Ұлытау облысы мәдениет басқармасының басшысы сотталды, деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан жасалған скрин

Ақпаратта Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшыларына қатысты парақорлық фактісі бойынша үкім шығарғаны айтылады.

Аталған лауазымды тұлғалар облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.

“Сот үкімімен осы мемлекеттік мекемелердің басшыларына әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. "Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы" ЖШС мердігер компаниясының өкіліне 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – делінген ақпаратта.

  • "TikTok түсіргені үшін өзіңе пышақ тық деген": Түркістан облысында үш баланың анасы күйеуін өлтіріп, бөлшектеп тастаған (видео)
  • Ақтөбеде интернет арқылы бүйрегін сатпақ болған ер адам 1,5 жылға сотталды

Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылатыны атап өтіледі.

Жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот процесі ашық форматта өткізілген.

“Процеске облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ облыстың, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының мемлекеттік қызметшілері онлайн режимде қосылды”, – деп қосты “Антикор”.

Бұған дейін Түркістан облысында перзентхананың бас дәрігері мен есепшісі сотталғаны хабарланған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.