Құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы



жүктеу 73.84 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі73.84 Kb.


2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін

құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы « » .

№ қаулысымен

мақұлданған
Жоба


2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, бұдан әрі Тараптар деп аталатындар,

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы Келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 20-бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісімге келді:



1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенi» – 2016 – 2025 жылдары Ресей Федерациясының Федералды ғарыштық бағдарламасымен құрылуы қарастырылған ресейлік келешегі мол экологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары, орта класты тасымалдағыш зымыранмен ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған кешен. «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенi құрамына «Байқоңыр» ғарыш айлағының «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің техникалық құралдары, ғимараттары мен коммуникациялары негізінде құрылатын старттық және техникалық кешендер, жерүсті ғарыш инфрақұрылымдары объектілерін пайдалану бойынша персоналды дайындауға оқу-жаттығу құралдары, Қазақстан Республикасының аймақтарында тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің құлау аудандары, телекоммуникациялық және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі, жерүсті ғарыш және қамтамасыз етуші инфрақұрылым объектілері кіргізілген;».

2-бап
3-бабы мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:

«Бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталы ұлғайтылған жағдайда әрбір Тараптар акционерлеріне жатқызылған дауыс құқығын беретін акциялардың тепе-тең санымен көрсетілетін акциялар саны бойынша тепе-теңдікті сақтайды.

«Байқоңыр» кешеніндегі Бірлескен кәсіпорынның филиал жұмыскерлері «Байқоңыр» ғарыш айлағының персоналына жатқызылады.».
3-бап
4-бабы мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

«Бірлескен кәсіпорынның 2019 жылғы 15 қарашаға дейінгі туындаған бюджеттік кредит бойынша міндеттемелері Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес республикалық меншікке айналуға жатқызылған, кейіннен Қазақстан Тарапынан акционерге оларды кейін тапсыра отырып акциялардың қосымша эмиссияларына айырбасталады.

Қазақстан тарапы қарызды айырбастау күнінен бастап алты ай ішінде Бірлескен кәсіпорынның акцияларын өтеусіз негізде Бірлескен кәсіпорындағы Тараптардың тепе-теңдігін сақтауға қажетті санын Ресей Тарапы акционерінің меншігіне тапсыруды қамтамасыз етеді.».
4-бап
Мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

«4-1-бап


Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қаржыландыруды қамтамасыз етеді (мемлекеттік тапсырма нысанында):

Ресей Тарапымен жалға алу құрамынан шығарылған «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру және жұмысқа қосу үшін пайдаланатын «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымдары объектілерін ұстау және пайдалануды;

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру және одан автоматты және басқарылатын ғарыш аппараттарын ұшыруды жүзеге асыру үшін «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымдары объектілерін қайта құру және жаңарту, оның ішінде старттық және техникалық кешендерін қоса алғанда (старттық және техникалық кешендердегі тасымалдағыш зымыранды дайындау кезінде пайдаланатын бақылау-тексеру аппаратураларын, сондай-ақ шектеулі рұқсаттағы жүйелер мен агрегаттарды шығарып тастағанда), сондай-ақ жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерге күрделі жөндеу мен қайта құру жүргізуді;

старттық және техникалық кешендерді пайдалану бойынша персоналды дайындау үшін оқу-жаттығу құралдарын құруды;

Қазақстан Республикасы аумағында тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің құлау аудандарын бөлуді;

телекоммуникациялық және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін жаңартуды;

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін пайдалану үшін қажетті қамтамасыз етуші инфрақұрылым объектілерін құруды және жаңартуды қамтамасыз етеді.

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жобасын қаржыландырудың мерзімдері мен көлемі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесімен анықталады.

Ресей Тарапы:

келешегі мол орта класты тасымалдағыш зымыранды құруды;

тасымалдағыш зымыранның құрама бөліктерінің тасымалдау құралы жиынтығын құруды;

техникалық кешеннің үдеткіш блоктарын, техникалық кешеннің ғарыш аппараттарын, техникалық кешеннің ғарыштық басты бөлігін жаңғыртуды;

басқарылатын көлік кемесінің техникалық кешенін құруды;

телеметриялық ақпараттарды өлшеу, жинау және өңдеу құралдары кешенін жаңғыртуды;

старттық және техникалық кешендердегі келешегі мол орта класты тасымалдағыш зымыран үшін бақылау-тексеру аппаратурасын құруды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.».
5-бап
5-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-бап


Тараптар 2022 жылы орта класты тасымалдағыш зымыранмен «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешеніне ұшыру сынақтарын бастауды қамтамасыз етеді.».
6-бап
6-бабының екінші және үшінші абзацтары мынадай мазмұнда жазылсын:

«Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

Ресей Тарапынан – «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясы».
7-бап
10-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«10-бап


Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру мақсатында Тараптар Бірлескен кәсіпорынға Тараптардың құзыретті органдарының келісімі бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағының жерүсті ғарыш инфрақұрылымының қолданыстағы құрылыстарына (объектілеріне) ажыратылатын және ажыратылмайтын жақсартуларды енгізу мен жаңа құрылыстарды (объектілерді) құру құқығын ұсынады.

Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптардың құзыретті органдары бекіткен тізбеге сәйкес «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің объектілері «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей Тарапы жалға алған объектілерінің құрамынан шығарылады және Қазақстан Тарапына Жалға алу шартымен анықталған тәртіпте 2018 жылғы 1 маусымға дейін тапсырылады.

Қазақстан Тарапы Бірлескен кәсіпорынға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің көрсетілген объектілерін сенімгерлік басқаруға тапсыруды қамтамасыз етеді.

Қажет болған жағдайда, Бірлескен кәсіпорынға Жалға алу шартымен белгіленген тәртіпте, «Байқоңыр» кешені объектілерін жалға алудың құрамынан оларды шығара отырып, «Байқоңыр» кешенінің өзге ғимараттары (объектілері) тапсырылуы мүмкін.».


8-бап
11-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«11-бап


Осы Келісімді іске асыру мақсатында құрылатын «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің объектілерін салу жобасының мемлекеттік сараптамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.».
9-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

Осы Хаттама өз қолданысын Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.



2017 жылғы "____"_________ _____________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.



Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының

Үкіметі үшін




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет