Руководитель администрации президента республики казахстан



жүктеу 52.84 Kb.
Дата09.05.2018
өлшемі52.84 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ

БАСШЫСЫ





РУКОВОДИТЕЛЬ

АДМИНИСТРАЦИИ ПРЕЗИДЕНТА

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН



010000, Астана қаласы, Ақорда

20__ жылғы________

№________






«___»____________ 20_ г.




Орталық мемлекеттік

органдардың басшыларына,

Астана, Алматы қалаларының

және облыстардың әкімдеріне

Наурыз мейрамын тойлауды ұйымдастыру туралы
Жыл сайын 21-23 наурызда елімізде мемлекеттік мереке – Наурыз мейрамы атап өтіледі. Бұл мерекенің Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи-мәдени мәні бар.

Наурыз мейрамы – көктемгі күн мен түн теңесетін күнге сай келетін көне мереке, бірлік пен табиғат жаңаруының нышаны.

Наурыз мейрамын тойлаудың негізгі мақсаты Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді нығайтуды, елдің жасампаз дамуының ортақ міндеті төңірегінде азаматтарды топтастыруды, ортақ мәдени-рухани құндылықтарды және жалпыұлттық сананы қалыптастыруды көздеуі тиіс.

Осы орайда мерекелік іс-шаралардың мазмұндық негізін Мемлекет Басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы, ел Президентінің «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы идеялармен байланыстыру қажет.

Наурыз мейрамын тойлауға арналған іс-шаралар оның идеялық мазмұнын ашуға, жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтуға, Қазақстанның барлық этностарының дәстүрлері мен салттарына құрметпен қарауды орнықтыруға ықпал етуі тиіс.

Мерекелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени, ардагерлер және жастар бірлестіктерін, мәдениет қайраткерлерін, еңбек ұжымдарын, бизнес-қауымдастықты белсенді түрде тарту керек.

Барлық іс-шаралар бұқаралық және атаулы сипатта болуы, азаматтардың бойында ел жетістіктеріне жеке қатыстылығы сезімін қалыптастыруы тиіс.

Наурыз мейрамын тойлаудың бірыңғай алгоритмін қамтамасыз ету мақсатында:

1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары:

Наурыз мейрамын тойлауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 1 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерді дайындау және өткізу жөніндегі ұсынымдарға сәйкес тойлауды қамтамасыз етуі;

еңбек ұжымдарындаНаурыз мейрамының идеялық мәнін ашып көрсетуге бағытталғаніс-шаралар өткізу мүмкіндігін қарастыруы;

2) Білім және ғылым министрлігі, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақты Қазақстан халқының дәстүрлері мен салттарына құрметпен қарауға тәрбиелеуге, Наурыз мейрамының идеялық мәнін ашып көрсетуге арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тақырыптық іс-шараны өткізуді қамтамасыз етуі;

3) Мәдениет және спортминистрлігі, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдерікітапханаларда мерекенің маңызы мен шығу тарихын түсіндіруге бағытталған тақырыптық экспозициялар ұйымдастыруы;

4) Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері:

Наурыз мейрамын тойлауға арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі өңірлік жоспарларды бекітуі;

елді мекендердің орталық алаңдарын, саябақтары мен көшелерін мерекелік безендіруді мерекенің идеялық мазмұнын ескере отырып қамтамасыз етуі;

көшелерде және қажет болған жағдайда жабық үй-жайларда (концерт залдарында, клубтарда, спорт ғимараттарында және т.б.) мерекелік іс-шараларды (халықтық тойлау, театрландырылған көріністер, концерттер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, ұлттық тағамдарды тарту ету және т.б.) ұйымдастыруы;

Қазақстан этностарының дәстүрлері мен салттарының танылуын қамтамасыз ету, ел бірлігін нығайту мақсатында Наурыз мейрамы тойланатын жерлерде олардың қолөнер бұйымдарының, тұрмыстық заттарының көрме-сатылымын ұйымдастыруды пысықтауы;

халықтың аз қамтылған топтарын қолдауға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акцияларын өткізуі;

өңірдің ерекшелігін және ауа-райы жағдайын ескере отырып, елді мекендердің аумақтарын абаттандыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруы;

мереке күндері халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін жүйелердің кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі, жауапты қызметкерлер мен коммуналдық қызметтердің тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастыруы;

5) Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық ұлан әскери бөлімдер мен бөлімшелерде Наурыз мейрамын атап өтуге арналған іс-шаралар өткізуі, жауынгерлік және оқу-жаттығу дайындықтарында ерекше көзге түскен қызметкерлер мен жауынгерлерді марапаттауы;

6) Сыртқы істер министрлігі:

еліміздің шет елдердегі мекемелеріндеНаурыз мейрамына арналған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етуі;

шет мемлекеттер азаматтарының қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруы;

7) Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері:

оқиғалар қатарындағы іс-шараларды телеарналардың жаңалықтар шығарылымдары мен талдамалық бағдарламаларында, баспа БАҚ-та және интернет-ресурстарда ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етуі;

мемлекеттік мереке – Наурыз мейрамының идеялық мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған бейнероликтер мен бағдарламааралық көрсетімдер циклін әзірлеп, ротациялауды қамтамасыз етуі;

мерекенің идеялық мәні мен маңызын түсіндіру тақырыбы бойынша теле- және радиохабарлар циклінің шығарылымын ұйымдастыруы;

республикалық және өңірлік баспа БАҚ-та мерекенің идеялық мәні мен маңызын түсіндіругебағытталған іргелі мақалалар сериясын дайындауы;

танымал интернет-ресурстарда, әлеуметтік медиада мерекенің идеялық мәні мен маңызын түсіндіру тақырыбы бойынша мақалалар (сұхбаттар) мен аудиобейне материалдардың таралуын қамтамасыз етуі;

тақырыптық медиаөнімдерді (инфографика, постерлер, бейнеқұттықтаулар және т.б.) дайындап, әлеуметтік желілер мен мобильдік қосымшаларда таратуды қамтамасыз етуі;

8) Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері:

мерекелік іс-шараларды өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етуі және әкімдіктерде, тиісті мемлекеттік органдардың орталық аппараттары мен аумақтық бөлімшелерінде кезекшілікті ұйымдастыруы;

мереке күні қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттерінің алдын алу және жолын кесу шараларын қолдануы, әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарына жедел мониторингті қамтамасыз етуі қажет.

Тұтастай алғанда, Наурыз мейрамын тойлау аясындағы барлық іс-шаралар қоғамды топтастыруға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, Ұлттың рухани құндылықтарын танымал етуге ықпал етуі тиіс.



Әлеуметтік оптимизм, азаматтардың ел дамуы перспективаларына сенімділікпен қарауы сезімін нығайту, бейбітшілік пен адамгершілік құндылықтарын сақтау Наурыз мейрамын тойлаудың негізгі арқауы болуы тиіс.

Ә. Жақсыбеков


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет