Құрметті катонқарағайлықтар! Сіздерді елімізде алғаш рет тойланғалы отырған 1наурыз «Алғыс айту»



жүктеу 9.69 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі9.69 Kb.

Құрметті катонқарағайлықтар!

Сіздерді елімізде алғаш рет тойланғалы отырған 1наурыз «Алғыс айту» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Елімізде жылдар бойы ауыз біршілікте тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықтың бір - біріне деген достығын, махаббатын, ризашылығын білдіретін бұл күн Қазақстандықтардың жарқын мерекесі болып отыр.

Тарих тереңіне көз салсақ, этностардың тағдыр тауқыметінен кезінде өз отанынан айырылып жат елімізден пана тапқан ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астына бірігіп айрандай ұйып отыр. Кең байтақ қазақ жерінде «Бір мүдде, бір ел, бір тағдыр» деген ұранмен тірлік кешуде.

Бұл - тек ризашылық күні ғана емес, жас ұрпақ үшін тарих туралы сыр шертетін тағылымға толы мереке болмақ. 

Осылайша, алғыс айту мерекесін қуана қарсы алған түрлі ұлыс өкілдері бұл мерекені қазақстан халықтары арасындағы татулықтың жаңа сатысы іспетті деп санайды.

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, Елімізге тыныштық, отбасыларыңызға әрдайым қуаныш пен шаттық тілейміз!



Ахметқали Нұрғожин, аудан әкімі

Дүйсен Бралинов, аудандық мәслихат хатшысы

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет