұрышы 15º кем емес немесе диффузалық және призматикалық шашыратқыштармен шырақтар, сонымен қатар созылыңқы жарық өткізгіштер пайдаланылуы тиіс.

7.28 Қорғау деңгейі бойынша сыртқы электрлі жарықтандыру шырақтарының орындалуы пайдалану шарттарына (қозғалыстың қарқындылығына, көшелердің және жолдардың шаңдануына, ылғал әсерінің сипатына және т.б.) сәйкес болуы тиіс.

Автокөлік тоннельдерінің шырақтары IP65 атқарылымында болуы тиіс.


8 АУМАҚТАРДЫҢ СЫРТҚЫ ЭЛЕКТРЛІК ЖАРЫҚТАН ДЫРЫЛУЫН ЖОБАЛАУ
8.1 1.1-де көрсетілген аумақтардың сыртқы электрлік жарықтандырылуын жобалауды олардың таяудағы 5-10 жылда даму келешегін назарға ала отырып орындау керек.

8.2 Бала-бақшалар/бөбекжайлардың, оқу мекемелерінің, қонақүйлердің, пансионаттардың, шипажайлардың, ауруханалардың, демалыс үйлерінің, саябақтардың, скверлердің, ашық спорттық құрылыстардың, көрмелердің аумақтарындағы кіреберістерді (келу, кету жолдарын), өтпе жолдарды, аллеяларды, өткелдерді жарықтандыруды 7-бөлімге сәйкес көше-жол торабына және жаяу жүргінші кеңістіктеріне қойылатын талаптарға сәйкес жобалау керек.

Балалардың ойын алаңдарын, столүстіндік ойындарға арналған алаңдарды, тыныш демалу аймақтарын, көпшілік демалатын орындарды, мәдени-бұқаралық қызмет көрсету алаңдарын, ашық эстрадалар алдындағы алаңқайларды, жазғы, ландшафттық және табиғи театрлардың көрермендер қатарын және осындай орындарды жарықтандыруды П2 жаяу жүргінші кеңістіктерін жарықтандыры класы бойынша, шаруашылық алаңқайларын – П5 жаяу жүргінші кеңістіктерін жарықтандыру класы бойынша, ғимараттардан тыс жұмыстардың өндірісіне және сабақтарды жүргізуге арналған алаңқайларды – ҚР ҚН 2.04-01 сәйкес көрермен жұмысының разрядына сәйкес жобалау керек.

Ашық спорттық құрылыстардың көрермендерге арналған аймақтарын және ойын алаңдарын жарықтандыруды нормативті талаптарды ескере отырып жобалау керек.

8.3 Спорттың түріне байланысты ашық спорттық құрылыстарды сыртқы электрлі жарықтандыруға қойылатын талаптар спорттың түріне байланысты. Нормаланатын көрсеткіштер негізгі ойын аймағы (тиісті белгілеумен шектелген «алаң» қамтитын және мысалы, теннисте, волейболда, регбиде ойыншылар пайдаланатын белгі айналасындағы қосымша аймақтар) үшін келтірілген.

Апаттық резервтік жарықтандыру жұмыстық жарықтандыру жоғалған сәтте қосылуы және жоғарыда көрсетілгеннен аз емес уақыт бойы жұмыс істеуі тиіс.



9 СӘУЛЕТТІК ЖАРЫҚТЫЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ЖАРЫҚТЫ ЖАРНАМАНЫ ЖОБАЛАУ
9.1 Объектілерді сәулеттік жарықтандыру мен жарықты жарнама түнгі уақытта елдімекенді жарықпен безендірудің бірыңғай кешені ретінде көшелердің, жолдардың және алаңдардың жарықтылығымен үйлесіп жобалануы тиіс.

9.2 Тәуліктің қараңғы мезгілінде сәулеттік жарықтандыру қарастырылатын объектілер елдімекендердің әкімдіктерімен және сәулетшілерімен келісу бойынша жобаларда анықталады.

9.3 Сәулеттік объектілерді жарықтандыру бойынша шешімдерді компьютерлік үлгілеуді пайдаланумен немесе жарықтандырылатын объектілерде тікелей тәжірибелік жарықтандырғыш құрылғылардың көмегімен макеттерде сынау керек.

9.4 Сәулеттік жарықтандыру айқындылығының нормаланатын параметрлерін


ҚР ҚН 2.04-02 бойынша қабылдайды.

9.5 Жарықты жарнаманың қондырғыларын жобалау жарық шешімінің қабылданған қағидасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс, ол бойынша олар келесі топтарға бөлінеді:

- ашық жарық көздерінен алынған жазбамен немесе көркем суретпен қондырғылар;

- ішінен жарықтанатын, жазбамен және сұлбасы көрінетін бейнелермен беткі жағы жарық шашатын материалдан жасалған транспарантты қондырғылар;

- жарықтандырушы аппаратураның көмегімен сыртынан жарықтанатын құлақтандырушы қысқа бағандар және жарнамалық қалқан типті қондырғылар;

- бейнепанельдер;

- жарық проекциялы жарнамалық беттер;

- жарық диодты панельдер.

9.6 Жарнамалық панельдердің және қалқандардың жарықтығының нормаланатын көрсеткіштерін ҚР ҚН 2.04-02 бойынша қабылдайды.

9.7 Ғимараттарда жарық проекциялық жарнамалық беттер ретінде тұрғын үйлердің саңылаусыз қабырғаларын ғана, сонымен қатар әкімшілік, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың қабырғаларын – үйлердің, ғимараттардың иелерімен келісе отырып пайдалануға жол беріледі .

9.8 Құлақтандырушы қысқа бағанды және жарнамалық қалқанды орналастыруды қараушылардың көзін қарықтырмайтындай етіп жүзеге асыру керек.

9.9 Жарық проекциялық жарнамалардың прожекторлары олардың шығыс саңылаулары қозғалыстың басты бағыттарындағы жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің орталық көру маңында болмайтындай түрде орналасуы немесе жарықтан қорғалған құрылғылармен экрандалуы тиіс.

9.10 Өзінің пішіні және түсі бойынша көліктердің және жаяу жүргіншілердің ағындарын реттейтін объектілердің пішінімен және түсімен сәйкес келетін көшелердегі, жолдардағы және алаңдардағы жарықты жарнаманың қондырғыларын жүргінші бөліктің бетінен 8 м төмен деңгейде орналастыруға жол берілмейді.

9.11 Саябақтарда және скверлерде ландшафтты жарықтандыруды ұйымдастыру кезінде төгілетін жарық прожекторларымен және ілеспе жарықтандыру шырақтарымен өтіп бара жатқан адамдардың көзін шағылыстыруға немесе саябаққа (скверге) жалғасып жатқан тұрғын аудандарды жарықпен мазалауға жол бермеу үшін шараларды қабылдау керек.

9.12 Жолдарға жалғасып жатқан төгілмелі жарықтандырудың және (немесе) ілестірме жарықтандырудың есебінен жарықтанатын саябақ жолдарының орташа көлденең жарықтылығы кем дегенде 1 лк болуы тиіс. Тегіс емес немесе басқыштары бар орындарда орташа көлденең жарықтылық кем дегенде 5 лк құрауы тиіс. Төгілетін жарықтандыруды ұйымдастыру кезінде көздің қайта бейімделуін туындататын және бағдарлануды қиындататын контрастты қара дақтардан сақтану қажет.

9.13 Жасыл көшеттерді, көгалдарды, гүлзарларды және клумбаларды жарықтандыру үшін пайдаланылатын жарықтандырушы аспаптар 10º кем емес қорғаныш бұрышына және 6000 лм аспайтын жиынтық жарық ағынына ие болуы тиіс.


10 СЫРТҚЫ ЭЛЕКТРЛІ ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
10.1 Сыртқы электрлі жарықтандыру желілерінде, әдетте, жерге тұйықталған нейтраль кезінде 380/220 В айнымалы ток кернеуін қолданады. Жарықтандырушы аспаптарды қоректендіру үшін, әдетте, 220 В айнымалы немесе тұрақты токтан жоғары емес кернеу қолданылуы тиіс.

Арнайы төмен орналасқан жарықтандырғыш аспаптарды пайдаланумен жасыл көшеттерді жарықтандыру қондырғыларында қауіптілігі жоғары үй-жайларға арналған шырақтарға «Электр қондырғыларын орнату ережелерімен» қойылатын талаптарды қадағалау шартында 220 В кернеуін қолдануға жол беріледі.

Бұрқақтарды және бассейндерді жарықтандыру қондырғыларында суға батырылатын жарықтандырғыш аспаптардың қорек кернеуі 12 В аспауы тиіс.
ЕСКЕРТПЕ Көшелерді, жолдарды және алаңдарды жарықтандыру қондырғыларында «Электр қондырғыларын орнату ережелерін» және келесі қосымша шарттарды қадағалаумен газразрядтық шамды шырақтарды қоректендіру үшін 380 В желілік кернеуді пайдалануға жол беріледі:

- шыраққа енгізілетін барлық фазалық сымдардың бір мезгілде сөндірілуі қарастырылуы тиіс;

- шыраққа  «380 В» кернеуін көрсетумен жақсы айқындалатын ерекшелеуші белгілер жазылуы тиіс;

- шыраққа кірме және тәуелсіз қосуды реттеуші аппарат кем дегенде 660 В кернеуге оқшауламалы кабельмен немесе сыммен орындалуы тиіс;

- 660/380 В жүйенің әртүрлі фазаларының екі немесе үш сымдарын шыраққа енгізуге жол берілмейді.
10.2 Сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғылары және оларды басқару құрылғылары электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талап бойынша келесі санаттарға жатқызылады:

- 1-ші санат – қалаларды сыртқы жарықтандыру желілерінің диспетчерлік пункттері;

- 2-ші санат – автокөліктік және жаяу жүргіншілік тоннельдердің жарықтандырғыш қондырғылары, А санатты көшелердің, жолдардың және алаңдардың жарықтандырғыш қондырғылары;

- 3-ші санат – қалған жарықтандырғыш қондырғылар.

Тәулік бойы жұмыс істейтін, ұзындығы 80м асатын автокөлік және жаяу жүргінші тоннельдерінің жарықтандырғыш қондырғыларын электрмен жабдықтау сенімділігін қосымша жоғарылату үшін 0,4 кВ кернеуге әртүрлі желілерге және екі трансформаторлы қосалқы станциялардың әртүрлі трансформаторларына немесе 6-10 кВ әртүрлі желілері бойынша қоректенетін екі жақын маңдағы бір трансформаторлық қосалқы станциялардың трансформаторларына қосылған кірме-таратқыш құрылғылардың әртүрлі секцияларынан қоректенуін қарастыру керек.

10.3 Сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларын электрмен жабдықтауды әдетте, жалпы пайдалану желісіне арналған трансформаторлардан қоректену орындары арқылы жүзеге асыру керек.

Егер техникалық және экономикалық тұрғыда ақталатын болса, сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларын электрмен жабдықтауды жеке трансформаторлық қосымша станциялардан немесе арнайы трансформаторлардан жүзеге асыруға жол беріледі.

Өртке қарсы су көздеріне (гидранттарға, су қоймаларына және т.б.) кіреберіс жолдардың жарықтандырылуын және олардың орналасқан жеріне жарықтандырылған көрсеткіштерді электрмен жабдықтауды сыртқы электрлі жарықтандыру желісінің түнгі режимінің фазаларынан немесе жақын маңдағы ғимараттардың тораптарынан жүзеге асыру керек.

10.4 Сыртқы электрлі жарықтандыру торабының желілері трансформаторлар фазаларының біркелкі жүктемесін ескере отырып, қорек тармақтарына қосылуы тиіс, бұл үшін жекелеген желілерді әртүрлі фазаларға немесе фазалардың сәйкес кезектесуімен қосу керек.

10.5 Ықшам ауданның аумағын жарықтандыру шырақтарын қоректендіруді елдімекенде қабылданған пайдалану жүйесіне байланысты сыртқы электрлі жарықтандырудың қорек пунттерінен тікелей немесе жанындағы көшені жарықтандыру желілерінен жүзеге асыру керек (А санатындағы көшелер торабын қоспағанда), бала-бақшалардың/бөбекжайлардың, оқу мекемелерінің, пансионаттардың, шипажайлардың, ауруханалардың, демалыс үйлерінің аумақтарын сыртқы электрлі жарықтандыру шырақтарын – осы ғимараттардың кірме құрылғыларынан немесе трансформаторлық қосалқы станциялардан қоректендіру керек.

10.6 Кернеуі 42 В дейін болатын шырақтардың қорегі бөлгіш трансформаторлардан немесе автономды қорек көздерінен жүргізілуі тиіс. 42 В дейін шырақтарды қоректендіру үшін пайдаланылатын трансформаторлар жоғары кернеу тарапынан қорғалуы тиіс. Қорғаныс сонымен қатар төмен кернеулі шықпа желілерде де қарастырылуы тиіс.

10.7 Жарықтандырғыш аспаптардағы кернеудің жол берілетін ауытқулары мен құбылулары нормативтiк мәндерден аспауы тиіс.

10.8 Баспалдақтың ашық шығатын жерлерін және жаяу жүргінші тоннельдерінің кіру аймақтарын жарықтандыру үшін жарық көрсеткіштері мен шырақтарды көшені жарықтандыру желісінің түнгі режим фазаларына қосу керек.

Жаяу жүргінші тоннельдеріндегі жаяу жүргіншілердің қозғалу бағытының көрсеткіштері және жарықтандырылған ақпараттық таблолар тәулік бойы қосылулы болуы тиі.

10.9 Көшелерді, жолдарды және алаңдарды жарықтандыру тораптарына ғимараттардың және витриналардың нөмірлік белгілерін қосуға жол берілмейді.

Жарықтандырылған жарнама, сәулеттік жарықтандыру қондырғыларын әдетте, дербес желілер – таратқыш желілер бойынша немесе ғимараттардың торабынан қоректендіру керек. Осы қондырғылардың жол берілетін қуаттылығы қуаттылық резерві болғанда фазаға 2 кВт–тан аспайды.

Көшелерді, жолдарды және алаңдарды жарықтандыру желісінің кешкі режимінің фазаларына жиынтық қуаттылығы фазаға 2 кВт аспайтын сәулеттік жарықтандыру және мерекелік жарықтандыру аспаптарын қосуға жол беріледі.

10.10 Сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларында жарықтың газразрядтық көздерімен шырақтар реактивті қуаттылықты дербес өтемге ие болуы тиіс. Шырақ қуаттылығының коэффициенті 0,85-тен төмен болмауы тиіс.

10.11 Жаяу жүргінші өтпелерінің шектеріне жақын жарықтандырушы аспаптар көшелерді, жолдарды және алаңдарды жарықтандыру торабының түнгі режимінің фазаларына қосылуы тиіс.

10.12 Сәулеттік жарықтандыру, жердің бетінен немесе қызмет көрсету алаңқайынан 2,5 м төмен орнатылған шырақтарды пайдаланумен жасыл көшеттерді жарықтандыру қондырғыларында IP54 төмен емес шырақтарды қорғау деңгейінде 380 В дейін кернеуді қолдануға жол беріледі.

10.13 Сымдарды қосу орындарында сыртқы электрлі жарықтандыру қондырғыларының газ жарықты құбырларының электродтары кернеуді сынамауы тиіс.

10.14 Сыртқы жарықтандырудың таратқыш желілерін өздігінен көтеруші оқшауланған сымдарды пайдаланумен әуелік немесе кабельдік етіп орындауға жол беріледі. Көшелерді, жолдарды, алаңдарды, ықшам аудандардың аумақтарын жарықтандырудың әуелік таратқыш желілері үшін оқшауланбаған сымдарды пайдалануға жол беріледі.

Бала бақшалардың/бөбекжайлардың, оқу мекемелерінің, троллейбус қозғалатын көшелердегі штангалардың шығу ықтималдығы жоғары жерлерінің аумақтарын жарықтандыру тораптары, сонымен қатар сәулеттік жарықтандыру және жасыл көшеттер жарығының жарықтандырғыш аспаптарын қоректендіретін желілер кабельден жасалуы тиіс.

Биіктігі 5 қабаттан асатын ғимараттар салынған аудандардағы А және Б санатты көшелерде және алаңдарда, сонымен қатар жалпы қалалық саябақтардың, бау-бақтардың, А және Б санаттағы көшелерге және алаңдарға түйісетін бульварлардың және скверлердің, 20 мың және одан асатын көрермендерге арналған трибуналары бар стадиондардың, көрмелердің, ауруханалардың, шипажайлардың, пансионаттардың және демалыс үйлерінің аумақтарында қоректендіргіш желілерді кабельден орындауға жол беріледі.

10.15 Сыртқы жарықтандырудың әуелік желілері «Электр қондырғыларын орнату ережелеріне» сәйкес орындалуы тиіс. Желілердің көшелермен және жолдармен қиылысуын 40 м аспайтын аралықтарда анкерлік тіректерді және сымдарды қосарлап бекітуді қолданусыз орындауға жол беріледі.

Кернеуі 600 В тұрақты токқа дейін болатын электрленген көліктің (трамвайдың, троллейбустың) түйіспелік желісінің тіректері бойынша тіректерге орнатылған жарықтандырғыш аспаптарды кабельдік қоректендіру желілерін тартуға рұқсат етіледі.

10.16 Газразрядтық жарық көздерімен сыртқы жарықтандырудың жарықтандырғыш қондырғыларындағы кабельдердің нөлдік тарамдарының қималарын, әдетте, фазалық сымдардың қимасына тең қабылдау керек.

Әуе желілерінің нөлдік сымдары үшін көрсетілген талап міндетті болып табылады.

Егер кернеудің жол берілетін шығыны бойынша және нөлдік тарамның өткізушілік қабілеті бойынша талаптар қамтамасыз етілетін болса, газразрядтық шамдары бар шырақтарды қоректендіру үшін фазалықтан аз нөлдік тарамдардың қимасымен кабельдерді пайдалануға жол беріледі.

10.17 Бір линия шегіндегі кабельдік таратқыш тораптарды, әдетте, «кіру-шығу» жүйесі бойынша бір қимамен немесе кабельдің тарамын кесусіз үштік муфталарды қолданумен орындау керек.

Инженерлік құрылыстарға көрсетілген кабель линияларын жүргізген кезде кабельден тірекке тармақталудың қолайлы бөлінуі үшін шараларды қарастыру керек.

Тіректерге кабельді енгізу тіректің цоколімен шектесуі тиіс. Цокольдер кабельдік бөліністерді және сақтандырғыштарды немесе жарықтандырғыш аспаптарға апаратын тармақтарға орнатылатын автоматты ажыратқыштарды орналастыру үшін жеткілікті өлшемдерге және пайдаланушылық қызмет көрсету үшін құлыпты есікке ие болуы тиіс. Тіректерге орнатылатын арнайы кірме жәшіктерін пайдалануға жол беріледі.

10.18 Кабельдік желілерден әуелік желілерге өтпелер жердің бетінен кем дегенде 2,5 м биіктікте тіректерге орнатылған жәшіктерге монтаждалған сөндіруші құрылғыларға ие болуы тиіс.

Бұл талап тірекке қорек пункттерінен шығатын кабельдік шықпаларға, сонымен қатар кабельмен орындалатын кедергілердің айналмаларына және жолдардың өтпелеріне тарамайды.

10.19 Сыртқы электрлі жарықтандыру тіректерінің ішіндегі электр тартылымы қорғаныстық қаптамалы оқшауланған сымдармен немесе кабельдермен орындалуы тиіс. Электрлендірілген қалалық көліктің түйіспелік желілерінің және сыртқы электрлі жарықтандырудың бірлескен тіректерінің ішінде кем дегенде 660 В кернеуге оқшауламамен кабельдер қолданылуы тиіс.

10.20 Қорек тармағының электрлі схемасы, әдетте, сөндірілген тарату желісінің жерге тұйықталуын қарастыруы тиіс.

10.21 Сыртқы электрлі жарықтандыру желісінің қимасын есептеуді желінің алыс нүктесінде нөлдік фазада фазалық сымның тұйықталуы кезінде сөндіруге және токтың жол берілетін тығыздығына тексерумен кернеу шығынының шектік рауалы шамасы бойынша жүргізу керек; пластмассалы оқшауламамен кабельдер термикалық төзімділікке де тексерілуі тиіс.

Алыс шырақтардағы кернеудің есептік ауытқуы желінің номиналды кернеуінің 5%-нан аз (газразрядтық шамдармен желілерде - 7%) болуы тиіс, ал әлдеқайда алыс прожекторларда – 2,5% болуы тиіс.

10.22 Қуаттылық коэффициентін жеке өтеумен газразрядтық шамдарды немесе қыздыру шамдарын қоректендіретін сыртқы электрлі жарықтандыру желілерінің қима кернеуі жоғалту бойынша есептеуді желілердің реактивті кедергісін ескерусіз орындау керек.

Жоғары қысымды жарықтың газразрядтық көздерімен желілерде жүктемелерді анықтау кезінде қосуды реттеуші аппараттарда қуаттылықтың жойылуын ескеру керек, оларды дәл деректердің болмауында шамдар қуаттылығының 10%-на тең етіп қабылдау керек.

10.23 Сыртқы электрлі жарықтандыру желісінің каскадын басқару сымдарын коммутациялық аппараттардың (контакторлардың, магнитті қосқыштардың) тартқыш орауыштарының қосу тогынан кернеуді жоғалту бойынша есептеу керек. Орауыштарда кернеудің жоғалуының жол берілетін шамасы номиналды кернеудің 15%-нан аспауы тиіс.
11 СЫРТҚЫ ЭЛЕКТРЛІ ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
11.1 Сыртқы жарықтандыру желілерін басқару орталықтандырылған – телемеханикалық немесе дистанциялық болуы тиіс. Сыртқы жарықтандыруды басқару жүйесі оның 3 мин асырмай сөндірілуін қамтамасыз етуі тиіс.

Шағын елдімекендер үшін жарықтандыруды қоректендіру линияларында орнатылған коммутациялық аппараттармен сыртқы жарықтандырудың басқарылуын қарастыруға жол беріледі, осы аппараттарға қызмет көрсетуші персоналдың қатынай алуы шартты.

11.2 Сыртқы жарықтандыруды басқару жүйесін елдімекендегі тұрғындардың санына байланысты таңдау керек. Бұл жағдайда қарастырылуы тиіс:

-  50 мыңнан асатын тұрғындар санында орталықтандырылған телемеханикалық басқару;

- 20 мыңнан 50 мыңға дейінгі тұрғындар санында орталықтандырылған телемеханикалық немесе дистанциялық басқару;

- 20 мыңға дейінгі тұрғындар санында орталықтандырылған дистанциялық басқару.

11.3 Азаматтық қорғаныстың қажеттіліктеріне сәйкес жарықпен бүркемелеу қарастырылған шаруашылық ету объектілерінің аумақтарын және елдімекендерді сыртқы электрмен жарықтандыруды басқаруды азаматтық қорғаныстың жергілікті органдарымен келісу бойынша азаматтық қорғаныстың талаптарын ескере отырып жобалау керек.

11.4 Қалалардың сыртқы жарықтандырылуын басқару бір орталық немесе орталық және бірнеше аудандық диспетчерлік пункттерден жүзеге асырылуы тиіс. Аумақтары өңірдің жер бедерінің табиғи бөгеттерімен, сонымен қатар су немесе тоғай бөгеттерімен алшақтанған ірі қалаларда аудандық диспетчерлік пункттер қарастырылуы тиіс.

Орталық және аудандық диспетчерлік пункттердің арасында тікелей телефон байланысы болуы тиіс. Дубльдеуші оперативті байланыс ретінде, сонымен қатар оперативтік автомашиналармен байланысу үшін радиотелефон байланысы қарастырылуы тиіс.

11.5 Бала-бақша/бөбекжайлардың, оқу мекемелерінің, қонақүйлердің, пансионаттардың, шипажайлардың, ауруханалардың, демалыс үйлерінің, саябақтардың, скверлердің, стадиондардың, көрмелердің аумақтарын жарықтандыруды басқаруды, әдетте, олар орналасқан елдімекеннің сыртқы жарықтандырылуын басқару жүйесінен жүзеге асыру керек. Бұл жағдайда аталған объектілерді сыртқы жарықтандыру қондырғылары үшін жергілікті басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

Жаяу жүргінші және автокөлік тоннельдері үшін тоннельдердің күндізгі, кешкі және түнгі жұмыс режимінің шырақтарын бөлек басқару қарастырылуы тиіс. Жаяу жүргінші тоннельдері үшін, одан басқа, жергілікті басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

11.6 Орталықтандырылған телемеханикалық басқару жүйелерінде сыртқы жарықтандыру қондырғыларының қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті диспетчерлік және атқарушылық пункттер арасында екі жақты ақпарат алмасу қамтамасыз етілуі тиіс.

Бұл жағдайда атқарушы пунктке басқару бұйрықтары берілуі тиіс:

- барлық жарықты қосу;

- жарықтың бөлігін қосу (сөндіру);

- барлық жарықты сөндіру.

Диспетчерлік пунктке ахуалдың сигналдары берілуі тиіс:

- барлық жарықтандыруды қосылулы;

- жарықтандыру бөлігі қосылулы (сөндірулі);

- барлық жарық сөндірулі;

- жарық күйінің жіберілген бұйрыққа сәйкес келмеуі және сыртқы арықтандыру желісіндегі ақаулық.

Диспетчерлік пунктіге сигналдың шығуымен байланыс арнасының күйін бақылау қамтамасыз етілуі тиіс.

11.7 Орталықтандырылған қашықтықтан басқару жүйелерінде каскадталған сыртқы жарықтандыру желілерін бас қоректендіру пункттерінің түнгі және кешкі режимдерінің фазаларын коммутациялық аппараттармен басқару және жарық және дыбыс дабылын басқару пультіне шығарумен каскадтың соңында кернеудің болуы бойынша олардың күйін бақылау қамтамасыз етілуі тиіс.

11.8 Каскадталған желілердің бас қорек пункттерін коммутациялық аппараттармен басқару әдетте, басқару пунктінен тікелей немесе аралық элемент (реле, оптрон және т.б.) арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

11.9 Сыртқы жарықтандыру желілерін орталықтандырылған басқару әрбір қорек пунктінде бар коммутациялық аппараттарды пайдалану арқылы басқару пункттерінен жүзеге асырылуы тиіс. Коммутациялық аппараттардың қалпын бақылау қарастырылуы тиіс (қосылулы, сөндірулі).

Коммутациялық аппараттарды басқару, әдетте, каскадтау арқылы (оларды бірізді қосумен) жүргізілуі тиіс.

Әуе-кабель желілерінде бір каскадқа 10 қорек тармағына дейін, ал кабельді желіде – сыртқы жарықтандыру желісін 15 қоректендіру тармағына дейін қосуға жол беріледі.

11.10 Негізгі бағыттардың (каскадтардың) күйін бақылау сыртқы жарықтандыруды орталықтандырылған басқарудың кез келген тәсілдерінде қамтамасыз етілуі тиіс.

11.11 Сыртқы жарықтандыру желілерін каскадтық басқару желісі А және Б санаттағы көшелер, жолдар және алаңдар каскадтың бас учаскесіне немесе бас учаскеге жақын тұрғанға кіретіндей түрде салынуы тиіс.

11.12 Сыртқы жарықтандыру қондырғыларына арналған телемеханика құрылғылары келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

- телебасқарудың бір командасының барлық атқарушы пункттерге берілу уақыты 1 минуттан аспауы тиіс;

- аппаратура IP53 атқарылымына ие болуы тиіс;

- осы өңірдің климаттық шарттарын ескерумен аппаратураның қалыпты қызметі қамтамасыз етілуі тиіс.

11.13 Сыртқы жарықтандыруды орталықтандырылған телемеханикалық басқару жүйелерінде байланыс арналары ретінде, әдетте, қалалық телефон желісінің телефон компанияларынан абоненттелетін коммутацияланбайтын сымдарды қолдану керек. Жоғары және төмен кернеулі қалалық электртораптарының жоғары жиілікті тығыздану арналарын, сонымен қатар арнайы тартылатын сымды байланыс желілерін қолдануға жол беріледі.



11.14 Қалалық телефон желісінің телефон компанияларынан абоненттелетін байланыс арналарын пайдаланған кезде сыртқы жарықтандыру қондырғыларына арналған телемеханика құрылғылары Қазақстан Республикасындағы электр байланысы талаптарына жауап беруі тиіс.

ӘОЖ 721:535.241.46.006.354 МСЖ 91.040
Түйінді сөздер: сыртқы электрлі жарықтандыру, жарықтылық, айқындылық, сәулеттік жарықтандыру, ландшафттық жарықтандыру, жарықты жарнама, көше-жол торабы, жаяу жүргінші кеңістігі, шырақ, тірек

Ресми басылым




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет