Майқайыңдағы жерге құлаған автобусты іздеу жұмыстары жалғасуда. 17-күннен бері іздеу жүргізілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Майқайың алтын" АҚ аумағында мамандар өмірге қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр. 19 қаңтарда іздестіру жұмыстары дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанына тағы бір рет көз жеткізу үшін опырылған жердің түбінде қайта геосканерлеу жүргізілді.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын габаритті экскаватор 850 текше метрге жуық топырақты қайта қазып, екінші экскаватор орынды кеңейтті.

  • "Бес баласы күтіп отыр": Майқайыңда жер астына құлаған автобус ішіндегі қызметкердің жұбайы оқиғаның мән-жайын айтып берді

"20 қаңтарда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, екі экскаватордың көмегімен тік және көлденең сақтандыру, жүргізушісі бар екінші шағын габаритті экскаватор түсірілді. Ол автобус жүретін жерден ірі габаритті тастарды алып жатыр", – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына 147 адам, 45 техника, үш кинолог және екі ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Еске салайық, жұмысы тоқтатылған "Майқайың-алтын" шахтасының маңында автобус жер астына құлап кеткен. Құтқарушылар шұңқырға құлаған автобустың бөлшектерін тапты. Екі адамның мәйіті табылды. Өзге адамдар іздестіріліп жатыр.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.