Шымкентте прокуратураның жаңа мектеп ас мәзіріне қатысты айтқан ескертулерін елемеген қалалық білім басқармасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: dzen.ru

Еңбекші аудандық прокуратурасының тексеруі барысында 80 мыңнан астам оқушының құқығы бұзылғаны анықталды.  

"Прокуратура туралы" заңның 32-бабының (Прокуратура актілерінің жүйесі) талаптарын орындамағаны үшін департаменттің лауазымды тұлғасына "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 664-бабы бойынша (Соттың жекеше ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынуы бойынша шаралар қолданбау) 28 800 теңге айыппұл салынды", — делінген хабарламада.

Аталған ақпаратқа орай Stan.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінен мектептегі ас мәзіріне қатысты білім басқармасына қандай ескерту айтылғанын және қай лауазымды тұлғаға, нақты қандай айыппұл салынғанын сұрап көрді. 

  • Балалар тамақсыз қалуы мүмкін: Қостанайда мектеп асханасында дау шықты
  • "Қатып қалған нан, салқын тағам": Алматы облысында ата-аналар тағы да мектеп асханасындағы тамақ сапасына наразы

Әкімдіктің хабарлауынша,  Еңбекші аудан прокуратурасы қалалық білім басқармасының 2023 жылға арналған перспективалық маусымдық екі апталық жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған ас мәзірін тексереді.

"Тексеру барысында санитарлық қағиданың 169 тармағына сәйкес күн сайынғы тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай бидай наны, көкөніс мен қант қосылады. Басқарманың қыс көктемдік ас мәзірінде 1 аптаның 3 күнінде сүт өнімдері, балық қарастырылмаған. Демек бұл заңнамалардың бұзылғаны. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер бойынша басқарма басшысының орынбасары Г. Дарыбаева әкімшілік жауапкершілікке, жалпы орта білім беру және тәрбие жұмыстарын дамыту, қосымша білім беру бөлім басшысы Е. Жакаевқа, бас маман Т. Жанабілге  "сөгіс" түрінде тәртіптік жаза қолданылған", — делінген Шымкент қаласы әкімдігінің хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы 206 мектептің асханасына оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін бейнебақылау орнатылғаны туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.