Құрметті Асқар Исабекұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!



жүктеу 29.76 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі29.76 Kb.


Құрметті Асқар Исабекұлы!

Құрметті жиынға қатысушылар!
Сарысу ауданы бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен діни бірлестіктер мен филиалдардың саны – 16.

Оның ішінде, 14 мешіт пен 2 шіркеу бар.

Аудандағы 14 мешітке:

- күнделікті 5 уақыт намазға келушілер саны – 250-ге жуық;

- Жұма намаздарына келушілер саны – 750-ден астам.

Ал, жамағаттардың жастық ерекшеліктеріне келер болсақ:

- 14-29 жас аралығында – 44,66%;

- 30-63 жас аралығында – 35,84%;

- 63 жастан жоғары – 19,50%-ды құрап отыр.

Аудандағы 14 мешіттің 1-еуінде имам жоқ. Досбол ауылындағы «Ақмешіт» мешітінде соңғы 6 жылда имам жоқ, жамағаты да аз, 1-2 адам ғана. Сондықтан аталған мешітті намазхана ету жұмыстары жүргізілуде.

Қалған 13 мешітте 16 діни қызметші бар. Олардың діни білім деңгейі келесідей:

- 2-еуі жоғары білімді (ауданның найб имамы, Тоғызкент ауылының имамы);

- 1-еуі орта білімді (ауданның бас имамы);

- 13-і қысқа мерзімді сауат ашу курстарынан өткен.


14 мешіттің барлығына бейнебақылау жүйесі орнатылған.
Ауданда христиандық бағытта 2 діни бірлестік қызмет етуде. Олар:

- Ехоба куәгерлері. Келушілер саны 30 шақты. Оның 23-і қазақтар, 8-і орыстар (жасөспірім – 2, жас – 22, ересек – 6, қарт - 1).

- және Елуліктер шіркеуі. Аталған шіркеулерге келушілер саны 15-20 адам. Оның 17-і орыстар, 1 қазақ, 1 кәріс бар (жасөспірім – 2, жас – 5, ересек – 7, қарт – 5).

Қазақтардың көптеп тартылуының Талас ауданындағыдай 2 себебі бар. Біріншісі, аталған діни бірлестік жетекшісінің ұлты қазақ (Қанат Сәдуақасов). Екіншіден, бүгінгі күндегі қазақтардың саны 90-шы жылдары аталған діни бірлестіктің қызметіне тартылғандардың балаларының есебінен. Бірақ өсім жоқ.


Бұдан бөлек, ауданда сәләфилік бағытты ұстанушы 42 азамат бар. Соңғы 3 жылда жүргізілген оңалту жұмыстарының нәтижесінде, 6-ақ азамат қоғамға бейімделді. Себебі, облыс орталығынан алыс болғандықтан мұндағы сәләфилік жамағаттың арасында коллективизм мықты дамыған, әрі араларынан 2 азамат Египетте оқуда (өткен жылы кеткен, күзде оралады деп күтілуде).

Сондықтан, аталған бағытта оңалту жұмыстарын жандандыру қажет. Себебі, Өзіңіз бен аудан әкімі арасындағы келісімге сәйкес, ағымдағы жылы діни өшпенділік пен алауыздықты тудыратын экстремистік көзқарасты ұстанушылардың санын 10%-ға азайту көзделіп отыр.

Аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

1. Ауданда дін саласында жұмыс жасайтын кәсіби дінтанушы, теолог маман жоқ (кадр тарту үшін оның әлеуметтік-материалдық жағдайын шешу қажет).

2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінген қаржыға өткізілетін түрлі конференция, семинар, дөңгелек үстел сияқты іс-шаралардан гөрі, жоғарыда аталған санаттағы азаматтармен нақты оңалту жұмыстарын жүргізетін республикалық/облыстық деңгейдегі жоғары білімді, білікті теолог мамандарды тарта отырып, бір реттік емес, жүйелі түрде ай сайын оңалту жұмыстарын жүргізу қажет.

3. Деструктивті діни ағымдарға тартылған 42 азаматтың 20-ы жастар санатына жатады және басым көпшілігінің тұрақты жұмыс орындары жоқ.

Сондықтан оңалту жұмыстары барысында қоғамға бейімделуге ниетті азаматтарға қажеттілікке қарай, жұмыспен қамту, мамандық беру сияқты әлеуметтік қолдаулар жасау қажет.

Бұл айтылғандар оңалту жұмыстарына қатысты мәселелер.


Сонымен қатар, теріс пиғылды діни ағымдардан сақтандыру, яғни, профилактикалық іс-шараларға назар аударуымыз қажет. Бұл бағытта:

1. Жоғарыда айтылып өткендей, мешіт қызметкерлерінің білім деңгейі бүгінгі күннің талаптарына жауап бере алмайды. Сондықтан олардың білім деңгейін көтеру мақсатында, тоқсан сайын арнайы оқыту курстарын ұйымдастыру қажет (2017 жылы 2 рет семинар оқулары өткізілді).



Оның үстіне 16 діни қызметшінің 3-еуі 63 жастан асқан қариялар. Енді оларды қанша оқытсақ та, білікті ете алмаймыз. Бұл жағында ескеру қажет.

2. «Дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін 23 мұғалімнің 3-і арнайы курстан өтпеген.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет