Белгілі қазақстандық актер оқырмандарына түрмеден хат жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: askarzhumabeqov Instagram парақшасынан алынды

Өткен жылы 12 қазанда Алматы қалалық Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Little Brazil караоке-барындағы төбелеске қатысушыларға қатысты үкім шыққан еді. Олардың арасында танымал актер Асқар Жұмабек те бар. Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түскен болатын. 

"Түн. Тым-тырыс. Түрлі ойлар. Анамды, әкемді, бауырларымды, жақындарымды, сіздерді сағындым. Күйбең тірлік деп жүгіріп жүрсіңдер ме? Иә, бір жағынан тірі адам тіршілігін жасайды. Бұл заңдылық. Бізде де мұнда солай. Бәрі режиммен. Таңның атысы, күннің батысы, қайталанбалы дүние. Бостандықта жүрген кезімді сағындым", — деп жазды актер. 

  • Алматының караокесіндегі төбелес: Олигархтардың ұлдарын бұрынғы полиция қызметкері қорғаған
  • Алматы караоке-клубтарының бірінде төбелес шығарған олигархтың ұлдарына іс қозғалды

"Ақжауын" және "Рауза" фильмдеріндегі рөлдері арқылы танылған актер өзін қолдаған жандарға алғысын білдірді.

"Әлі күнге дейін мұнда қалай тап болғанымды ұға алар емеспін. Кеше бір жаңалық естідім. Әлгі, Түркістандағы 5 жасар қызды зорлаған езге 2 жыл условный берді дей ме? Әлде шалыс естідім бе? Қызық, ә?! Менің жағдайыма осынша уақыт. Осының бәрін жұта береміз бе? Жалпы, мені қолдап жатқан адамдардың 80% әйелдер қауымы. Сіздерге Алла разы болсын! Бауырлар, сіздер ше? Үстемдіктерің қайда? Ел ағалары, сіздер ше? Бір бауырларыңа, қол ұшын созуға жарамай қалдыңыздар ма?", — деп жазды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы Little Brazil караоке-барында олигархтар Бахарадин Әбләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдары қатысқан жаппай төбелес үшін сотталғандардың арасында актер Асқар Жұмабек те бар екенін жазған едік. Актер алты жарым жылға сотталған болатын. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.