Отандық эстраданың жарық жұлдызы Аша Матай отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті. Інісі Асылжанның ұлын қырқынан шығарып, туысқандардың басын қосқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/asha_matai/  

Аша – отбасында екі ұлдың ортасындағы жалғыз қыз. 

“Айтөремізді аман-есен қырқынан шығардық. Ата-анасы, әже-аталары 40 күн, 40 түн көз ілмей, баланың қасынан шықпай, қатты уайымдап жүр еді. Енді жан тыныштығын тауып, жақсы ұйықтайтын болды. Құдайға шүкір!
Балақайға денсаулық тілеп қойыңызшы, алтын достарым!”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар әнші жазбасын қырқынан шығару дәстүріне қатысты тың мәліметпен толықтырды. 
“Баланы қырқынан шығару – тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен қырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік "өтпелі кезеңді" қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша "сүт тырнағын", "қарын шашын" алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені "қарақұлақтанды" деп қуанып, "қырқынан шығару" тойын жасайды”, – деп түсіндірді өнер иесі. 

 

Сондай-ақ әншінің анасы ұл туған келініне қымбат бренд білезік сыйлады. 

“Мен босанған кезде ата-енем сағат таңғы беске дейін қасымда болды. Ауруханада жатқанымда күнде тамақ әкеліп, барынша жағдайымды жасады. Қиын сәтте қатты уайымдады. Енді ол кезеңнен аман-есен өттік. Қамқорлықтарыңыз үшін рахмет. Мына сыйлық үшін де рахмет”, – деп жазды келіні Ақжан.   

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.