Сенат отырысының кулуарында ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов журналистердің сұрағына жауап беріп, сағат белдеуінің ауысуы бизнеске еш кедергі келтірмейтінін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay

“Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу Қазақстан экономикасына соққы болып тиюі мүмкін бе” деп сұрады тілшілер министр орынбасарынан. 

"Бұл мәселемен сауда министрлігіндегі әріптестеріміз айналысады, олар бұл салада талдау жүргізді. Менің ойымша, бұл сұраққа сол ведомство толығырақ жауап береді. Біз бизнестен қосымша шығын шығып, салмақ түседі деп ойлаймыз. Тұтынушыларда қандай да бір қолайсыздық туындаған күннің өзінде, ол бір реттік сипатта болады”, – деді ол.

Жақсылықовтың айтуынша, еліміздің барлық өңірінде жұмыс күнінің бір уақытта басталуы бизнеске де қолайлы. 

“Мемлекеттік қызметтерді алуға байланысты барлық рәсімдер де бір уақытта басталып, аяқталады. Менің ойымша, бұл бизнеске қолайлы жағдай жасайды", – деп сөзін түйіндеді ол. 

Бұған дейін мобильді операторлар уақыт белдеуінің ауысуына байланысты сервисте ақау туындауы мүмкін екенін ескертті. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.