Ұрпақтар әрқашан біліп, ұмытпауы керек.(ерлік сабағы)



жүктеу 47.47 Kb.
Дата19.05.2018
өлшемі47.47 Kb.

Ұрпақтар әрқашан біліп, ұмытпауы керек.(ерлік сабағы)


Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу
Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды
Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету
1 – жүргізуші
Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар ! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған « Ұрпақтар әрқашан біліп, ұмытпауы керек » ерлік сабағымызға қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық Сейфиев Орал Сакенұлы,Хамзин Кемел Тұяқ ұлы.
1 – жүргізуші: «Ауған ақиқаты» соғысы тарихы туралы Шекенов Ербұлан Тельманұлына сөз кезегін береміз.

2 – жүргізуші: Бейне ролик назарларыңызға ұсынамыз .


1 – жүргізуші
Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік.
Алдымыздағы ақпанның 14 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 27 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.
1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.
«Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.

2 – жүргізуші:


КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққанына 27 жыл толуын атап өту қарсаңында.


Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еліміздің құрметті жауынгер интернационалистеріміз.

1 – жүргізуші:


- Осыған байланысты қазіргі жастарға қойылатын талап өте жоғары деңгейде екенін біле отыра жастардың білім алуға, еңбекке деген, Отан қорғауға деген жауапкершілігі қаншалықты деңгейде екені жайлы ой бөлісе отырсаңыздар ортаға ауыл әкімшілігінен келіп отырған қонағымыз Жиентаев Аманкелді Сүлеймен ұлына сөз кезегін береміз.

Келер кезекті әнге береміз ән «Алға ,Қазақстан »

2 – жүргізуші
«Ұрпаққа аманат» арнауын назарларыңызға ұсынамыз.Ортаға Бейсенбиева Айжан,Алтаев Жандос.
Ұрпаққа аманат

Баласы батыр туғаннан


Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан
Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып

Ел үшін өткен батырлар


Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар

Олардың ерлік тәлімі


Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл - қыз хәліңді
Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол

1 – жүргізуші:


«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

ІҮ. «Ардагермен сұхбат»


- Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз??
- «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

- Ауған жерінде болғанда елден хабардар қалай алып отырдыңыз?

-Қазір бірге болған жауынгерлермен хабарласып тұрасызба?
2 – жүргізуші: Келер кезекте мектебіміздің 10 сынып оқушысы Атамбай Дамирді бүгінгі ерекше күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер.Әсери құжатын тапсыруға ауған ардагері Орал Сәкенұлын ортаға шақырамыз.

Аюпова Данагүл « Арнау».


Арнау
Алғашқы әскери дайындық пәнін өткенің

Кәмелетке жеткенің

Келешек сенің қолыңда

Қорғаны бол еліңнің .

Ұшырдық сені самғатып.

Арайлап келіп таң да атып.

Қорғаны бол еліңнің

Ерте тұрып кеш жатып

Қызмет ету –Отанға

Біле білсең парызың

Қорғаны болу еліңнің

Міндетің әрі парызың


1 - Жүргізуші: Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың


Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес. Келер кезектегі әнді сізге жолдаймыз «Аман бол ағаларым» орындайтын Әшімова Сабина,Набиева Мадина
2 - Жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.

Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі

Ұрпақтар әрқашан біліп,

ұмытпауы керек.

(ерлік сабағы)



Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі

Шекенов Е.Т.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет