Белгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібек енді әкесін іздеуге кіріспек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: qazaqstan.tv

Бұл туралы “Бармысың, бауырым” бағдарламасының тележүргізушісі Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Баламыздың анасы немесе әкесі (енді әкесін іздейміз деп нақты шешім қабылдап отырмыз) осылайша тез табылса екен деп тілеймін. Баланы әр көрген сайын, сөйлескен сайын "тегі жақсы, тіпті мықты тектен" екендігіне көз жеткіземіз Әсел екеуміз", – делінген жазбада.

Еске салсақ, бұған дейін биологиялық ата-анасын іздеп Қазақстанға арнайы келген Жәнібекке алаяқтар хабарласып, 5000 еуроға анасын тауып беретінін айтқаны туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.