ҰрпақҚА Ұран болған ұлы жеңІС! Мерекелік іс-шараның мақсаты



жүктеу 111.36 Kb.
Дата02.09.2018
өлшемі111.36 Kb.



ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС!
Мерекелік іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиғанаталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
І жүргізуші:

Соғыс жылы бәрін де мұң кернеді,

Байғұс ана жас баласын тербеді.

Мен білемін, біздің қазақ еліне,

Ұлы жеңіс оңайлықпен келмеді.

ІІ жүргізуші:

Жауға деген өшпенділік сөнбеді,

Біздің қазақ ешнәрсеге көнбеді.

Сол соғыста үлкен ерлік көрсетіп,

Қазағымның ұл-қыздары ерледі.

І жүргізуші: Соғыс.Осы бір ауыз сөзде қаншама ызғар, салқындық бар. Соғыс деген сөзді естігенде жүрегі мұздамаған, көңіліне қаяу түспеген адам жоқ шығар. Қар жамылып, мұз жастанып, ұйқы мен күлкі көрмей өткізген 1418 күн ешқашан ұмытылмайды.

ІІ жүргізуші: Сол кездегі Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстан халқы да бұл соғысқа қатынасып, қасық қандары қалғанша жаумен шайқасты.

Қазақ өзінің батыр халық екенін тағы бір дәлелдеп шықты.



І жүргізуші:Дүниежүзі халқы бостандық алды. Батыр аталарымыз сыйлаған бейбітшіліктің арқасында Ұлы Жеңістің 72 жылдығын қарсы алғалы отырмыз.

ІІ жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қадірлі ардагерлер және мектеп оқушылары,биылғы Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!



І жүргізуші

Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер

ІІ жүргізуші:

Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
І жүргізуші:

Тағы да көктем келді. Тағы да Жеңіс күні келді. Мерекенің сәні болған майдангерлеріміздің қатары сиреп бара жатқаны жанға батады.Әйткенмен өмір жалғаса берер. Десе де, «Әр заманның үлгісі өзіне қымбат». Туған ауылдың иесі де, киесі де бола білген батыр аталарымызды, елімізді, жерімізді сақтап қалған даңқты ардагерлерімізді Жеңіс күні жақындаған сайын еске аларымыз анық.



ІІ жүргізуші:

Иә,аға буын өкілдерінің өшпес ерлігі мен еңбегінің жемісі – Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мерекесіне жете алмай кеткен ардагерлер де бар. Олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету кейінгі ұрпақтың парызы болып қала бермек.Ендеше соғыста опат болып,мерекелі де берекелі бейбіт күннің бейнесін көре алмай кеткен батыр бабаларымызды орнымыздан тұрып еске алып бір минут үнсіздік жариялайық!



І жүргізуші:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы!

ІІ жүргізуші:

Иә, жақсылықтың сыңарына,ардагерлеріміздің арманы мен ұранына, әр жыл сайын атап өтетін мерекенің бұлағына айналған бүгінгі кезекті концертіміздің шымылдығын ашып беру үшін ҚР Білім беру Ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері, №148 мектеп-гимназиямыздың директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызын ортаға шақырамыз.



І жүргізуші:

Ұлы Отан соғысы ең ауыр, әрі қантөгісті, өзінің талқандау күші мен ұрыс қимылдарының ауқымы жағынан адамзат тарихында теңдесі жоқ үлкен майдан болды.



ІІ жүргізуші:

Әлемді фашизмнен құтқаруға бағытталған соғыста біздің еліміз – Қазақстаннан да көптеген азаматтар қатысты.



І жүргізуші:

Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды. Ол дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті.



ІІ жүргізуші:

Соғыс қимылдары әлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша бұл алапатта 60 млн. адам қаза тапты. Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 млн. деп есептеледі. Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі айрықша болды.



І жүргізуші:

Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.



ІІ жүргізуші:

Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Леонид Беда ,Рахымжан Қошқарбаев,Қасым Қайсенов,Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Сұлтан Баймағамбетов, Хиуаз Доспанова.Нүркен Әбдіров сынды қастерліде қасиетті есімдерді тоқтатпай жалғастыра беруге болады.



І жүргізуші:

Осы аталғандардың ішінде ұрыста көрсеткен ерлігіне сай батыр атағын алмай кеткен бабаларымыз қаншама. Бірақ істің ақ-қарасына айырар уақыт әлі алда болса, еткен ерлік ешқашан ұмытылмайды. Кескілескен ұрыста жігерін жасыта алмаған бабаларымыздың әлі-ақ даңққа бөленетініне біз бек сенеміз.



ІІ жүргізуші:

Жауынгер жігерін, майдан даласындағы сұрапыл шақтарды, Отанына адал ұл-қыздардың қайсарлығын суреттейтін соғыс жылдарындағы әндер мен Жеңіс жырлары 72 жыл бойына өміршеңдігін жоғалтпай, өрлік пен ерліктің өшпес рухындай болып жасап келеді.Ендеше, «Сарбаздар» 8 Г сыныбын қарсы алайық!



І жүргізуші:

Соғыс кезінде от пен оқтың арасында жүрген қазақ жауынгерлері бір қолына қару алса, бір қолына қаламды серік етті.



ІІ жүргізуші:

Олардың шығарған өршіл жырлары соғыс алаңындағы ер-азаматтарға сөнбес жалын берді, бойларына батырлық арын берді.

(Оқушылар ортаға шығып өлеңдерін оқиды)

І жүргізуші:

Кешегі майдан шебінде

шайқасып жүрген жалын ер,

Көрсеттің үлгі еліңе

Атандың нағыз жауынгер

ІІ жүргізуші:

Елің үшін қам жедің,

Қырандай едің қайтпаған.

Соғыстың кейбір әндерін

Шырқаймыз қазір қайтадан.

«Ақ көгершін» әнімен Серікбай Аделяны ортаға шақырамыз!


І жүргізуші:

Кешегі қасіретті де қаһарлы күн  оқиғалары уақыт өткен сайын бізден қашықтай түсуде. Десек те, сол оқиғалар – өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты байланыстырушы. Міне,биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да – 72 жыл.



ІІ жүргізуші:

Бұл – сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш еткен, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен майдангерлерге құрмет ешқашан толастамасы анық.



І жүргізуші:

Сол жылдарындағы сұрапыл соғыс адамзат атаулы нәр алатын мәдениет бұлағын тоқтата алмады,оған тосқауыл қоя алмады. Есесіне Отан,соғыс, майдан,жеңіс тақырыбындағы шығармалар ән-күй би болып,патриоттық, жоғары биік пафостағы КСРО халықтарының өнеріне жаңа түр енгізіп оны барынша толықтырды.



ІІ жүргізуші:

Ендеше, ендігі кезекте «Катюша» биімен 7«Ә» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз!



І жүргізуші:

Естен кетпес қиын күндер – соғыстың тарихы, ал соғыстың тарихы – халық ерлігінің шежіресі. Ол ешқашан өшпейді.Оның сондықтан да  тарихқа қажет жері  – осы. Оған керегі – өткен күннің күлі емес, оның оты.



ІІ жүргізуші:

Құрметті ардагерлер,бүгінгі болашақтың бағытында Сіздердің арқаларыңызда бағындарған беделіміз мен биігіміз көп.Әйтсе де бір мезет өткенді таразылап тарих тереңіне тағы бір рет үңіліп көрейікші.



( Көрініс)

Екінші жаһан соғысының қайғы-қасіреті ,зардап зары әр қазақ отбасының шаңырағын шайқалтты.Ұлдарын қан майданға аттандырып, елде солардың тілеуін тілегін талай -талай ата-аналарының қабырғасы қайысып, белдері бүгілді. (Шымылдықтың сыртынан оқылады)



Мамыражай ауыл өмірі, сценада жайлаудағы үйдің көрінісі, әдемі сарыарқаның көрінісін көрсететін әуен немесе күй ойнап тұр.

Күлпәш ене күбі пісіп, кішкентай ауыл балалары асық ойнауда. Ауылдан аса ұзамай шөп шауып жүрген шаңырақ иесі жалғыз бала –Құдайберген .

Кенеттен биік баған басында тұрған радиодан «Тыңдаңыздар» деген суық хабар естіледі.Барлығы үрпиісіп,бастарын көтереді.Шуласып асық ойнап жүрген балалар да тына қалады...

Радиодан :Бүгін 1941 жылдың 22 маусымы күні таңсәріде фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады.Тыңдаңыздар...дей бергенде бәрі шуласып таңырқаған күй көрсетеді.Асығын тастай бере балалар: -Не болды?Апа,не болды? Деген сұрақтар қоя бастады. Осы кезде шымылдық сыртынан оқушы:



Төнгенде қатерлі күн, қара тұман,

Аяққа шырмалғанда шұбар жылан.

Ту ұстап,тұлпар мініп ел қорғауға

Азамат азамат па аттанбаған.

Осы кезде күбісін тастай бере Күлпәш ене :-О! Сұмдық!Не дейді

Осы кезде ауылдың үлкен қария анасы таяғына сүйене басып кіріп келеді.

Күлпәш:-Жеңеше,естідің бе бұл сұмдықты, не дейді!?

Жеңеше:-Естідім, естідім Күлпәшжан, суық хабар жатпас болар.Елдің үлкені болған соң, тым болмаса сөзім медет болсын деп басу айта келдім. «Көппен көрген –ұлы той» деген.

Күлпәш:-Жеңеше-ау ! Құдайдан бір ,адамнан екі сұрап алған жалғызымды аттандырып, аңырап қалсам не болғаным.Өзегім өртеніп кетті-ау!(жылайды).

Жеңеше:-Сабыр , сабыр, Күлпәш. Ортақ Отанымыздың басына күн туғанда ешкім де жай жатпас болар .

Күлпәш:-Жеңеше-ау, елі үшін, жері үшін аттанар азаматтарымыздың жеңіспен аман-есен оралуын тілегеннен басқа не істейін-ау, не істейін!

Маңдайыма біткен жалғызды құдайдан тіледім (жылайды).

Тағдыр жазған өмірге көнбейтін пенде бар ма екен, қабырға-қолқам сөгілді-ау.

Жеңеше:-Иә, сабыр , Күлпәшжан, сабыр. Қазақ халқы небір зұлмат заманды басынан өткермеді дейсің.

Естеріңде болса, Ұлы қазан төңкерісінен соң өзінің туған жерінде өзінің қанын төккенде, 31-32 жылдары жазықсыз құмырсқадай қырылғанда, 37-38 жылдары жазықсыз халық жауы атанып тентіреген де біздің қазақ емес пе еді!...

Біз қазақ күрескенбіз де, жеңгенбіз де, жеңеміз!

Осы кезде ауыл азаматтары жиналып соғысқа аттанатын кезі көрсетіледі.

Сахнада «Свещенная война» музыкасы ойналады.

Қыз балалар, ауыл адамдары.

Қыз бала ағасына: -Аға, елге аман-есен оралуыңды тілеймін. Дәл қазір аттанар сәтте осынау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші! Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан-Ананы еске түсірші сен, соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып тұр, аға.

Ағасы: - Отан деген бір ғана сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр. Қарындасым, жасыма!

Қыз бала: - Аға, біз апам екеуміз сағынамыз. Хат жаз!

Оқушы: - Аға, ауылда өздеріңнің іздеріңді басып, елге тірекші болып, біз, жасөспірімдер қалмақышымыз. Барған жеріңнен шамаң келсе хабарласып тұр. Күтеміз!

Оқушы: - Әке, әкетайым!

Анамыз екеуміздің ауылдағы кішкене ғана етер еңбегіміз өзіңе, жүрегіңе қуат болып, күш берсін. Қолымыздан келер ештеңе жоқ, барлық ауыр еңбек, қайғы шер ұмыт болар күн туса, арман жоқ.



Әкесі: - Жаман солдат болуға біздің құқымыз жоқ. Біз Исатай мен Махамбеттің, Амангелді мен Абайдың халқының балаларымыз. Біздің қылышымыз фашист қанымен суарылуы керек, серт осы болсын!

Ауыл ақсақалы бата береді.

Сахнаға жас жұбайлар шығады.

Құдайберген: - Иә, Назгүл, тап қазір осы мезгілде, аттанар шақта аузыма сөз де түспей тұр! Өлім деген еш нәрсе емес, өлімнен қорқып бара жатқаным жоқ.

Назгүл: -Жаным, хат жазып, хабарласуыңды сұраймын. Елің үшін жаныңды беру қиын емес, өйткені елсіз, Отансыз күн кешу мүмкін емес.

Бір сәт көзіңе елестетші! Жолдас, дос тіпті тәтті. Туған жер тағы ыстық! Бірақ, жаным, сенсіз қалай күн кешемін! ( Жылайды )



Құдайберген: - Асылым, жыламашы, жылай білген адам қуана да, күле де біледі. Мен сенемін, елімде өмірімнің жалғасы боларына. Елін сүйген ер жігіт қазіргідей заманда «Елім-ай!» десе, ол-ант! Ол- серт! Ендеше сол жігіттің дүниеге келер кішкентай ғана жалғасына көкесі барын ұмытқызбағайсың!

Назгүл: - Жаным, біз күтеміз, зарыға күтеміз. Артыңда адамыңның қалғанын, дүниеге келер бөбегіңнің күш-қуат бола алатынын есте сақтағайсың. (қоштасады)

Енді сахнада атыс, бомба дауысы музыка арқылы беріліп тұрады.

Бір мезет тыныштық. Солдаттар блиндажда дем алып отыр, бірі гимнастеркасының жағасын тігіп, әскери ыдыстан тамақ ішіп, мылтықтарын тазалап отырған кез.

Осы кезде барлаушы дүрбісімен жан-жақты шолып келеді.

  • Жолдас лейтенант, әзірше тыныштық.

Лейтенант: (Дөңгелене отырған солдаттардан сұрайды)

-Гранаталарың бар ма?



Солдат: - Үлкенінен екеу бар, бір қармануға жетер.

2 солдат: - Жарайды. Жолдас лейтенант, бізге көмек келмей ме, екен? Тым қиын болып барады-ау!

Лейтенант:- Білмеймін. Бірақ бір адам тірі қалғанша осы арадан шегінбейміз.

Солдат: - Жоқ, әншейін сұрағаным ғой. Шыдармыз. Ана боздақтардан жанымыз артық па? Топырақ осы жерден бұйырса...

Лейтенант: - Жолдастар біз жақсы достарымыздан айырылдық. Олар асқан ерлік көрсетті. Бізді де ерлікке қарыздар етіп кетті.

Шегінер жер жоқ! Достарымыздң қасиетті қаны төгілген жерден бір қадам шегінбеске ант етеміз!



Сұрапыл бомба, атыс, мина дауыстары үдеп кетеді.

Лейтенант дауысы: - тез орындарыңа! Ұрысқа дайындалыңдар!

Соғыс жүріп жатады. Балалар сахнадан кетіп қалады.Бір әже отырады. Қасына көгершін ұшып келеді.

(Радиодан Жеңіс хабары)

І жүргізуші:

Лирика емес кәдімгі,

Тыңдарсың ғажап әніңді

Қай кезде де ән керек

Тебірентер жаныңды.

ІІ жүргізуші:

Ортада « »әнімен қарсы алыңыздар!



І жүргізуші:

Бейбіт аспан, сен ашық бол, киелім,

Саған келіп әз басымды иемін.

Достық, бірлік, ынтымақтың нышаны,

Саған қанша ел жетпей кетті құсалы.

ІІ жүргізуші:

Қанша аспанды бұлт торлап тұр қайғылы,

Достық – сенсің дархан елдің айбыны.

Жақсаң алау – жақ кеудеме оттай ғып,

Сен байлықсың, сенен асқан жоқ байлық!

І жүргізуші:

Біз аянбай күрескен ардагерлерімізді ерекше көңілмен еске алып, батырлықтарын ұмытпауымыз керек. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.



ІІ жүргізуші:

Ал біз оларға тағзым ете жүріп, бүгінде тірі аңызға айналған ардагерлерімізге құрмет көрсетелік!



І жүргізуші:

Көрсе де қанша мың қайғы,

Ардагерлерім сынбайды

Соғыс дегенің сұмдық қой

Көрмейік енді ондайды

ІІ жүргізуші:

Бүкіл халық тілегіне үн қосқан – « »

(Балалар хор айтады)

І жүргізуші:

Ұлы Жеңіс-- бұл ұлы мереке.Әрі қарай бетбітшілікке ұласқан бейбіт аспан мен бейбіт жердің бейнесі. Адамзатқа тыныш, бейбіт тіршілік бәрінен қымбат. Өмір үшін баланың шаттық күлкісі мен ананың әлдиінен, құстардың әні, сұлу гүлдердің сәнінен асқан сый бар ма?



ІІ жүргізуші:

Біз бүгін кешегі қанды майданда шайқасқан ардагерлерді, тылда еңбек етіп, жеңісті жақындатуға күш салған барша аға ұрпақты осынау ұлы күнмен шаттана құттықтаймыз.



І жүргізуші:Әлемде мәңгі бейбітшілік сақталып, ешқашан күн сөнбесін, бұлт төнбесін!

ІІ жүргізуші:

Осымен меркелік кешіміз де өзінің мәресіне жетті. Жеңіс туы мәңгілік желбіреп, ардагерлеріміздің мәртебесі арта берсін!Елімізде тыныштық пен бейбітшілік мәңгілік салтанат құрсын!
Каталог: uploads -> konspekt -> literatyra
literatyra -> Сабақтың көрнекілігі: әнші құстар, тордағы құстардың, туған ауланың, қаласының суреттері. Сабақтың барысы
literatyra -> Тақырыбы: Денелер
literatyra -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы ұлы суреткер Сабақтың мақсаты
literatyra -> Интеллектуалдық ойыны Мақсаты
literatyra -> Задачи: Личностные
literatyra -> Сабақтың тақырыбы 11. 02. 15 Диқан баба Мақсаты
literatyra -> Сабақ тақырыбы: Жіңішке дауысты дыбыстар.Әнші төлдер
literatyra -> Мухамеджан Куралай Алиевнаның әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ
literatyra -> Сабаќтыњ таќырыбы: Жыр патшылыѓыныњ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет