Танымал әнші, хит әндердің орындаушысы Нұрболат Абдуллин өмірі мен балалық шағы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабарlike” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nurbullin/

Өнер иесі Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылының тумасы. Бала кезінде төрт түлік мал баққан кезін есіне алды. 

“Шаш үлгісін жасап, соңғы үлгідегі киінетінімді көріп, халық мені қаланың ақсаусақ баласы деп ойлайды. Мен даланың баласымын. Түйе баққанмын. Үйде түйе көп болатын. Түйеден бөлек жылқы да, сиыр да, қой да болды. Тіпті ашығын айтқанда, үйдегі түйенің біразын төлдеттім. Ауылдың мал дәрігері болдым. Басқа не істейсің? Ауылда басқа адам жоқ. Қазір де түйе бағатын жеке шаруа қожалығым бар”, – деді өнер иесі. 

  • Түрмеден шыққан 75 жастағы қажы Меккедегі алаяқтар туралы айтты

  • Жамбыл облысында су жүйесіне 760 миллион бөлінсе де, әлі күнге дейін тіршілік көзі жоқ

Әншінің айтуынша, далада мал бағып жүріп-ақ, әнші болуды армандаған көрінеді. 

“Далада ән айтамын. Бұл әдет бала кезімнен қалып қойды. Жаңғырық, шатқалда ән айтқан рақат емес пе?!. Көмейің ашылып, даусың анық шығады. Ауылда мал бағып жүріп, ән айттым. Алғашқы тыңдарманым – қойлар. Қазір де ешкім жоқ жерде, Алатаудың бұрышында айқайлап ән айтатын әдетім бар”, – деп шынын айтты әнші. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.