Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қазақстандықтарға неге жалған ақпарат айтқанын түсіндіріп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ccnc.kz

Естеріңізге сала кетейік, ол бұған дейін журналистерді Астана әкімдігі Clean City NC компаниясымен барлық шартты бұзды деп сендірген болатын. Бірақ олай болмай шықты, әкімдік компаниямен әлі де жұмыс істеп жатқан көрінеді. 

"Бірден айтайын, мәселе жергілікті атқарушы органдардың қарауында. Менде кейінгі рет айтқан ақпараттан басқа дерек жоқ. Маған қол астымдағылар қазір Әлия Назарбаеваның бұл компанияға қатысы жоқ екені туралы мәлімет берді", — деді Нысанбаев үкіметтегі брифингте.

Астана әкімінің айтуынша, Clean City NC компаниясымен келісімшартқа бес жыл бұрын қол қойылған. Сәуір айында келісімшарт аяқталады.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.