BI Group компаниясы Алматы қаласында тұрғызған тұрғын үйлер мен ғимараттардың жер сілкісінен ешқандай зардап шекпегенін хабарлады.

"Компаниямыздың командасы Алматыда тұрғызылған барлық тұрғын үй кешендері мен ғимараттарын тексерді. Ешқандай зақым келмегенін, барлық коммуникациялар мен құрылымдар сынақтан өткенін хабарлаймыз", — дейді BI Development South бас директоры Расул Мустафин.

Компания хабарлауынша, инженерлік персонал ғимараттардың толық жарамдылығы мен төзімділігін қамтамасыз ету үшін қосымша тексерістер өткізуге кіріскен.

Бұған қоса, BI Group жағдайды мұқият қадағалап отырғанын айтады. Компания жер сілкінісінен кейін  өз клиенттерінің ескертулерімен өтініштерін қабылдауға даяр. BI Group ғимараттары мен тұрғын үйлеріне қатысты сұрақтарды компанияға тікелей жолдауға болады.

BI Group сервистік компанияларының қызметкерлері мен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін жаңа рәсімдер мен шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Біздің мақсат – ғимараттарымыздың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар сіздерге, құрметті клиенттерімізге қызмет көрсету сапасын жақсарту. Бізге сенім артқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіздің қауіпсіздігіңіз бен жайлылығыңыз – біз үшін ең маңызды", — дейді Мустафин.

Сонымен қатар, ол түнде болған жер сілкінісінен кейін мегаполис тұрғындарының ешбірі зардап шекпегеніне қуанышты екенін жеткізді. Оқиғаның халықты алаңдатып, үрей туғызғанына түсіністікпен қарайтындарын айтты.

"Біздің компания үшін қауіпсіздік қашанда бірінші орында және солай болып қала беретініне кепілдік береміз", — дейді Мустафин.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.