Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирдің алғашқы кездесуінде сенімді жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Бокстан Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов Италияның Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. 71 келіде сынға түсетін отандасымыз алғашқы айналымда финляндиялық Сэм Мороватимен жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан және Нұрбек Оралбай да алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жеткенін жазған едік. Ал қыздар арасында Римма Волосенко екі кездесу өткізіп, жеңген.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.