Құрметті Өскемен қаласының жаңадан бастаушы кәсіпкерлер!



жүктеу 30.38 Kb.
Дата28.03.2019
өлшемі30.38 Kb.

Құрметті Өскемен қаласының жаңадан бастаушы кәсіпкерлер!
Бүгін Қазақстанда шағын және орта бизнесті табысты дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. ШОБ қолдау бойынша мақсатты және дәйекті саясат жүргізу ел экономикасының әлеуетті дамуының негізі болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысына, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрлігінің және «Атамекен» Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерінің ұлттық палаты арасындағы 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 57 әрекет ететін бизнесті жүргізуге сервистік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа және Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы Президиумының 2015 жылғы 25 ақпандағы хаттамалық шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйені жоспарлау құжаттарымен қарастырылған кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер және кәсіпкерлік субъектілеріне, жеке тұлғаларға қаржылай емес қолдау көрсету туралы Ережесіне сәйкес «Бизнес - мектеп» компоненті жүзеге асырылады.

Қаулыға сәйкес, қаржылай емес қолдау көрсету Операторы болып «Атамекен» Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы табылады (бұдан әрі – ҚР ҰКП). ҚР ҰКП облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада бизнес оқуды кәсіпкерлеге қызмет көрсету Орталықтары арқылы жүзеге асырады (бұдан әрі КҚО). Бизнес оқу барлық экономика секторларында әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілеріне, сонымен қатар кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға тегін ұсынылады.

«Бизнес – мектеп» компоненті моноқалалар, шағын қалалар және аудан орталықтарында шағын және орта кәсіпкерлер субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға оқу жобаларын ұсынуға бағытталған.

«Бизнес-мектеп» компоненті аясында оқу семинар-тренингтері келесілерді қарастырады:

1 кезең. «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізудің негізін қысқа мерзімде оқыту;

«Бизнес – Кеңесші» жобасы – бұл өз бизнесіңді құру, маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің заңнамалық негізін, қаржы бойынша қысқа мерзімді оқыту, оның мақсаты Қазақстанның барлық өңірлерінде шағын және орта бизнесті сапалы дамытуды ынталандыру. Оқу курстарының ұзақтығы – 16 сағаттан кем емес. Оқулар тәжірибелік жағдайларды және жаттығуларды талқылаумен интерактивті режимде жүргізіледі.



2 кезең. Жобалық оқыту (нақты жоба бойынша)

«Бизнес-Кеңесші» курстарынан оқудан өткен тыңдаушылардың ішінен бағыттар мен жобалар бойынша топтар қалыптастырылады.

Жаңа бастаған кәсіпкерге таңдауға бірнеше кіші жобалар ұсынылады, оны осы ауданда немесе моноқалада (шағын қалада) жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар жоба идеясын «Шағын бизнес үшін 100 жоба» бизнес-анықтамалығындағы жобалардан пайдалануға болады.

Басым және сұранысқа ие жобалар тізімі анықталған. Жобалар оқу мерзіміне бөлінген, 1-ден 4- аптаға дейінгі кезең.

Ары қарай жобалық оқу кезеңінде практикалық тәжірибе алу, көтерілген сұрақтарды түсіндіру мақсатында дайын жүзеге асырылған жобаларға бару жүзеге асырылады.

Шағын және орта кәсіпкерлер субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға оқу барысында кәсіпкерлік қызметті жүргізудің негіздері бойынша оқу материалдары, стандартты құжаттар пакеті, соның ішінде бизнес-жоспарлар, қаражат алуға құжаттардың үлгілері, маркетингттік зеріттеулердің нәтижелері, инновация енгізу саласындағы халықаралық тәжірибелер, шағын кәсіпкерлікті құру үшін идеялар анықтамалығы ұсынылады.

«Бизнес-мектеп» компоненті жобалары бойынша өтініш шағын және орта кәсіпкерлер субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындармен КҚО, КҚП ұсынылады.

Өскемен қаласы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және Кәсіпкерлер Палатасы жеңіс даңғылы, 6 мекенжайы бойынша орналасқан.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет