Руководителю соц



жүктеу 0.87 Mb.
бет1/8
Дата12.11.2017
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ




I.3. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

КРЕДИТ № 1

1 тақырып. ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ. ЖАЛПЫ ПАТОГЕНЕЗ


Мақсаты: жалпы этиология мен патогенезінің негізгі түсініктерін меңгеру.

Дәріс жоспары:

  1. Этиология, анықтамасы. Ауру туындауындағы себеп пен жағдай туралы түсінік. Ауру дамуындағы себеп пен жағдайдың маңызы.

  2. Этиологиялық жайттардың жіктелуі. Ауру дамуында организм ерекшелігі мен сыртқы орта жайттарының маңызы. Этиологияда тұқымқуалаушылықтың маңызы.

  3. Патогенез туралы түсінік. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынас. Біріншілік зақымдану патогенездегі алғашқы тізбек ретінде. Зақымдану деңгейлері. Патогенездің «бастапқы тізбегі» және патогенездегі «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсінік.

  4. Ауруларды этиотропты және патогенездік алдын алу мен емдеу ұстанымдары.


Дәріс тезистері

Этиология (грекше aitia – себеп, logos-ілім) - аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.

Себеп – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.

Себепке тән:

  • Ауру дамуының алдында әсер етеді

  • Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы арасында тепе-теңдік бар

  • Ауру туындатқан жайтты аластатқанда ауру белгілері жойылады және науқастың сауығуы дамиды

  • Себепті пайдалана отырып аурудың үлгісін жануарларда алуға болады.

Жағдай – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жайттар

Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis - даму) – аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.

Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара байланысты үрдістерінің жиынтығы.



Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.

Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulus vitiosus) – патогенездің тізбектерінің арасында соңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың тұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң кері байланыстың түзілуі.

Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – аурудың себебін аластатуға және организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар

Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.
Көрнекті материал:

1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)

2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

Әдебиеттер:

Негізгі


  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.

  2. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22 – 25, 75-80.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.

  3. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.

  4. Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.

  5. Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М.: Медицина, 1995. - С.49 - 90.

  6. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

    1. Этиология анықтамасы, түсінік.

    2. Патогенез анықтамасы, түсінік.

    3. Патогенездегі негізгі тізбек.

    4. Ауруларды этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.

2 тақырып. ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІНІҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ


Мақсаты: аурудың туындауы мен дамуында организм реактивтілігінің маңызын анықтау.

Дәріс жоспары:

  1. Организм реактивтілігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организм жауабының түрлері.

  2. Организмнің төзімділігі, анықтамасы, төзімділіктің түрлері.

  3. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамалары.

  4. Реактивтіліктегі жастың, жыныстың және организм конституциясының маңызы

  5. Дәрілік емнің тиімділігінде реактивтіліктің маңызы

Дәріс тезистері

Реактивтілік (Re – қарсы; action - әсер)- сыртқы ортаның әсерлеріне организмнің белгілі бір жолмен жауап қайтару қасиеті (Н.Н.Сиротинин).

Реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне организмнің, оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қасиеті немесе қабілеті (А.Д.Адо).

Реактивтілік белгілі бір тітіркендіргішке (жылдамдығы, қарқындылығы және әсерлердің ұзақтығы) организмнің серпілісін сипаттайды.



Реактивтіліктің көріну түрлері:

Нормергия әдеттегі тітіркендіргішке организмнің қалыпты жауабы, мұнда нормергиялық жауап серпілісі туралы айтылады

Патергия- қалыптан тыс жауап:

  • гиперергия – реактивтіліктің жоғарылауы

  • гипергия – органихм реактивтілігінің төмендеуі (аурулар сылбыр, белгілері айқын болмай өтеді) (қарттардың реактивтілігі)

  • анергия - реактивтіліктің мүлде болмауы (өзі ауырмай микробтардың тасымалдаушылары болады, терең кома, сілейме, наркоз жағдайларындағы)

  • дизергия - қалыптан тыс, бұрмаланған жауап (төмен температураға тамырлардың кеңеюі, жарыққа көз қарашығының кеңеюі)

Организм төзімділігі – ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы (resisteo-қарсы тұру). Төзімділік белсенді және енжар, біріншілік (туа біткен) және екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді

Белсенді төзімділік: гипоксия кезінде эритропоэздің әсерленуі, қабынудағы фагоцитоз, иммунитет, уларды бейтараптау.

Енжар төзімділік: тері және шырышты қабаттар, скелет, асқазан сөлінің тұз қышқылы.
Реактивтіліктің түрлері


  • Түрлік – реактивтіліктің жалпы түрі, бүкіл бір түрдің жауап қайтару ерекшелігі (құстардың мекенін ауыстыруы, сүтқоректілердің қысқы ұйқысы, түрлік иммунитет)

  • Топтық - түрдің ішіндегі кейбір топтардың жауап қайтару ерекшелігі (жыныс, жас, конституция, нәсілдік ерекшелік, қан топтары, ж.б.)

  • Даралық - еке тұлғалардың реактивтілігі, әр адам қайталанбайтын тұлға екендігін көрсетеді.

  • Реактивтілік физиологиялық (организмнің қалыпты жауабы)

және патологиялық (организмнің қалыптан тыс жауабы) болып бөлінеді.

Арнайыланған немесе иммунологиялық реактивтілік – антигеннің әсеріне антидене немесе жасушалық серпілістер кешенін (физиологиялық) түзіп жауап беруі Патологиялық арнайыланған реактивтілік – иммунитеттің ақаулары (аллергия, иммунодепрессивті, иммуннотапшылықты жағдайлар). Бейнақты реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарына организмдегі иммундық жауаппен байланыссыз өзгерістер.



Дене бітімі (лат. constitutio – жағдай, қасиет) – тұқым қуалаушылықтың және жүре пайда болған қасиеттер негізінде қалыптасқан, жеке тұлғалардың құрылымдық, функциялық және жандүниелік ерекшеліктерінің жиынтығы.

Жеке тұлға ерекшеліктерін ажырату үшін көптеген жіктеулер ұсынылды. Сиго мен Кречмердің жіктеуінде құрылымдық ұстаным жатыр. И.П.Павлов пен Богомольцтің жіктеу негізіне реттеуші жүйелердің қызметі алынған. Құрылымдық және қызметтік ұстаным М.В.Черноруцкийдің жіктеуінің негізіне алынған. Бұл жіктеу кең қолданылады, себебі дене бітімі белгілі бір топқа жататын адамдардың патологиясының ерекшелігін анықтауға болады. Гиперстениктер семіруге, қан қысымының көтерілуіне, қантты диабет ауруына бейім, катехоламиндер әсері күшейген. Астениктер анемияға, гипотензиялық жағдайларға бейім, туберкулез, Адиссон аруы жиі кездеседі. Нормостениктерде артриттер, тыныс алу жүйесі аурулары жиі кездеседі.



Адамның жасы жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Ерте жастағы балалардың реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады:

  • Жүйке және эндокрин жүйесінің құрылымдық және функциялық дамуы аяқталмағандығымен.

  • Иммундық жүйенің қызметінің жетілмегендігімен

  • Физиологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен.

Қарт адамдарға патолоияның келесі ерекшеліктері тән:

  • Ауру көріністерінің мардымсыз болуы (гипоергиялық жауап).

  • Аурулардың созылмалы түрде өтуі.

  • Патологияның көптігі

  • Ауру кезінде бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы

  • Иммунитет жүйесінің жеткіліксіздігі, өспе ауруларының жиі кездесуі.

Жыныс ерекшеліктері жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Әйелдер суыққа, аштыққа, қансырауға, гипоксияға төзімді, оларда эндокрин жүйесі аурулары жиі кездеседі. Ерлер стрессорлардың әсеріне төзімсіз, дезадаптация аурулары: жүректің ишемиялық авуруы, асқазанның ойық жара ауруы, артериялық гипертензия жиі кездеседі.

Дәрілік емнің тиімділігі тұқымқуалаушылықпен, жаспен, жыныспен, конституциямен және асқазан-ішек жолының, қан жүйесі, бауыр, бүйрек қызметтерінің жағдайымен сипатталатын даралық реактивтілікке байланысты.



Дәрілік заттардың тиімділігінде жас мөлшерінің маңызы. Дәрілік заттарға сезімталдықтың жас мөлшеріне сәйкес ерекшелігі бар. Дәрілік заттарға ең жоғары сезімталдық ұрықтық даму және ерте постнаталды кезеңде жүйке және эндокрин жүйелерінің, сыртқа шығару жүйесінің (бауыр, бүйрек) құрылымдық және қызметтік жетілмеуінен, биологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен, көптеген нәруыздар мен ферменттердің саны аздығы және төмен белсенділігінен дамиды. Қартайған шақта дәрілік заттардың сіңірілуі биологиялық тасымалдануы баяулауы және бүйрекпен шығарылу жылдамдығының төмендеуі болады. Бұған жасқа сәйкес ОЖЖ, эндокрин, орталық және шеткері қанайналымы, асқазан-ішек жолы, биологиялық тосқауылдар, уытсыздандыру жүйесінің, сыртқа шығару жүйесінің құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері әкеледі.

Дәрілік заттардың тиімділігінде тұқымқуалаушылықтың маңызы. Организмнің тектік қалыптасқан ерекшеліктері дәрілердің сіңірілуіне, организмде (ағзалар мен жасушаларға) таралуына, қабылдағыштарымен әсерлесуіне, организмнен дәрілік заттардың метаболизмі мен шығарылуына заңдылықпен әсер етеді.
Фармакологиялық серпілістердің тұқымқуалайтын өзгерістері

↓ ↓ ↓


Дәрілік заттардың Дәрілік заттардың Дәрі мен организм арасында

баяу метаболизмі тез метаболизмі қалыпты биохимиялық әсерлесудің бұзылуы

↓ ↓ ↓

Фармакологиялық Фармакологиялық Фармакологиялық әсері



әсері өте күшті әсері өте әлсіз әдеттегіден тыс
Тектік ерекшеліктер тотығу, метилдеу, ацетилдеу үрдістерінің бұзылуымен сипатталады, соның әсерінен организмнен дәрілік заттардың метаболизмі мен оның шығуы баяулайды, оларды қолданғанда жанама әсері мен улылығы даму мүмкіндігінің артуын тудырады.

Дәрілік заттардың тиімділігінде жыныстың маңызы. әйел мен ерлер организмінің құрылымдық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері дәрілік заттардың организмде тасымалдануына, таралуына және организмнен шығарылуына әсерін көрсетеді.
Көрнекті материал:

1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)

2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:

Негізгі


      1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.

      2. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.

      3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.

      4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.

Қосымша

      1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41 - 44.

      2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149

7. Назаренко Н.М. Патофизиология раннего онтогенеза, Алматы, 1998.– 175с.

8. Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.

9. Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)


  1. реактивтіліктің түрлері.

  2. төзімділіктің түрлері.

  3. М.В. Черноруцкий бойынша конституцияның жіктелуі.

3 тақырып. СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ


Мақсаты: су-электролит алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру.

Дәрістің жоспары:

  1. Организмдегі судың мөлшері. Судың секторларға бөлінуі. Организмнің су тепе-теңдігі туралы түсінік. Су тепе-теңдігі бұзылыстарының түрлері.

  2. Организмнің сусыздануы, түрлері, себептері, патогенезі.

  3. «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері.

  4. Ісінулер туралы түсінік. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамалары.

  5. Ісінудің клиникалық түрлері, патогенезі.


Дәріс тезистері

Ересек адамның организмінде дене салмағының –60%, жаңа туылғандардың – 80% судан тұрады.

Организмде судың бөлінуі:


  • Жасуша ішінде 70%

  • Жасуша сыртында 30% (тамырішілік су, жасушааралық су, организм қуыстарындағы су).

Су тепе-теңдігі – организмге түскен су мен шыққан су арасындағы тепе-теңдік. Су тепе-теңдігінің шамасы тәулігіне 2,5 л.

Су тепе-теңдігінің бұзылу түрлері (С.Т.)

Оң С.Т. – түскен судың шыққан судан басым болуы (ісінулер, сулану, сумен улану)

Теріс С.Т. – түскен судан шыққан судың басым болуы (сусыздану= гипогидратация = дегидратация)

Сусызданудың себертері






1) судың жеткіліксізтүсуі

2) судың артық шығарылуы

Төтенше жағдайлар

организмдегі дерттік үрдістер:

  • өңештің тарылуы

  • кома

  • Шөлдеу сезімі болмауымен сипатталатын бас миы аурулары

  • Құтыру ауруындағы «судан қорқу»

Су мен тұздың

  • құсу

  • диарея

  • полиурия

  • қансырау

  • аумақты күйіктер

  • қатты терлеу



Су

  • гипервентиляция

  • полиурия (қантсыз диабет)

  • гиперсаливация


Сусызданудың патогенезіне қарай түрлері (жасуша сыртындағы осмостық қысымның өзгеруіне сәйкес)

  • Изоосмолялды (изотониялық) – су мен электролиттерді бірдей деңгейде жоғалты

  • Гиперосмолялды (гипертониялық) – суды артық шығару немесе оның аз түсуі

  • Гипоосмолялды ( гипотониялық) - электролиттерді артық жоғалту (диарея, қайталанған құсу, қатты терлеу)

Сусызданудың патогенезі:

  • Айналымдағы қан көлемінің азаюы

  • Гипоксия

  • Аутоуыттану

  • Жасушаішілік және жасуша сыртында осмостық қысымның өзгеруі

  • ҚСҮ өзгерістері

Гипергидратацияның патогенезіне қарай түрлері (жасуша сыртындағы осмостық қысымның өзгеруіне сәйкес)

  • Гиперосмолялды - теңіз суын ішкенде, гипертониялық ерітінділерді енгізгенде

  • изоосмолялды –физиологиялық ерітінділерді енгізгенде (ісінулер, сулану)

  • гипоосмолялды – сумен улану

Сулану – сұйықтықтың дене қуыстарында жиналуы (іш шемені, гидроторакс, гидроперикардиум)

Сумен уланудың патогенезі:

Бүйрек қызметі жеткіліксіздігінде суды артық қолдану →жасуша сыртында судың →жасуша сыртында осмостық қысымның Р осм. → судың жасуша ішіне енуі →

жасушаның ісінуі.

Ісіну – қан мен тіндер арасында су алмасуының бұзылыстарынан тін мен тінаралық кеңістіктерде сұйықтың артық жиналып қалуы.


Ісінудің патогенездік жайттары

Гемодинамикалық жайт

Қылтамырлардың вена бөлігінде гидростатикалық қысымның артуы (сүзілу, резорбция)

Онкотикалық жайт

Гипопротеинемия нәтижесінде қанның онкотикалық қысымының төмендеуі (гипоальбуминемиялар)

Тіндік жайт

Электролиттер, нәруыздар, зат алмасу өнімдері жиналуынан тіндерде онкотикалық және осмостық қысымның артуы

Қантамырлық жайт


Қылтамырлар өткізгіштігінің артуы

Лимфа ағып кетуінің қиындауы


Лимфалық тамырлардың тромбозы немесе қабынуы нәтижесінде, құрттармен бітелгенде, жоғары қуыс венасында қысым артқанда

Жүйкелік-эндокриндік жайт

Су – электролит алмасуының жүйкелік және гуморалды реттелулерінің бұзылуы, әлдостерон және диурезге қарсы гормонның түзілуінің артуы

Ісінудің клиникалық түрлері



Ісінудің клиникалық түрлері

Ісінудің негізгі патогенездік жайттары

Жүректік ісіну

Гемодинамикалық және эндокриндік жайттар

Бүйректік ісіну

Нефриттік


Нефроздық



Жүйкелік -эндокринді және тамырлық

(қылтамырлардың жүйелі зақымдануы) факторлар

Онкотикалық (протеинурия  гипопротеинемия) және нейроэндокриндік (АҚК әлдостеронның) жайттар



Бауырлық ісінулер

Онкотикалық (нәруыз түзілуінің бұзылуы) және жүйке-эндокриндік ( әлдестерон әсерсізденуінің бұзылуы) жайттар

Кахексиялық (ашығулық) ісінулер

Онкотикалық жайт

Қабынулық ісінулер

Гемодинамикалық, қантамырлық, тіндік жайттар

Аллергиялық ісінулер

Тамырлық жайт

Жүректік ісіну патогенезіндегі жүйкелік-эндокриндік жайттың маңызы

ҚМК

Бүйректе қанағымының азаюы көлемдік қабылдағыштардың тітіркенуі



Ренин өндірілуі 

әлдостерон түзілуінің артуы →



бүйректе Na кері сіңірілуінің артуы → гипернатриемия → осмостық қабылдағыштардың тітіркенуі→ вазопрессин түзілуі → несептен судың кері сіңірілуінің → судың тіндерде тұтылуы (қуыстарда) → ісіну, сулану

Көрнекті материал:

1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)

2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:

Негізгі


  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.

  2. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166-183.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 238-248.

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 315-334.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.

  3. Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Оң су тепе-теңдігі туралы түсінік.

  2. Теріс су тепе-теңдігі туралы түсінік.

  3. Ісіну туралы түсінік.

  4. Ісінудің патогенездік факторлары (атап көрсет).

4, 5 тақырып. ҚАБЫНУ


Мақсаты: қабыну патофизиологиясын меңгеру

Мәселе: қабынудың қалыпты жүруінің бұзылуы жүйелі қабынулық серпілістер синдромы (ЖҚСС) және көпағзалық жеткіліксіздік синдромдары (КАЖС) түзілуінің негізі болып табылады.



Дәріс жоспары:

  1. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы.

  2. Әлтерация туралы түсінік. Біріншілік және салдарлық әлтерация.

  3. Қабыну ошағында зат алмасуларының өзгерістері. Қабыну ошағында физико-химиялық өзгерістер, олардың патогенезі, салдарлары.

  4. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тектер, қабыну дамуындағы маңызы.

  5. Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.

  6. Экссудация, анықтамасы, даму тетіктері. Экссудаттың түрлері. Іріңді экссудаттың құрамы мен қасиеті.

  7. Лейкоциттер эмиграциясы, анықтамасы, сатылары, патогенезі. Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздың жеткіліксіздігі және олардың қабынудағы маңызы.

  8. Пролиферация, олардың тетіктері. Пролиферацияның күшейткіштері мен тежегіштері.

  9. Қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олардың патогенезі.

  10. Созылмалы қабыну, этиологиясы, патогенезі, қауырт қабынудан айырмашылығы.

  11. Қабынудың организм үшін маңызы.

  12. Қабынулық үрдістің алдын алу мен емдеудің жалпы ұстанымдары.


Дәріс тезистері

ҚАБЫНУ –(грекше phlogosis, лат. inflamatio) - әлтерация, экссудация, пролиферациямен қабаттасатын біртектес дерттік үрдіс.

Қабынудың себептері – флогогендер:

Экзогенді (биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық, әлеуметтік)

Эндогенді (қан құйылу, тін ыдырауы өнімдері, улы метаболиттер, тұздар жиналуы, иммундық кешендер, белсенді радикалдар)

Қабынудың компоненттері:

1. Әлтерация

2. Экссудация және лейкоциттер эмиграциясы құбылыстарымен көрінетін микроциркуляция арнасындағы қантамырлардағы қанайналым өзгерістері

3. Пролиферация



Әлтерация – зақымдану - жасушалардың, жасушааралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық, немесе некроздық бүлінулері

Алғашқы әлтерация–флогогеннің тікелей әсерінен дамиды.

Салдарлық әлтерация – алғашқы әлтерацияның зардабы, зат алмасу өзгерістерімен, қабыну дәнекерлері әсерімен байланысты.

Қабыну ошағында зат алмасуы өзгерістері

Зхат алмасудың сандық және сапалық өзгерістері:



  • Майлар, көмірсу, нәруыздар ыдырауының (лизосомалар мембранасы зақымдануы  лизосомалық гидролазалардың шығуы және әсерленуі) жоғарылауы

  • Түзілу үрдістерінің төмендеуі

  • Заттар алмасуы соңғы өнімдерге дейін жүрмейді - СО2 және Н2О (митохондрий мембранасы зақымдануы әсерінен)  тыныстық коэффициенттің ( ТК = бөлінген СО2/қабылданған О2).

Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер

  • Гипер H+иония → ацидоз (зат алмасуының тотықпаған соңғы өнімдерінің артуынан)

  • Гипер К+ иония зақымданған жасушалардан калийдің шығуынан

  • Гиперосмия, тұздар диссоциациясы артуы ( Na+, Cl-) және зақымданған жасушалардан жасушаішілік иондардың шығуы салдарынан

  • Гиперонкия, полипептидтер мен аминқышқылдары санының артуынан, нәруыздық молекулалардың дисперстігі артуынан және тамырлардан қабыну ошағына нәруыздардың шығуынан

Қабыну дәнекерлері жасушалық және гуморалдық болып жіктеледі.

Жасушалық дәнекерлер:

  • гистамин (мес жасушалары, базофил, тромбоциттерден)

  • серотонин ( тромбоциттерден)

  • лизосомалық ферменттер ( нейтрофил, макрофагтардан)

  • простагландиндер (лейкоциттерден, эндотелиалий жасушаларынан, тромбоциттерден)

  • лейкотриендер (лейкоциттерден)

  • тромбоциттерді әсерлеуші факторлар (лейкоциттер, эндотелиоциттерден)

  • оттегінің белсенді радикалдары ( лейкоциттерден)

  • азот тотығы (макрофагтардан)

  • цитокиндер ИЛ-1, ИЛ-6, ӨТЖФ

Гуморалды дәнекерлер:

  • комплемент жүйесі бөлшектері

  • С3а, С5а, С3в, С5в-С9 кешендері

  • Кининдер (брадикинин, каллидин)

  • Қанның ұйытушы және фибринолиздік жүйелері

Қабыну дәнекерлері салдарлық әлтерацияны тудырады, тамырлық серпілістер түзеді, прлиферацияны реттейді, қабынудың жергілікті және жалпы белгілерінің патогенезінде маңызды рөл атқарады.

Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістері сатылары, олардың патогенезі.

1. Қысқа мерзімді қантамырлардың тарылуы – ишемия

2. Артериялық гиперемия

3. Веналық гиперемия.

4. Стаз.

Экссудацияқанның нәруызы бар сұйық бөлігінің және формалық элементтерінің қабыну ошағына шығуы

Экссудацияның патогенезі:


  • Тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы

  • Қылтамырлар мен венулаларда гидростатикалық қысымның артуы

  • Қабыну ошағында осмостық және онкотикалық қысымның артуы

Қабыну ошағына шыққан сұйықтық экссудат деп аталады.

Экссудаттың түрлері:

  • Сары сулық

  • Фибринді

  • Геморрагиялық

  • Іріңді

  • Шірулік

  • Аралас

Лейкоциттер эмиграциясы – қабыну ошағына лейкоциттердің шығуы

Эмиграция сатылары:

  1. лейкоциттердің тамырдың ішкі қабырғасына кемерленіп тұруы және роллинг (тербелу)

  2. лейкоциттердің тамыр қабырғасы арқылы шығуы

  3. лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы

Фагоцитоз микроорганизмдерді жұтып, қорыту үрдісі. Фагоцитоз сатылары: жақындасу, жабысу, жұту, қорыту.

Фагоцитоздың жеткіліксіздігіжұқпалардың жайылуы

  • тұқымқуатын (лейкоциттер адгезиясының ақаулары АА-1, ЛАА-2), хемотаксистің ақаулары, фагоциттердің бактерицидтік жүйесінің ақаулары)

  • жүре пайда болған (қантты диабетте, ауыр металл тұздарымен уыттану, сәулесоқ ауруы, нәруыздық ашығу, стероидты гормондармен ұзақ емделгенде, қарттық шақта)

Пролиферация ( лат. рroliferatio – көбею) – дәнекер тіндердіңжасушалық бөлшектерінің көбеюі. Пролиферациядағы негізгі рөл макрофагтарда.

Қауырт қабынудың жергілікті белгілері (ЦЕЛЬС-ГАЛЕН бойынша):

Қызару - rubor артериялық гиперемия дамуы салдарынан

Ісіну - tumor экссудация мен қабынулық инфильтраттың әсерінен

Қызу - calor жылы артериялық қанның көп келуінен және зат алмасу қарқынының артуынан

Ауыру - dolor нерв аяқшаларының, К+, Н+ иондарымен, брадикининмен тітіркенуі; экссудатпен механикалық қысылуы.

Ағза қызметінің бұзылуы - functio laesa ауыру сезімі, жасушалар зақымдануы салдарынан



Қабынудың жалпы белгілері: қызба, ұйқышылдық, тәбеттің болмауы, бұлшық еттердің ауыруы – миалгия, буындардың ауыруы-артралгия, бауырда «жауаптың жедел кезеңі» нәруыздарының түзілуі (С – реактивті нәруыз, сарысулық амилоид А, фибриноген, церуллоплазмин, гаптоглобин, антиферменттер - антитрипсин), ядролық солға жылжыған нейтрофилді лейкоцитоз, иммундық жүйе жасушаларының әсерленуі – цитокиндер – интерлейкиндер (ИЛ-1, ИЛ-6); ӨТЖФ әсерлерінің нәтижесі

Созылмалы қабыну

  • ұзақ өтуімен және әлсіз айқындығымен сипатталады

  • әсерленген макрофагтардың санының артуымен басталады

  • негізгі жасушалары макрофагтар мен лимфоциттер.

  • пролиферация басым болады.

  • Тіндердің құрылымы бұзылуы мен айқын пролиферацияның қатарласа кездесуі

Қабынудың жағымды жақтары:

  • Қабыну ошағын орнықтырып, сау тіндерден шектеуі

  • Патогенді жайтты бір жерде ұстап, оның жойылуы

  • Ыдырау өнімдерін жойып, тіндердің біртұтастығын қалыптастыру

  • Иммунитеттің түзілуі

Қабынудың жағымсыз жақтары:

  • Тіндердің зақымдануы

  • Аурулардың (энцефалит, менингит, мый абсцесі, миокардит) негізін құрайды

Қабынудың этиотропты емі

  • Себепкер ықпалға әсер ету

  • Бактериостатикалық және бактерицидті әсер ететін дәрілер

  • Зақымданған тіндерді кесіп алып тастау

  • Организм төзімділігін арттыру

Қабынудың патогенездік емі

  • Жасуша мембранасын тұрақтандыратын дәрілер (дәнекерлердің бөлінуін азайту, салдарлық әлтерация мен тамырлық серпілістерді азайту)

  • Антиоксиданттар (салдарлық әлтерацияны азайту)

  • Дәнекерлерге қарсы дәрілер (салдарлық әлтерацияны азайту)

  • Микроциркуляцияны жақсартатын дәрілер

  • Пролиферацияның көрсеткіштері


Көрнекті материал:

1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)

2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:

Негізгі


  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 111-116.

  2. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 265-293.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 194-222.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 181-200.

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 222-234.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 184-200.

  3. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-297-354

  4. Жуйко. Н.В. Особенности реактивности детского организма. Алматы 2006. – С. 44-46.

  5. Чернух А.М. Воспаление. М.: Медицина, 1979.-448с.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

    1. Қабынуды неге біртектес дерттік үрдістерге жатқызады?

    2. Организмнің зақымдануға қорғану-бейімделу серпілісі ретінде қабыну нені сипаттайды?

    3. Қабыну кезіндегі зақымдану мен қорғанудың диалектикалық бірлігін неден көресіз?

    4. Қабынудың этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.


КРЕДИТ № 2

1 тақырып. АЛЛЕРГИЯ-1



Мақсаты: аллергиялық серпілістердің реагиндік, цитотоксиндік, иммунды-кешендік және жасуша қатысуымен өтетін түрлерінің этиологиясы мен патогенезінің негізгі сұрақтарын меңгеру

Дәрістің жоспары:

  1. Аллергия, анықтамасы. Оның этиологиясы (себептері және жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.

  2. Кук, Джелл және Р. Кумбс бойынша аллергиялық әсерленістердің жіктелуі.

  3. Аллергиялық әсерленістердің сатылары ( иммундық әсерленістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.

  4. Сенсибилизация, түрлері, патогенезі.

  5. Аллергиялық әсерленістердің І, ІІ, ІІІ, ІҮ – түрлері патогенезінің ерекшеліктері:

а) аллергендердің табиғаты, сенсибилизация тетіктері;

б) негізгі дәнекерлері, олардың шығу тегі және биологиялық маңызы.

6. Гипосенсибидизация, түрлері, патогенезі.
Дәрістің тезистері


Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Распоряжение
2012 -> № исх: 1399 от: 30. 11. 2011 Қазақстан Республикасы
2012 -> «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Универсиадалардың жүлдегерлерiн және оларға қатысушыларды және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн көтермелеу мөлшерлерiн бекiту туралы
2012 -> Стратегиялыќ жјне баєдарламалыќ
2012 -> Кредо қОҒамдық бірлестігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет