Үржар ауданында «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылу барысы жөніндегі ақпарат



жүктеу 22.55 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі22.55 Kb.
түріБағдарламасы



Үржар ауданында «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылу барысы жөніндегі ақпарат       

Үржар ауданында ШҚО әкімдігінің 29.09.2011 жылғы № 214 қаулысының 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес облыстық іс-шаралар жоспары негізінде «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында2011- 2013 жылдарға арналған аудандық іс- шаралар жоспары жасалып, аудан әкімдігінің 30.12.2011 жылғы № 574 қаулысымен бекітілді. Ауданық іс-шаралар жоспарында белгіленген шараларды жүзеге асыруға 2013 жылға 531 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілді меңгертуді жүзеге асыру мақсатында барлық санаттағы қызметкерлерге, аудан тұрғындарына арналған 4 мемлекеттік тілді тегін оқыту үйірмесі ұйымдастырылған, ондағы тыңдаушылар саны– 76. Сонымен қатар «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруда аудан мектептерінің барлығында ағылшын тілі, орыс тілі пәндері жүйелі жүргізілуде. Мектептер жанынан қосымша ұйымдастырылған 4 ағылшын тілі үйірмесіндегі тереңдете тіл үйренушілер саны – 85. Жалпы аудан мектептері қазақ, орыс, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерімен толық қамтамасыз етілген. Олардың біліктілігін арттыру аудандық білім бөлімі тарапынан жоспарлы түрде іске асырылуда. Мемлекеттік қызметшілер мен  басқа да санаттағы қызметкерлердің, халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің және аудандағы өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне қолайлы жағдай жасауға барлық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік бағдарлама талабына сәйкес жұмылдырылған. Ағымдағы жылы мемлекеттік тілді және басқа да ұлттардың тілі мен мәдениетін, өнерін насихаттау мақсатында әр түрлі: «Абай оқулары», «О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Ұстаздың сөзі- ана тілдің көзі», «М.Жұмабаев оқулары», «Асыл мұра», «Жауқазын» байқауларын қоса алғанда 65 мәдени-көпшілік іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді. 



Ауданда мемлекеттік тіл барлық салада толық қолданылуда. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының 92 пайызы жергілікті қазақ ұлты, 6,0% орыс ұлты, 2 % басқа ұлттар. Аудандағы 52 мектепте білім алып жатқан оқушылардың 92 % -дан астамы қазақ тілінде оқып, тәрбие алуда. Мектепалды даярлық топтары мен балабақшалары оқу- тәрбие жұмыстарын толық мемлекеттік тілде жүргізуде. Аудан әкімі аппараты мен оның құрылымдық бөлімдері, ауылдық округ әкімдері аппараттарының ісқұжаттары толық мемлекеттік тілде жүргізілуде. Барлық мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін атқаруға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгерген. Аудандағы барлық мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың көрнекі ақпараттары мен жарнамалары тіл заңнамаларына сәйкес ресімделген. Аудандық «Уақыт тынысы» газетінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, түсінік жұмыстарын жүргізу, өткізіліп жатқан шаралар жөнінде ақпарат беру тұрақты түрде жолға қойылған. Осы мақсатта үстіміздегі жылы 12 мақала жарияланды. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламада көзделген талаптардың бірі- жергілікті жерлердегі көрнекі ақпараттардың «ҚР тіл туралы» Заңы талабына сай пайдаланылуы бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру мақсатындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Бекітілген жоспарға сәйкес ауданда «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру бағытында кешенді жұмыстар жан- жақты жүргізілуде. 

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет