Құрметті Рустем Мұқашүлы



жүктеу 93.31 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі93.31 Kb.

Бидайық ауылдық округінің әкімі – Сақым Темірбай Рақымжанұлы:
Бидайық ауылдық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және

әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен

алға қойылған міндеттері туралы

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық - торқалы тойын атап өттік. Отанымыздың ең басты бақыты - осы батырлардың білегімен,аналардың жүрегімен келген Тәуелсіздігіміз. Еліміздің шежіресіне жарқын белес болып еніп, тарих беттерінде үлкен әріптермен жазылды. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы да көреген саясатының арқасында біз –Қазақстандықтар лайықты мақтаныш ететін жетістіктерге қол жеткіздік. 15 қантар 2012 жылы кезектен тыс Парламент Мәжілісі мен ҚР мәслихат депутаттарын сайлауының науқанын өткіздік.Онда Бидайық ауылдық округінің сайлаушылары «Нұр Отан» ХДП –сына 94 пайыз дауыс берді.

2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 Ұлт көшбашысының Жарлығына сәйкес 8 рет өткізіліп отырған барлық дегейдегі әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулері,еліміздің қоғамдық саяси өмірін демократияландыру үдірісінің маңызды элеметіне ғана айналып отырған жоқ, олар атқарушы органдар үшін нағыз емтихан болып табылады , себебі ,кез келген өңірдің ,әлеуметтік- экономикалық дамуының ең бір өткір мәселелерін тұрғындар нақ сонда қозғайды. Әкімдер ел азаматтарымен кездесіп,әлеуметтік жағдайын,тұрмысын өз көзімен көріп,осы мәселелер жөнінде өз пікірлерін айтып,шешілмей жатқан түйінді мәселелердің шешімін табуға көмектесуі-соның нәтижесі.

Өткен жылдағы есептік кездесуде тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарды сараптай келсек, ұсыныстардың 6 өз шешімдерін тапқан.

2011 жыл ішінде 4 мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсында болып , білімдерін арттырды. Аппарат қызметкерлері бекітілген жылдық жоспарларға сай қызмет атқарды. Ай сайын біріңғай ақпарат күндері, ҚР-сы мемлекетінің Заңдарын әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңына арналған айлық оқу «Нұр Отан» ХДП мүшелерімен бірге түсіндіру жөнінде оқулар өткізіліп тұрады.

Өткен жыл басынан бері азаматтардан ауызша және жазбаша түскен арыздар саны 244. Барлығына жауаптары уақытында берілді.

Ауылдық округімізде жыл басынан бері халықтың тұрмыс- тіршілігін жақсарту жағында көптеген іс- шаралар атқарылды. Атап айтқанда өткен жыл жұмыстарының қортындысы бойынша, аудан әкімінің халықпен кездесуі , округ әкімінің тұрғындар алдында есеп беруі, 2011 жылғы 28 қантардағы «Болашақтын іргесін бірге қалаймыз» Елбасы Жолдауын, жүргізіп жатқан саясатын түсіндіру жұмыстарын жеткізу, басқа да жағдайлар бойынша 26 жиналыстар өткізілді.

Бидайық ,Өндіріс,Жұмысшы және Мырзағұл ауылдарынан тұратын ауылдық округтың тұрғындар саны 2127 адамды құрады, оның ішінде 169 зейнеткер, мүгедектер 52, студентер 145 , 363 мектеп оқушылары құрайды. 2010 жылы 21 бала дүниеге келсе, өткен 2011 жылы бұл көрсеткіш 22 бала.



Аграрлық сектордың дамуы.

Ауылдық округіміздің экономикалық- әлеуметтік өмірінде аграрлық сала ерекше орын алады. Елді мекен көлемінде 70879 га жер болса, оның 24180 га егіндік, 32759 га жайлымдық жер.

Ауа райының қолайсыздығына орай , 2008 жылы астықты әр гектарына 6,6 ц, 2009 ж.- 10,5 ц ,2010 жылы -11,3 ц.Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойы жыл 16,1 ц гектарына айналды. Рапс 2500 га, картоп 90 га және көкөніс 9,8 га жерге егіліп, ел тұрғындарының азықтық қажеттілігі толық қамтамасыз етілді. 2012 жылдың егістігіне қажетті ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын толық көлемде жинап алды.

Елбасының биылғы Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, 2016 жылы ет өнімін, экспорты 60 мың тоннаға жеткізу керек болса, сөйте отырып жұмыссыздар санын азайтумен шағын мал фермаларын ашу көзделуде. Округімізде бұл жоба орындала басталды, ел азаматы Ахмедьянов Асылзада 1 млн. несие алып, 12 бас ірі қара сатып алып, ферма ашты. Осындай ниет Касимов Мағтай және Шарипбаева Айманда бар, жаз шыға кіріспекші.

Ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайларының жақсы болуы, әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуі, мал санының өсуі , өнімінің сапасы жоғары болуына көп байланысты. Егерде есепке жүгінсек , ірі қара мал 3300 бас , жылқы 1850 бас, қой мен ешкі 5246 бас, құс саны 6120 құрады. Жыл басынан 230 бас сиырлар асыл тұқымды ірі қараның ұрығымен ұрықтандырылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда төл алу 8 пайызға өсті. 436 бас ірі қара етке сатылды (50 тонна ет).

Шағын және орта бизнестің дамуы.

Бүгінгі күні басты міндеттердің бірі – шағын және орта бизнестің дамуы . Округ бойынша Бидайық ауылында осы 2011 жылда жеке кәсіпкер Шарипбаева Айман Ж. өз қаржы есебіне шағын наубайхана ашты, күніне 250 бөлке нан пісіреді. Ел тұрғындары Кұспекова Зайра Т. және Мұканов Әубакір Б. жаңадан жеке меншік дүкендер ашты. Қосымша 7 жұмыс орын ашылды.



Абаттандыру , көркейту саласы.

Тәуелсіздігіміздың 20 жылдығына орай елді – мекендерде тазалық пен абаттандыру саласында көптеген жұмыстар атқарылғаны мен әлі де атқаратын жұмыстар өте көп. Жаз айларында 620 түп ағаштар отырғызылды. Тазалау жұмыстары ұйымдастырылып 5000 тонн көң- қоқыс ауылдардан шығарылды.

Торқалы тойға тарту ретінде Мырзағұл ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ескерткіш, Өндіріс ауылында «Бәйтерек» пен «Бір шаңырақ астында» монументтері орнатылса, Бидайық ауылында «Тәуелсіздікке 20 жыл» ескерткіш, шағын орталық алдында «Балалар алаңы» жасалды. Және де көптеген 10 баннерлер мен 1 тематикалық билборд орнатылды.

Әлеуметтік қорғау.

2011 жылдың бұл саласын қорытындасақ:

- жұмысқа орналастырылған саны 66 болса, тұрақты жұмыспен қамтылған 25 адам, 24 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, оған 1 млн 135929 тң бөлінген толықтай игерілді.

- жұмыссыздарды кәсіби оқыту, біліктілігін арттыру 3 адам тартылып, берілген тапсырма толық орындалды, аспазшы мен іс тігуші мамандар игерілді.

18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы 119 отбасына, оның ішінде 312 балаға 1 млн 405335 тң көлемінде тағайындалып төленеді.

Атаулы әлеуметтік көмек 25 жанұяға, соның ішінде тағайындалғандарға 717964 тң төленеді, бюджеттен бөлінген сом а 1 млн 18100 теңге, үнемделгені 464 мың теңге.

Біздің округ бойынша 2 Ұлы Отан соғыс ардагерлері бар. Имағамбетов Ануар ақсақалға өткен жылы үйін күрделі жөндеуге үкімет тарапынан 200 мың теңге бөлінсе, Шахуов Қанапияға биыл ЖШС « Мегастрой» 6,6 млн. теңге тұрғын үй салып берді.

Жалғызбасты зейнеткерлерге ( Гонштейн Эльза,Ступак Валентина, Беляева Клавдия және Абдрахманова Әсияға) әлеуметтік жұмысшы аптасына екі рет көмектесіп тұрады.

Округте қарттар мен мүгедектер айлығы аталып өтті. Жиналыстар, концерттер және әр түрлі қызмет көрсетулер ұйымдастырылып, сый – сияпаттар тартылды. Жыл басынан зейнеткерлерге демеушілік көмек 474 мың теңге көлемінде болды. Жалғызбасты кәрі адамдарға әр түрлі көмек беру үшін олар мекеме басшыларының қол үшін созатын ауыл азаматтарының қамқорлығымен қарауына алынды.

Міне, қысты бастау алып бел ортасына жақындап қалды. Біз қысқа қандай дайындықпен келдік дегенге байланысты ой қозғасақ, ел тұрғындары малдарына жем,шөп, сабан қорын жасап дайындап алды, сол сияқты отын, көмірлерін де .



Әлеуметтік –мәдени саласының дамуы. Білім беру.

Округ төңірегінде 3 орта мектеп ,1 кітапхана бар. Оқушылар саны Бидайық орта мектебінде -206, Өндіріс орта мектебінде – 88, Жамбыл орта мектебінде - 69 оқушы оқиды. Сапалы білім, саналы тәрбие беруге 84 мұғалімдер еңбек етуде. Оның ішінде жоғары білім бар 66, арнаулы орта білімі 18 ұстаздар. Мектептер жаз айында күрделі жөнделген, қазіргі уақытта температуралық режим жақсы.

Біріңғай ұлттық тестілеуге барлығы 28 оқушы барады. Егер Бидайық орта мектебі 2006 жылы Біріңғай ұлттық тестілеуден облыс бойынша І орын алса, өткен жылы 3 мектепте бұл салада көрсеткіштері онша болмады. БОМ - 6 орын,ӨОМ -17 орын,ЖОМ -11 орын.

Жалпы білім ордалары елде мәдени және қоғамдық өмірдің көрігін қыздырып, оның ошағына айналып, ауылдық әкімдікке де көп көмегін тигізіп отырады.

Осыдан басқа бұл салада 3 мектеп шаңырағы астында шағын бала бақша жұмыс істейді. Ондағы балалар саны 70 . 363 оқушының тегін ыстық тамақтанумен 136 бала қамтылған , қалғандары ата-аналар қаражаты арқылы тамақтанады

(188 бала).

Спорт саласында биылғы жылы облыс және аудан көлеміндегі өткізілген спорт жарыстарына жастарымыз үзбей белсенді қатысып тұрады. Бүгінгі күні хоккей қортының мұз айдынына су құйылып, желтоқсан айының басынан корт басын балалар, жастар босатпайды.Бұл салада үлкен белсенділік көрсетіп жүрген мектептердің дене шынықтыру мұғалімі. Ерекше атын атап кету керек Мухамедьяров Дулат Болатұлы.

Денсаулық сақтау саласы.

4 ауылда 3 ФП 1 СВА жұмыс істеуде, 2 жедел жәрдем автокөлігі бар. Дәрігерлер жеткілікті, арнаулы орта білімдері ғана болса да. Мекемелер дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етілген. Өткен жылы қауыпты індет тіркелген жоқ.



Салық және бюджет саласы.

Бүгінде мемлекет бюджетіне шашау шығармай, өз мақсатына жұмсауға деген талап күшейді. Біздің округте бюджет қаржысын жұмсау заң аясында берілген 9 млн. 861 мың теңге жүз пайыз игерілді. Бюджет қаржысын толықтырудың бір талабы- салық көрсеткішін жақсарту, жинау . Сондықтан , біздер жер салығын 111 % (146200 теңге) , мүлік салығын 108 % (75100 теңге) және көлік салығы 132 % (1,934100тң) , ал бір реттік салық талондары 101 % орындалса 132876 теңге жиналды.



Телефон және пошта байланысы.

Округ көлемі аудандық телекоммуникация жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бидайық ауылында 286 абонентік, Өндіріс -106,Жұмысшы-12, Мырзағұл- 49 абонентік телефон байланысы бар . Барлығы 453 үйде 90%.

Бүгінгі күні ауылдық округі бойынша 3 пошта торабы халыққа қызмет көрсетуде, зейнетақы, газет, жорналдар уақытында таратылады. Жарты жылдығына арналған мерзімді басылымдарға (газет, жорналдарға) жазылу тапсырмасы орындалды.

Ішкі саяси тұрақтылық.

Ұлттық тәрбиені, қоғамдық құндылықтарды , салауатты өмір салтын насихаттауда және қайырымдылық шараларға қатысуда округіміздегі екі мешіт

( намазхандары), ақсақалдар , әйелдер кеңесі көп үлес қосуда.

Қоғамның дұрыс дамуына елде тәртіп сақтау шешуші әсер етеді. Қыс уақытында суық күндері кешкілікте, мейрам күндері кезекшілік ұйымдастырылады. Елді мекендердегі қоғамдық ұйымдар жастарды инабаттылыққа ,еңбекке баулуға, ел бірлігін, біртұтастығын сақтауға тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізеді.



Тәуелсіздік жылдары қол жеткен істер.

Тәуелсіздігімізге 20 жыл .Осы жылдары округімізде ауыл шаруашылығы жеке меншікке айналып 150 шаруашылық қожалығын ашқан болатын , оның ішінде кейбіреулері нарық қыспағына төтеп бере алмай жабылып қалды.Бүгінгі күнге қалғаны 6 ЖШС және 48 ш/қ.

Басқада 20 жылдың ішінде жеткен жетістіктерді атап өтсек, бірінші- Ақтүйесай –Бидайық су құбыры тартылды. Бұған жұмсалған мемлекет тарапынан қаражат -106 млн 646 мың теңге.Өндіріс ,Жұмысшы Мырзағұл ауылдарына өткен жылы жер астына емкостар орнатылып таза су тасып тұрмыз.Келесі (2012-2013) жылдары Ақтүйесай- Мырзағұл су құбыры тартылмақ. ЖСҚ – дайындалуда

(13 млн. тң.) жұмсалса,жалпы құбыр құны -700 млн. тң.

Бидайық ауылында жаңадан ауылдық дәрігерлік амбулатория салынды, 1 жедел жәрдем автокөлігі алынды. Округіміздің үш ауылында шағын бала бақша ашылды.Бидайық ауылында цифрлі АТС , қалған үш ауылда сымсыз телефондар іске қосылды. Егер 2005 жылы телефон округіміз бойынша саны не бары 70 қана болса, қазір 453 данаға жетіп отыр. Оның сыртында 4 ауылды ұялы байланысы жұмыс істейді.

Бидайық ауылында орталық көшесіне ұзындығы 1665 метр жарықтандырылды, жұмсалған қаражат 3 млн 700 мың тң.

2006 жылы Бидайық - Өндіріс автожолына күрделі жөндеу жасалды, құны 5,5 млн. теңге. 2006 жылы Бидайық ауылында хоккей корты салынды.

Осы 20 жылдың ішінде 10 жеке меншік дүкендер , 1 кафе ашылды, оларда 12 кәсіпкерлер жұмыс істейді, 2 жеке меншік үй сатып алынып, оларды күрделі жөндеп, ФАП ғимараттарын Өндіріс ,Мырзағұл ауылдарында аштық.



***

Алдағы 2012 жылы атқарар шаруалар әлі де баршылық. Олар Ақтүйесай- Мырзағұл су құбырын тарту.



  • Шағын мал фермаларын ашу, ол үшін несие алуға көместесу.

  • Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын белсенді түрде ұйымдастыру.

  • Егін және мал шаруашылығықтарын интенсивті түрде жүргізу.

Бастысы округ тұрғындарының өмір сапасын арттыру – біздің жұмыстарымыздың басты мақсаты болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет