Қорғаныс министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған Қазақстан Украинаға әскери көмек көрсетеді деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Ресейлік БАҚ-та "Укрспецэкспорт" компаниясы Украинаның қажеттіліктері үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу бойынша Қазақстанмен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған.

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тараған Қазақстан "Укрспецэкспорт" компаниясымен Украина қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған.

Министрлік мұндай ақпараттардың Қазақстанның беделін түсіруге бағытталғанын, таралып жатқан қауесеттерге назар аудармауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.