Құрметті форумға қатынасушы әйел жолдастар



жүктеу 21.07 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі21.07 Kb.

Үржар ауданы әкімінің оынбасары

Қ.Б. Сейітқановтың

Үржар аудандық «Қанатты әйелдер»

атты әйелдер форумында

сөйлеген сөзі.

04.03.10 ж.
Құрметті ханымдар және әпке қарындастар!
Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. «Халық айтса қалт айтпайды» дегендей, ерлі-зайыпты адамдарға арнап айтылған осы бір тамаша теңеу ғасырдың тереңінен толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен шыққан болса керек. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы-мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Президенті жанындығы Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді.
Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемде жұмыстар жүріп жатыр. Біздің елемізде бұл мақсаттағы жұмыс көңілге қуаныш ұялатады. Бұл саясатқа Елбасының өзі тереңірек мән беруде. Президент Н. Назарбаевтың өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді...» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр. «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы, қысымды болдырмауға ықпал етеді. Айта кету керек, әйелдер қай салада қызымет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығы мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. 
Әйелдерді саясатқа, үкіметтік билік органдарына, экономикаға, бизнеске қатыстыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, сонымен қатар отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес. 
Бүгінгі күні әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында да, белсенділік танытуда. Олар қандай қызымет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай, болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуда. 

Құрметті ханымдар!

Көктемнің осы бір тамаша күні әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгілік белгісі сияқты. Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Осы ерекше қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елімізге ырыс-құт дарысын. Сіздердің қолдауларыңыз баршамызға сенімділік ұялатып, жігер береді.  Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, игілік тілеймін!







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет