Сенат отырысында депутат Жанболат Жөргенбаев премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, үкімет депутаттық сауалдарға немқұрайлы қарайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сенат отырысынан скриншот

2022-2024 жылдары сенаттың аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің депутаттары үкіметке 50-ден астам депутаттық сауал жолдаған. 

“Үкіметтің депутаттық сауалдарға берген ресми жауабы көңілге қонымсыз, яғни көптеген амбициялық жобалар қағаз жүзінде ғана қалып, бірде-бір мемлекеттік бағдарлама межелеген индикаторға қол жеткізбеген”, – деп атап өтті сенатор.

Жөргенбаевтың сөзінше, жұмыстар туралы “жазылады”, “болады” немесе “сұралуда”, “жоспарлануда” деген стандарт жауап беріледі.

“Ең сорақысы – теріс нәтиже үшін ешкім жауапқа тартылмайды. Өйткені іс жүзінде көп нәрсе ниет декларациясы негізінде қалады. Мұны немқұрайлық деп атауға болады немесе министрлік пен мемлекеттік органның жауапты азаматының кәсіби деңгейін көрсетеді деп ойлаймын”, – деп ашуланды депутат. 

Оның айтуынша, Қазақстанда қазір ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласында шикізат өндірісі, су дағдарысының қалыптасуына салада жүргізілген реформалардан туындаған басқару дағдарысының теріс әсер болған.

“Осыған байланысты, түптеп келгенде, біз ауылшаруашылығы ресурстарын басқарып отырған жоқпыз, тек сұранысты ғана, яғни тұтынуды реттеп отырмыз. Шикізат өндірісі салаларын дамытумен қатар өндіруші өнеркәсіптің өсуін ынталандыруға республиканың экономикалық саясаты мен даму стратегиясын жедел қайта бағыттау қажет. Сонымен қатар ауылшаруашылығы өндірісіндегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесін қайта қарастыру қажет. Шағын және орта бизнестің негізгі мәселесі – салықтан босату емес, Қазақстанда тиімді әлеуметтік сұраныстың жоқтығы. Сондықтан агробизнес ортаны жақсарту мәселесіне көңіл аудару қажеттігі туындап отыр”, – деп атап өтті сенатор. 

Бұған дейін отырыста сенатор Сәкен Арубаев премьер-министрге сауал жолдап, ұлттық құндылықтарды ілгерілету қажет екенін, домбыраны харам, Абайды әкім дейтіндер көбейгенін айтқан еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.