Жамбыл облысы Көгершін ауылының 74 жастағы тұрғыны өз қызын үйінен шығарып жібергені туралы сотқа арызданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: rutube.ru

Жамбыл облыстық сотының хабарлауынша, қарияның екінші топтағы мүгедектігі бар. Әйелі қайтыс болғаннан кейін ол үйде кіші қызымен бірге тұрып келген. Алайда қыздары жанжалдасып, кенжесі Меркі ауылына, ал үлкені күйеуі және балаларымен бірге әкесінің үйіне қоныс аударған.

  • Қазақстандық зейнеткерлер немересінен алимент талап етіп сотқа берген
  • Ұлттық банк Бірыңғай зейнетақы қорынан алынатын 173 миллиард теңгені "Бәйтерек" холдингінің облигацияларына салады

Үлкен қызы әкесін облыс орталығына тексертіп, емдеймін деген желеумен үйді сыйға тарту актісімен өз атына рәсімдеп қойған. Ол үйді сатылымға қойып, әкесін қуып жіберген. Ер адам жалға берілетін баспанаға кенже қызымен көшіп келген.

"Ер адам үйдің сатылғанын біліп, сотқа жүгінген. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар сыйға тарту шартын жарамсыз деп таныды. Себебі қызы бәрін әкесіне ескертпестен жасаған. Ол соттан үлкен қызын үйден шығаруды сұраған. Татуластырушы судья дауды шешкен. Медиациялық келісімге сәйкес, үлкен қызы үйдегі үлесінен бас тартуға, ал әкесі 1 наурызға дейін 417 мың теңге төлеуге келіскен", – делінген хабарламада.

Іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда зейнеткерлер немересінен алимент талап еткені туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.