Құрметті мәслихат депутаттары! Құрметті әріптестер!



жүктеу 206.41 Kb.
Дата02.12.2017
өлшемі206.41 Kb.

Аудан әкімі Н.Ш.Шамұратовтың

«аудан әкімінің өзіне жүктелген

функциялар мен міндеттердің

орындалуы жайлы есебі

туралы» баяндамасы



Құрметті мәслихат депутаттары!

Құрметті әріптестер!

Өздеріңізге мәлім, жыл басынан бері өзекті мәселелердің түйіні тарқатылып, бірқатар шаруаның шешімі табылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Біріге отырып жұмыс жасаудың арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Барлық жұмыстарымыз Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуда. Кәсіпкерлік, жер, жол және көлік қатынасы, ауыл шаруашылығы, энергетика мен экология, әлеуметтік саясат және тұрғындардың тұрмыс деңгейін жоғарылату сияқты аса маңызды салаларда айтарлықтай алға жылжыдық. Ең бастысы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесін беруде.

2016 жылдың 1 шілдесіне бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 1 070,3 млн. теңгеге жоспарланып, нақты 1 256,8 млн. теңгеге немесе 117,4 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджетке 176, 5 млн. теңге, облыстық бюджетке 68,0 млн. теңге, аудандық бюджетке 1 012,3 млн. теңге түсті.  

Ал, бюджеттің шығыс бөлігі 2016 жылдың 1 шілдесіне 5 895,5 млн. теңгеге жоспарланса, есепті кезеңде нақты игерілгені 5 836, 9 млн. теңге немесе 99 пайыз (жылдық жоспар 11 513, 3 млн. теңге немесе 50,7 пайыз).

Өнеркәсіп саласында 5867,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99,0%-ды құрады. Оның ішінде, өнеркәсіп саласының 90 %-ға жуығын құрайтын (89,7%) өңдеу өнеркәсібінде 5263,6 млн.теңге көлемінде өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 104,1 %-ды құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау бойынша «Дәулетэнерго» ЖШС-нің Қазалы филиалының электр қуатын тарату, "Қазалы теміржол жылу" МКК-ы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша 2016 жылдың 6 айында 240,1 млн.теңгенің қызметін көрсетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 85,4 пайызды құрады.



Анықтамалық:

«Қазалы Теміржолжылу» МКК тарапынан 2016 жылы 150,3 млн.теңгенің қызметі көрсетілсе, 2015 жылдың тиісті кезеңінде 172,1 млн.теңгенің қызметі көрсетілген, немесе 87,3 пайыз. Аталған қызмет көрсеткіштерінің төмендеуіне ауа-райының күрт жылуы себеп болып, мекеме тарапынан жылу аз өндірілді.

«Арал-Сарбұлақ топтық су құбырын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшесі 2016 жылдың 6 айында 314,9 млн. теңгенің қызметін көрсетсе, 2015 жылы 376,5 млн. теңгенің қызметін көрсеткен немесе 83,6 пайыз. Қазіргі таңда тұрғындардың жаппай есептегіш құралдарының орнатуы өнім көлемінің төмендеуіне әсер етуде.

«Сумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу және пайдалану» МКК тарапынан 2016 жылдың 6 айында 22,5 млн.теңгенің қызметі көрсетілсе, 2015 жылы 26,0 млн. теңгенің қызметін көрсетті. Аталған кәсіпорынның негізгі тұтынушылары темір жол мекемелері. Қазіргі таңда темір жол мекемелерінде оңтайландыру жүргізілуіне орай, жұмыс көлемі қысқарып келеді.


Жалпы өнеркәсіп саласында өнім көлемінің төмендеуіне электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау салаларындағы қызмет көрсету көлемінің азаюы әсер етіп отыр.

Жыл басынан бері 4176 шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 109,2 пайызды құрады (2015 жылдың 6 айында 3832 бірлік). Онда жұмыспен қамтылғандар саны - 8715 адам.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, аудан бойынша тиісті шаралар қабылданып жүзеге асырылуда. Ауданда бағдарлама аясында аймақтық үйлестіру кеңесіне 2010-2014 жылдары жалпы құны 4176,4 млн.теңге құрайтын 21 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. 17 жоба толық іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2012-2015 жылдар аралығында жалпы құны 542,8 млн.теңге құрайтын 20 жоба бойынша екінші деңгейлі банктерден 333,8 млн.теңгенің несиесі алынып, «Даму» КДҚ» АҚ-ы арқылы субсидияланды. Аталған жобалар аясында 168 жаңа жұмыс орны ашылды.

2016 жылы құны 80,0 млн.теңге құрайтын жеке кәсіпкер М.Ескожаевтың «Күріш өңдеу цехын кеңейту» жобасы аймақтық үйлестіру Кеңесінен оң қорытынды алып, «Даму» КДҚ» АҚ-ы арқылы субсидияланды.

«Инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша «Сыр Маржаны» ЖШС-нің «500 басқа арналған мал бордақылау кешені» жобасын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 67,0 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар аяқталды.

Қаржы ұйымдары тарапынан 2016 жылдың 6 айында 69 кәсіпкерге 452,6 млн.теңге несие берілді (2015 жылдың 6 айында 69 өтінішке 327,7 млн.теңге несие берілген).

Аудан көлемінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, жаңа өндіріс орындарын ашу мақсатында «Өндірістік аймақ» ұйымдастыру жобасын іске асыру жүргізілуде. Аудан кәсіпкерлері тарапынан жалпы құны 302,0 млн.теңгені құрайтын жаңа 10 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, қазіргі таңда 9 жобаның жер учаскелері алынды.

Сонымен бірге, сауда-логистикалық орталықты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жоба-сметалық құжаттары жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 99,7 млн.теңге. Аталған орталықтан «Қазалы Жолаушы» ЖШС-нің «Қалааралық автобекет және қызмет көрсету орталығы» жобасы пайдалануға беріліп, қосымша 7 жаңа жұмыс орны ашылды. Және жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын делдалсыз өткізу мақсатында «Рза» АҚ, «СПК Қызылорда Балық» ЖШС және «Сыр Маржаны» ЖШС-і жер учаскелерін алып, сауда орталығын салу жоспарлануда.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автокөлік жолы бойында сервистік қызмет көрсету нысандарын салуға байланысты да жұмыстар жүргізілуде.

«Сыр маржаны и К» ЖШС-нің жалпы құны 498,0 млн.теңге құрайтын «В» санатты жол бойы қызмет көрсету кешенін салуға Қарашеңгел ауылдық округі, «Ойынды» учаскесінен 3,0 гектар жер учаскесі алынды. Жоба толығымен іске қосылған жағдайда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнге бірнеше нысан орналасатын кешен құрылысы жүргізілді. Нысан қараша айында пайдалануға беріледі.

«Тұран Газ» ЖШС-і тарапынан жалпы құны 160,0 млн.теңгені құрайтын «С» категориясы бойынша сұйық газ отынымен қамтамасыз ету, автокөлік жуу, техникалық қызмет көрсету, автотұрақ және шағын қонақ үй, тамақтану орнының құрылыс нысандарын салу жөнінде эскиздік жобасы облыстық салалық басқармалардан келісім алынып, облыс әкімі жанындағы үйлестіру кеңесінен мақұлданды. Бүгінгі таңда серіктестіктің басқарушы құрылымы өзгеруіне байланысты құрылысты салу, қаржыландыру мәселелері қайта қаралуда.

Өздеріңіз білесіздер, біздің аудан ауылшаруашылығына негізделген аймақ. Бұл сала мемлекеттің қолдауымен жақсы дамуда. 2016 жылдың 6 айында 2346,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады.

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары барлығы 16 848 гектар жерге орналасты (оның ішінде: дәнді дақылдар 7140 га, майлы дақыл 110 га, картоп, көкөніс, бақша 2250 га, мал азықтық дақылдар 7348 га).

Негізгі дақыл күріш 6670 гектар егіліп, меже 100,6 пайызға орындалды.
Егілген егістіктен межеленген өнім алу мақсатында шаруашылықтар биылға барлығы 3872 тонна минералдық тыңайтқыш және егіс арамшөптеріне қарсы барлығы 2972 литр гербицид сатып алынды.
Бүгінгі күні шаруашылықтар күріш егісінің 5870 гектарын (меже 5870 га) үстеп қоректендіріп, 5268 гектар (меже 5256 га 100,2%) жерге арам шөптерге қарсы химиялық өңдеу жүргізді.

Егіншілік саласында субсидиялауға байланысты өтінімдер қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге аудан бойынша минералды тыңайтқыштар үшін 46,9 млн теңге және суармалы су қызметі үшін 5,4 млн теңге субсидия алып отыр. Субсидиялау жұмыстары алдағы уақытта гербицид, тұқым, суармалы су қызметіне және басым дақылдар үшін де жүргізіледі.

аудан көлемінде биылғы жылы ерекше қауіпті шегіртке (италиялық прус пен азиялық шегіртке) зиянкестеріне қарсы межеленген 29 630 гектарға (о.і. италиялық прус 13 000 га, азиялық шегіртке 16 630 га) фитосанитарлық жұмыстар жүргізу толығымен аяқталды. Аталған зиянкестерге қарсы республикалық бюджет есебінен қажетті 2311,6 л пестицид түрлері түгел жеткізіліп, жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстарының 4 775 га жер агрегаттарымен (Өсімдік қорғау-К ЖШС, ОҚО) және 25 060 га әуе арқылы дельтапланмен (НАК Казавиа ЖШС, Алматы қаласы) атқарылды. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 2500 га (о.і. 2000 га шаруашылық жер, 500 га мемлекеттік қор жері) жерге саяқ шегіртке зиянкесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды.
Мал шаруашылығында да оң өзгерістер бар. Статистикалық есептерге сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда малдың барлық түрінде өсім бар.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 2011 - 2016 жылдар аралығында барлығы 187,5 млн теңге несиеге, 1040 аналық сиыр мен 100 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Бұдан басқа 3 кәсіпкер несие алуға құжаттар дайындау үстінде.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2014-2015 жылдыры барлығы 20,8 млн теңгеге несие алып, 780 бас аналық саулық пен 36 бас асыл тұқымды қошқар сатып алынды. 2016 жылға 700 бас аналық қой 24 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған, алайда әзірге сатып алғандар болмауда.

«Құлан» бағдарламасы арқылы биылғы жылға 290 бас аналық бие, 20 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланса, осыдан бүгінгі күнге 3 шаруашылық 27,7 млн теңгеге 104 бас бие және 5 бас асыл тұқымды айғыр сатып алды.

Ал «ЭКО-Даму» бағдарламасы бойынша биылғы жылға 3 тұрғын 5,0 млн теңге несие алды. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» аясында ағымдағы жылдың алты айында 13 адам барлығы 28,5 млн теңгеге 21 бас мүйізді ірі қара мен 80 бас жылқы сатып алып отыр.

Аудан бойынша барлығы 8 ауыл шаруашылығы кооперативін құруға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге 6-ы Әділет басқармасында тіркеуден өтті. Олар: «Бейімбет» (жеміс-жидек, көкөніс, бақша өнімдерін консервілеу, Әйтеке би кенті), «Жанкент Ерасыл» (мал және егін, Өркендеу), «Мирас» (мал және егін, Майдакөл), «Нұр Аль-фараби» (мал шаруашылығы, Құмжиек) «Кішкене Ата» (мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, қабылдау, өңдеу, өткізу, Аранды ауылдық округінде).

Биылғы жылдың 26 маусымында облысымызға келген Қытай Халық Республикасының инвесторларымен арада жасалынған сауда-экономикалық әріптестік жөнінде меморандумға сәйкес, Қытайдың «Нанчан» Еуразиялық өндірістік компаниясымен «Сыр Маржаны» ЖШС арасында МІҚ етін өткізу жөнінде алдын-ала келісім жасалды. Сонымен қатар, ауданымызда алдағы жылдары Қазақстан-Қытай біріккен жобасы төңірегінде 5,0 мың гектар жерге жүгері дақылын егуді жоспарлауда.

Ауданда эпизоотиялық ахуал тұрақты. Биылғы жылға 12 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық-профилактикалық және 3 түрлі ауру бойынша диагностикалық тексерулер жүргізуге бюджеттен 89,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге дейін аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы 394 172 бас малға ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

2016 жылы құтыру, лейшманиоз, эхинококкоз т.б. аурулардың жұқтыру көзі болып табылатын қаңғыбас иесіз иттер мен мысықтарды аулап, жоюға аудандық бюджеттен 5,4 млн. теңге қаралды. Бүгінгі күнге 1681 бас ит, 348 бас мысық ауланып, жойылды.
2016 жылы елді мекендерге мал тоғыту ваннасы құрылысының жоба-сметалық құжаттарын аяқтауға аудандық бюджеттен 77,0 мың теңге, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 422,0 мың теңге, барлығы 499,0 мың теңге қаржы бөлініп, құжаттар әзірленді. Жоба құны 52,031 млн.теңге. Бүгінгі күнге 6 (Пірімов, Жанқожа, Шәкен, Қожабақы, Ақсуат, Тасарық) ауылда мал тоғыту ваннасын салуға облыстық бджеттен 24,6 млн. теңге қаралып отыр.

Ауданға 1 жылжымалы (ветстанцияда) және 5 стационарлы (Әйтеке би кенті, Майдакөл, Бірлік, Бозкөл, Майлыбас ауылдық округтерінде) инсинераторлар беріліп, барлығына экологиялық құжаттары алынды. Қажеттілікке қарай, елді мекендер бойынша ветеринариялық пункттердің ауласына орналастырылған инсинераторлар аулап жойылған ит, мысықтардың өлекселерін жоюға пайдаланылуда, бүгінгі таңға 98 ит, 11 мысық өртелді.


Ауданда ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатында да жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді. Жыл басынан бері ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаған 5 жеке тұлғадан 1767 гектар жер мемлекет жер қорына қайтарылды. 12 рет аукцион өткізіліп, 26 жеке және заңды тұлғаға 6359 гектар жер рәсімделіп берілді. Жер учаскесін жеке меншікке беруден 22 млн.теңге аудандық бюджетке түсірілді.

Газдандыру мәселесіне қатысты, қазіргі таңда 1 АГРС, 3 ГРП, 42 ШРП толық газ құбырына толық қосылды. Тұрғын үйлерге газ құбырын кіргізуге «Зенит» ЖШС және 11 қосалқы мердігер жұмыс жасауда. Әйтеке би кентіндегі 7969 тұрғын үйдің 1409-нан газ құбырын қосуға өтініш түсті. 2016 жылдың 10 шілдесіне 774 үйге газ монтаждау жұмыстары жүргізіліп, 680 үй қосылды.

Таза су мәселесіне келетін болсақ, Мемлекеттік «Таза су», «Ақбұлақ» бағдарламалары арқылы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауданымызда соңғы бірнеше жылдар бойы ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде, аудандағы 45 елді мекеннің 31-і орталықтандырылған су құбырын пайдаланады.

Сонымен бірге, кезінде алғашқы болып таза ауыз су барған 10 ауылды (Ақтан батыр, Басықара, Бекарыстан би, Жалаңтөс батыр, Жалпақ, Жанқожа батыр, Майдакөл, Мұратбаев, Пірімов, Түктібаев) сервистік желіге қосу үшін 2013 жылы облыстық бюджеттен 36 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленген болатын. Жоба құны 714 млн. теңге.

Осыдан биылғы жылы 3 елді мекенді (Пірімов, Мұратбаев, Ақтан батыр) сервистік желіге қосу шешімін тапты.

Сонымен қатар, жалпы құны 2415 млн. теңгені құрайтын «Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын салу және кеңейту» жобасы қаржыландырылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2334,4 млн. теңге қаралды.

Аудандағы ең қиын мәселелердің бірі – жол мәселесі. 2016 жылы аудандық маңыздағы жолдарды жөндеу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттерден 4 жобаға 621,8 млн. теңге қаржы қаралды.

Атап айтқанда:

«Бозкөл-Тасарық» автомобиль жолының (0-22 км) аралығын қайта жаңғырту жобасының құрылысын жалғастыруға 210,5 млн. теңге;

«Қожабақы-Аранды» автомобиль жолының (0-12 км) аралығын қайта жаңғырту жобасының құрылысын жалғастыруға 103,9 млн. теңге қаржы;

«Самара-Шымкент-Ақсуат» (0-2 км) автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарына 121,0 млн. теңге;

«Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» (30-45 км) жолын орташа жөндеуге 186,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде.

Ауылдарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл Жалаңтөс Баһадүр бабамыздың 440 жылдық мерейтойын өткізу аясында Жалаңтөс батыр ауылын абаттандыруға 70,0 млн. теңге, Әйтеке би кентігің Пірімов көшесін абаттаныруға және Тәуелсіздікке 25 жыл монументін орнатуға аудандық бюджеттен 470,0 млн. теңге қаралып отыр.

2016 жылдың 6 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция 1086,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38,3 пайызды құрап отыр. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 491,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,9 пайыз болды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция мен құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі 2015 жылы ірі көлемдегі Әйтеке би кентін газдандыру, Әйтеке би кентінің жылу жүйесін кеңейту жобасын аяқтау жұмыстарының жүргізілуінен болып отыр.

Ал, 2016 жылы ірі көлемдегі жұмыстар жоқ. Газдандыру жұмыстарының негізгі бөлігі өткен жылы жүргізілді, ал биылғы жылы тұрғын үйлерге қосу жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Жалаңтөс батыр ауылындағы 90 орындық балабақша құрылысы мен «Сыр Маржаны» ЖШС-нің 500 басқа арналған мал бордақылау алаңының инфрақұрылымы құрылысын салу жұмыстары жалғастырылды.

Сондай-ақ, құрылыс саласында көптен шешімін таппай келе жатырған мәселелерді қаржыландыруға қол жеткізілді. Екінші жартыжылдықта бірнеше әлеуметтік және басқа да нысандардың құрылысы басталады. Атап айтқанда:


  • Апаттық жағдайдағы 5 мектептің құрылысы;

Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 860,5 млн. теңге қаралып отыр. Оның ішінде Майдакөл ауылындағы 200 орындық №98 мектеп құрылысына 432,4 млн. теңге, Лахалы ауылындағы 100 орындық №93 мектеп құрылысына 368,1 млн. теңге, Бірлік ауылындағы 140 орындық №102 мектеп құрылысына 20,0 млн. теңге, Шәкен ауылындағы мектеп-интернат құрылысына 20,0 млн. теңге, Шилі ауылындағы 20 орындық балабақшасымен 50 орындық №259 мектеп құрылысыныа 20,0 млн. теңге.
- Әйтеке би кентіндегі жалпы құны 4285 млн. теңге болатын аудандық аурухананың құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 200,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 20,0 млн. теңге бөлінуде.

Сонымен қатар, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыстық бюджеттен Әйтеке би кентінен және Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптамадан өткізуге 49,2 млн. теңге бөлінуде.

Аудан бойынша көркейту-абаттандыру жұмыстарының эскиздік варианттары әзірленуде. Әйтеке би кентінің орталығындағы Әйтеке би, Қ.Пірімов, Жанқожа батыр көшелерін көгалдандыру, абаттандыру, көп қабатты үйлерге жаңа сәулетті келбеттерін қарастыру, демалыс орындары, кіші архитектуралық формалар орналастыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Басықара, Түктібаев ауылдарын абаттандыру мақсатында жобалар әзірленді. Жобада жаңа орталық алаңдары, жастар саябақтары, спорт және балалардың ойын алаңдары қарастырылған.

2016 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрады. Жыл аяғына дейін жұмыссыздық деңгейін 5,0 пайызға төмендетуге жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері 572 жаңа жұмыс орны ашылды. Барлығы да тұрақты жұмыс орындары. 7 рет өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне 113 жұмыс беруші қатысып, 348 бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде тұрақты жұмысқа 348 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 67 адам, әлеуметтік жұмысқа 2, жастар практикасына 9 адам жіберілді.

Жыл басынан 46 мүгедек жұмыс іздеуші ретінде хабарласты, одан 42 мүгедек жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 15-і тұрақты жұмысқа орналасса, 6-ы жастар тәжірибесіне, 19-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, 2-еуі әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді. 3-уі кәсіп ашу үшін несие алды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде биыл 282,1 млн. теңге бөлінді.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша республикалық және аудандық бюджеттен 1 мектеп, 1 балабақша, 2 мәдениет нысаны, 1 кітапхананың (Ақсуат ауылындағы №100 мектеп, Әйтеке би кентіндегі «Балдырған» балабақшасы, Ақтан батыр ауылындағы клуб, Қазалы қаласындағы мәдениет Үйі, Жалаңтөс батыр ауылындағы кітапхана) күрделі жөндеу жұмыстарына 176,1 млн. теңге қаралып, 33 адамды уақытша жұмыспен қамту межеленді. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2016 жылы 70,0 млн.теңге несие беру жоспарланып, 6 айда 28 адамға 64,5 млн. теңге несие берілді. Оның 13 адамы мал шаруашылығымен, 8 адам жүк тасымалы, 5 адам жолаушы тасымалы, 1 адам стоматологиялық қызмет және 1 адам тігін шеберханасын ашуды жоспарлап отыр.

Жалпы, аталған бағдарлама шеңберінде 2011-2016 жылдары 431 адамға 1 млрд. 47 млн. 300 мың теңге несие беріліп, 279 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша биыл әлеуметтік жұмыс орнына 50 адамға жалақыны субсидиялауға 12,8 млн. теңге бөлінді. Бір айға орташа жалақы 61000 теңге. Жалақыға субсидия (35 пайыз) 21350 теңге. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 27 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, барлығы 63 адам (2-мүгедек) әлеуметтік жұмыс орнына жіберіліп, 5,6 млн. теңге игерілді.

Бұдан бөлек, биылғы жылы 100 жас маманды жастар тәжірибесіне жіберуге 22,9 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңде 85 адам (6-мүгедек) жастар тәжірибесіне жіберіліп, 9,3 млн. теңге игерілді. Сонымен қатар, жастар тәжірибесіне 20 адамға аудандық бюджеттен 4,6 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жалпы, биыл «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын өзектендіру аясында 55-64 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтарды қайта даярлауға 6 адамға республикалық бюджеттен 1,1 млн. теңге, жұмыс жасайтын 18-24 жас аралығындағы жастарды кәсіптік қайта даярлауға 22 адамға респубикалық бюджеттен 4,2 млн. теңге, мемлекеттік грант бойынша жалдамалы жұмысшыларды қайта дарялауға 15 адамға республикалық бюджеттен 2,5 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Мемлекеттік грант бойынша оқытылатындарға қаржысы бюджет есебінен 80 пайызы, жұмыс берушілерден 20 пайызы төленетін болады.

Аудан бойынша 19 адамға 6,0 млн.теңгеден барлығы 115,0 млн.теңге несие қаралуда. Қазіргі таңда 29 адамның тізімі нақтыланып, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облысының филалына жіберілді.


Күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мәселесі де шешімін тауып отыр. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 207,7 млн. теңге болатын 22 жоба республикалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылады деп күтіп отырмыз, оның ішінде: 7 әлеуметтік нысанды (Әйтеке би кентіндегі №70 орта мектеп, Айгөлек балабақшасы, Қазалы қаласындағы №16, Түктібаев ауылындағы №88, Бекарыстан би ауылындағы №24, Ақтан батыр ауылындағы №190, Бозкөл ауылындағы №96 мектептер) орташа жөндеу жұмыстары бар.

Білім беруді дамыту – мемлекетіміздің басты бағыты. 2015 – 2016 оқу жылында 721 оқушы 11 сыныпты бітіріп, 492 оқушы (576 оқушы қазақ 16 оқушы орыс) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қатысу пайызы - 68,2. Орташа балл – 82,09. «Алтын белгі» белгісіне ұсынылған 36 үміткерден 19 оқушы, үздік аттестатқа 7 үміткер ұсынылып, 3 оқушы ақтап шықты. Тестілеу қорытындысы бойынша 12 оқушы шекті балдан төмен жинаса, 16 оқушы бірнеше пәндерден «2» деген баға алды.

Мектепке дейінгі тәрбие жайына келетін болсақ, 3-6 жас аралығында балабақша үшін кезекте тұрғандар жоқ, яғни 3-6 жас аралығындағы балалар 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.

Балабақшаларда 3 жасқа дейінгі балалар үшін орын тапшылығын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 6 балабақшада (Ақбота, Алпамыс, Балапан, Балдырған, Шұғыла, Ақерке) 14 бөбекжай топтары бар, оларда 260 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Сонымен қатар, 0-2 жас аралығындағы балаларды бөбекжайға орналастыру кезегінде 159 бала тұр. Бөбекжайға кезектілікті жою үшін Айгөлек, Ақерке, Балдаурен, Балапан, Сәуле, Аққоян, Шұғыла, Ақбота, Жауқазын балабақшаларының атауы «бөбекжай-балабақшасы» болып өзгертілді.



Тұрғындардың денсаулығын жақсарту күн тәртібінен түспейді. 2016 жылға жалпы халықтың 44,3%-ын (59000 адам) скринингтік тексерумен қамту жоспарланды. 6 айда 12587-і тексеріліп, 62,7 %-ы қамтылды. 327 науқас анықталып, диспансерлік есепке алынды.

Емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен 2016 жылы 80,4 млн теңге бөлініп, медициналық құрал-жабдықтар алынуда.

2015 жылдың 6 айында туылғандар 847 (2015 ж-872), жалпы өлім 161 (2015 ж-190) адам болды.

Туылым 25 адамға, жалпы өлім 29 адамға азайған.

Ана өлімі тіркелген жоқ. Сәби өлімі 7 (2015 жылы 7), 1000 тірі туылған балаға шаққанда 8,0 көрсеткіштен 8,2 көрсеткішке көбейді.

Қан айналым жүйесі ауруларының өлімі 10 (2015 жылы 19),100 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 30,4-тен 16,9-ға дейін төмендеді.

Онкологиялық ауру өлімі 26 (2015 жылы 21), 100 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 25,0-ден 34,1-ге көбейді. Туберкулезден 1 өлім тіркелді (2015 жылы -2).
Негізінен, денсаулықтың басты шарты – салауатты өмір салты. Өткен жылы ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 19084 адамға жетіп, бұл көрсеткіш аудан халқының 25 пайызын құраған болатын. Биылғы жылы бұл көрсеткішті 26 пайызға жеткізу жоспарланып, бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылдың 6 айында 130 спорттық жарыс өткізіліп, 5680 адам тартылды. Спорт түрлері бойынша спортшылар облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, 6 айда 17 алтын, 20 күміс, 26 қола медальға қол жеткізді.

Ауданда халық шығармашылығын дамытып, ұлттық өнерімізді насихаттауда мәдениет Орталығы, 26 кітапхана, мемориалдық музей, тарихи-өлкетану мұражайы және кент, қала, ауылдық округ әкімдіктеріне қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 52 мекеме халыққа мәдени қызмет көрсетеді.

Биылғы жылы аудандық бюджеттен бөлінген 18 млн. теңгеге Бекарыстан би, Қожабақы, Жанқожа батыр, Өркендеу, Аранды, Қ.Пірімов, Ақтан батыр, Сарбұлақ, Шәкен ауылдық клубтарына музыкалық аппаратуралар алынды. Сонымен бірге аудандық мәдениет Орталығына 1,9 млн.теңгеге орындықтар мен бейнекамера алуға, Әйтеке би кенттік клубына музыкалық аппаратура сатып алуға 5,0 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бойынша республикалық және аудандық бюджеттен 80,6 млн. теңге бөлініп, 3 мәдениет нысанына (Ақтан батыр ауылындағы клуб, Қазалы қаласындағы мәдениет Үйі, Жалаңтөс батыр ауылындағы кітапхана) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл аудандық бюджеттен берілген 1,0 млн. теңгеге 4 нысанға (Кіші күйік және Үлкен күйік қалашықтары, Теміржолшылар клуб Үйі ғимараты мен Құттыбай кесенесі) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және табиғат ландшафты аймақтарын белгілеу мен орнату жұмыстары қолға алынып отыр.



Жастар – қоғамның негізгі қозғаушы күші. Сондықтан, жастар мәселесі де біздің назарымыздан тыс қалған емес. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі де жыл сайын ұлғайтылып келеді. 2014 жылы 5 млн, өткен жылы 10 млн теңге бөлінсе, биыл 10 млн. 700 мың теңге қаржы бөлінді.

Жыл басынан бері аудан жастарының қатысуымен 100-ге жуық шара өткізілді. «Жасыл ел» еңбек жасағында 50 жас маусымдық жұмыстарын бастады. Бұдан бөлек «Жас құрылысшылар» жасағына жыл басынан бері 30-дан астам жас тіркелсе, қазіргі таңда оның 19 жасы уақытша жұмыспен қамтылып отыр. Алдағы уақытта құрылыс жасағына тағы да 20 жасты уақытша жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Орта Азия және бүкіл Шығыс жастарының жалынды жетекшісі, қасиетті Қазалы топырағында дүниеге келген Ғани Мұратбаевтың туғанына 114 жыл толуына орай биылғы жылы ауданымызда облыстық деңгейде байқау өткізілмек. Белсенді жастар арасында іріктеу жарияланды. Үміткерлер саны өте көп. Алда байқау қорытындысымен кемінде 30 жеңімпаз жас Ғани атындағы сыйлықпен марапатталатын болады.

Қоғамдық тәртіп мәселесіне келер болсақ, бүгінгі күнге 439 (2015 ж-450) қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыстың орын алуы 11-ге төмендеді.

Есепті мерзімде алаяқтық қылмыстары 15-тен 18-ге, есірткінің заңсыз айналымы 14-тен 16-ға өсті. Бөтеннің мүлкін жымқыру қылмыстары 252-ден 237-ге, оның ішінде, мал ұрлықтары 76-дан 63-ке төмендегенімен, пәтер ұрлықтары 41-ден 44-ке өсті. Ал, зорлау 6-дан 3-ке, тонау 7-ден 3-ке, бұзақылық 44-тен 30-ға пайызға азайды. Есепті мерзімде ауыр дене жарақатын салу, бопсалау және қарақшылық қылмыстары орын алмаған.


Жол-патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен жол бойларында көлік жүргізушілеріне қатысты қылмыстық іс-әрекеттерді дер кезінде ашу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және төмендету мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Дегенмен, жыл басынан бері аудан көлемінде 15 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 16 адам әртүрлі дене жарақатын алса, 3 адам қаза тапқан (2015 ж - 12 жол-көлік оқиғасында 10 адам дене жарақатын алып, 5 адам қаза болған).

Кадр мәселесіне келер болсақ, аудан бойынша жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны бүгінгі күнге 193 бірлікті құрап отыр. Оның ішінде ерлер саны - 135, әйелдер - 46, басшы лауазымдағы әйелдер саны - 7. Бүгінгі күнге мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің нақты саны 183 (оның 89-ы аудандық органдарда, 94-і Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы мен ауылдық округтерде).

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға өткізілген конкурстар нәтижесімен 11 азамат мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасты.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жауаптылығын арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия отырысы тоқсан сайын өткізіліп, мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалып отыр.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігіне бағынысты мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жасалды. Нәтижесі бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2016 жылғы 12 мамырдағы №169 өкімі қабылданып, 6 мемлекеттік органға талдау жүргізілуде. Ішкі талдау аяқталғаннан кейін қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарының жариялылығын арттыру мақсатында жергілікті баспасөздерде 2016 жылдың 6 айында 41 мақала жарияланып, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 20 дөңгелек үстел, 11 кездесу, 7 отырыс, 35 семинар және 2 баспасөз мәслихаты өткізілді.

Арыз-шағым. Қазалы ауданы әкімі аппаратына 2016 жылдың І-жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 308 өтініш-арыз түсті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 арызға азайған (2015 ж.-343 арыз). Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша 290 өтініш тіркеліп, оның 34-і қанағаттандырылған болса, 111 өтінішке тиісті түсініктеме беріліп, заңмен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Облыс әкімі аппараты арқылы есепті мерзімде келіп түскен 55 өтінішке сәйкес тиісті жауап хаттары берілді (2015 ж – 58).

Аудан әкімі аппаратында бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау аптасына бір рет тұрақты жүргізілуде. 2016 жылдың 6 айында аудан басшылығымен 145 азамат қабылданды (2015 ж -127 азамат).



Құрметті әріптестер! Өздеріңіз таныс болғандай, ауданда атқарылып жатқан шаруалар қатары аз емес. Алда күтіп тұрған іс те, жұмыс та жетерлік. Жоспарланған жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет