Рус Сравнительная таблица пп 1729 (гчп). docx



жүктеу 1.79 Mb.
бет1/10
Дата14.05.2019
өлшемі1.79 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ





р/н №


Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары

1

2

3

4

5


2 тармақтың 6) тармақшасы

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

...

 6) сараптамалық бағалау – лизинг беруші, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларын және клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асыратын бағалау;


2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

6) сараптамалық бағалау – мына тұлғалар: лизинг беруші, жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларын және клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асыратын бағалау;




Редакциялық түзету, сараптамалық бағалау жүргізетін тұлғаларды нақтылау қажеттілігі.




2-тармақ 22-1) тармақшамен толықтырылсын

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:



жоқ

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

22-1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымы, медициналық қызметтің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;




«денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган» ұғымын айқындау және оны қысқарған түрде «уәкілетті орган» ретінде қолдану үшін енгізіліп отыр.


2 тармақтың 27) тармақшасы

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

27) өнім берушіге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің шығындарын өтеу – қор қаражаты немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қаражаты есебінен бірыңғай дистрибьютордың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қоса алғанда, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген құны бойынша шығындарды фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушіге өтеу;


2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

27) өнім берушіге фармацевтикалық қызметтің шығындарын өтеу – бюджеттен қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ақы төлеуге жүргізілетін трансферттер және қордың активтері немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қаражаты есебінен бірыңғай дистрибьютордың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қоса алғанда, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген құны бойынша шығындарды фармацевтикалық қызметтерді берушіге өтеу;


Өнім берушіге шығындарын өтеуді БД өзі мен фармқызметті беруші арасында жасалған шарт бойынша жүзеге асырады. Қордың БД-ға ақы төлеуі шарт бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты, БД Қордан алатын ақшасы БД қарамағында болатындықтан, Қордың қаражаты болып табылмайды.

Бұдан басқа, Қордың қаражатына сілтеу дұрыс емес,

«МӘМС туралы» Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес қордың меншікті қаражаты жарғылық капиталынан, комиссиялық сыйақыдан және қорға түсетін заңнамада тыйым салынбаған өзге де түсімдерден құралады және солардан тұрады, қорға түсетін барлық басқа түсімдер Қордың қаражаты болып табылмайды.



2 тармақтың 29) тармақшасы


2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

29) кепілдікті сервистік қызмет көрсету – өндіретін зауыт белгілеген шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қалпына келтіруді қоспағанда, сатып алу шарттарында, өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарында, үш жақты сатып алу және қаржы лизингі шарттарында айқындалған мерзімде тиісті түрде пайдаланылған және сақталған жағдайда өнім беруші (дайындаушы, орындаушы), оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламаларды және жабдықты, деректерді беру арнасын, сәйкестендірілген бар кодты немесе өзге де әдісті пайдаланумен, онлайн режимде) көрсететін техникалық қызмет көрсетудің кез келген түрлерін, техникалық диагностиканы және жабдықтың ақауын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық консультацияны қамтитын берілген медициналық техниканы жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі көрсетілетін қызметтер кешені;



2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

29) медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету – өндіретін зауыт орнатқан шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қалпына келтіруді қоспағанда, ол тиісінше пайдаланылған және сақталған жағдайда, өнім беруші (дайындаушы, орындаушы) өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарымен, үш жақты сатып алу және кемінде 37 айлық мерзімге қаржы лизингі шарттарымен, оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламаларды және жабдықты, деректерді беру арнасын, сәйкестендірілген бар кодты немесе өзге де әдісті пайдаланумен, онлайн режимде) тегін көрсететін техникалық қызмет көрсетудің кез келген түрлерін, техникалық диагностиканы және жабдықтың ақауын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық консультацияны қамтитын, берілген медициналық техниканы жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі көрсетілетін қызметтер кешені;



Медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсетудің әрекет ету мерзімін нақтылау мақсатында енгізіліп отыр.


2 тармақтың 31) тармақшасы


2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

31) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге тауарларды сатып алуға тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарт;



2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

31) сатып алу шарты – электрондық құжат түрінде және (немесе) жазбаша нысанда қол қойылған, уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша тауарларды сатып алуға тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарт;



Шарт ұғымы өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, оны қағаз тасымалдағышта да, электрондық құжат түрінде де ресімдеу және жасасу бөлігінде өзгерістерді қажет етеді.



2 тармақтың 32) тармақшасы

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

32) өнім беру шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында жасалған шарт;



2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

32) өнім беру шарты – бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық құжат түрінде және (немесе) жазбаша нысанда қол қойылған, уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беруге бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында жасалған шарт;



Шарт ұғымы өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, оны қағаз тасымалдағышта да, электрондық құжат түрінде де ресімдеу және жасасу бөлігінде өзгерістерді қажет етеді.



2 тармақтың 33) тармақшасы

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

33) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған шарт;



2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

33) сатып алу шарты – бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық құжат түрінде және (немесе) жазбаша нысанда қол қойылған, уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған шарт;



Шарт ұғымы өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, оны қағаз тасымалдағышта да, электрондық құжат түрінде де ресімдеу және жасасу бөлігінде өзгерістерді қажет етеді.



2 тармақтың 34) тармақшасы

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

34) фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші немесе бірыңғай дистрибьютор және өнім беруші арасында жасалған шарт;



2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

34) фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарт – бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық құжат түрінде және (немесе) жазбаша нысанда қол қойылған, уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге тапсырыс беруші немесе бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында жасалған шарт;



Шарт ұғымы өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, оны қағаз тасымалдағышта да, электрондық құжат түрінде де ресімдеу және жасасу бөлігінде өзгерістерді қажет етеді.



2 тармақтың 59) тармақшасы

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

 59) сатып алу веб-порталы – бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы жүргізетін электрондық сатып алуға қол берудің бірыңғай нүктесін ұсыну үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;



2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

59) сатып алу веб-порталы – әлеуетті өнім берушілерге бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы жүргізетін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды электрондық сатып алуға қолжетімділіктің бірыңғай нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйе;



Сатып алудың веб-порталы Қағидалардың шеңберінде кез келген сатып алудың ұйымдастырушысымен пайдаланылуға жатады, бірақ тек бірыңғай дистрибьютордың қаражаты есебінен ғана емес. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған бірыңғай дистрибьюторға қатысты болғандықтан, «уәкілетті орган айқындайтын» деген тіркес дұрыс емес. Веб-портал фармацевтикалық қызметтерді сатып алу үшін емес, тек қана дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін қолданылатыны (осы кезеңде) нақтыланып отыр.



2 тармақтың 63) тармақшасы

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

63) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар барлық қосымшалармен қол қойған бірыңғай дистрибьютор мен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер беруші арасында жасалған шарт;



2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

63) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді көрсету шарты - бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық құжат түрінде және (немесе) жазбаша нысанда қол қойылған, уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге бірыңғай дистрибьютор мен қызмет беруші арасында жасалған шарт;



Шарт ұғымы өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, оны қағаз тасымалдағышта да, электрондық құжат түрінде де ресімдеу және жасасу бөлігінде өзгерістерді қажет етеді.



2 тармақтың 67) тармақшасы

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

67) өнім берушінің тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі шығынын өтеу – көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісінің тауарларды өткізу және есепке алу шығындарын қордың қаражаты есебінен өтеуі;



2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

67) тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді берушіге шығындарын өтеу – бюджеттен қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ақы төлеуге жүргізілетін трансферттер және қордың активтері есебінен бірыңғай дистрибьютордың қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді берушіге тауарларды сақтау, өткізу және есепке алу шығындарын өтеуі;


Өнім берушіге шығындарын өтеуді БД өзі мен фармқызметті беруші арасында жасалған шарт бойынша жүзеге асырады. Қордың БД-ға ақы төлеуі шарт бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты, БД Қордан алатын ақшасы БД қарамағында болатындықтан, Қордың қаражаты болып табылмайды.

Бұдан басқа, Қордың қаражатына сілтеу дұрыс емес,

«МӘМС туралы» Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес қордың меншікті қаражаты жарғылық капиталынан, комиссиялық сыйақыдан және қорға түсетін заңнамада тыйым салынбаған өзге де түсімдерден құралады және солардан тұрады, қорға түсетін барлық басқа түсімдер Қордың қаражаты болып табылмайды.




69) тармақша

 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

69) бірыңғай дистрибьютордың қызметтерді көрсету туралы шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, барлық қосымшалармен тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған бірыңғай дистрибьютор көрсететін қызметтерді сатып алуға арналған қор мен бірыңғай дистрибьютор арасында жасалған шарт;



2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Алынып тасталсын



«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 25-бабының 4-тармағына сәйкес дәрілік заттар, медиицналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық қызметтің құнын төлеуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі немесе Қор жүзеге асырады. Бұл Қағидалар сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды және қызметке ақы төлеу бөлігінде БД мен Қор арасындағы өзара іс-қимылды реттемейді.


2 тармақтың 70) тармақшасы

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

70) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің өтеусіз шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған, барлық қосымшалармен қол қойған, тараптар жазбаша нысанда белгіленген, қор қаражаты есебінен бекітілген халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету мақсатында амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде бірыңғай дистрибьютор мен денсаулық сақтау субъектісі арасында жасалатын шарт;


2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:



70) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің өтеусіз шарты (бұдан әрі – өнім берудің өтеусіз шарты) – бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және электрондық құжат түрінде және (немесе) жазбаша нысанда қол қойылған, уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша, бекітілген халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін бірыңғай дистрибьютор мен денсаулық сақтау субъектілері арасында жасалған шарт;


Өнім берушіге шығындарын өтеуді БД өзі мен фармқызметті беруші арасында жасалған шарт бойынша жүзеге асырады. Қордың БД-ға ақы төлеуі шарт бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты, БД Қордан алатын ақшасы БД қарамағында болатындықтан, Қордың қаражаты болып табылмайды.

Бұдан басқа, Қордың қаражатына сілтеу дұрыс емес,

«МӘМС туралы» Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес қордың меншікті қаражаты жарғылық капиталынан, комиссиялық сыйақыдан және қорға түсетін заңнамада тыйым салынбаған өзге де түсімдерден құралады және солардан тұрады, қорға түсетін барлық басқа түсімдер Қордың қаражаты болып табылмайды.



2 тармақты 72) тармақшамен толықтыру

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

72) жоқ


2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:



72) «DICOM» интерфейсі – файл форматының сипаттамасын және желілік хаттаманы қоса алғанда, ақпаратты өңдеу, сақтау, басып шығару және беру жүйесі..

Жаңа ұғым жоғары сапалы деректерді беру мақсатында цифрлық форматы бар медициналық техника DICOM интерфейсін қолдауы тиіс екендігіне байланысты енгізіліп отыр. DICOM файлдарын оқу және жазуды қолдайтын жүйелер DICOM форматындағы файлдармен алмаса алады. Бұл компьютерлер арасында радиологиялық кескіндерді және басқа да медициналық ақпаратты беруге арналған индустриалдық стандарт (ISO 12052:2017). Стандарт түрлі өндірушілердің жүйелерінде қолданылатын әртүрлі диагностикалық және терапевтік жабдықтар арасында цифрлық байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, DICOM медициналық техниканы пайдалану тиімділігі туралы деректер алуға, жабдықтың техникалық жай-күйіне мониторинг жасауға мүмкіндік береді.



4 тармақ

  4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын бағамен сатып алынады.


4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шекті бағалардан аспайтын бағалармен сатып алынады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 2-тармағына сәйкестендіру мақсатында, сондай-ақ уәкілетті органның медициналық техникаға бағаны белгілеуін регламенттеу болмағандықтан.




11-1 тармақпен толықтырылсын

Жоқ

11-1. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз деп танудың негіздері басталғаны мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті. Мұндай талап арыздар сонымен қатар берілетін тауардың өндірушілері (дайындаушы зауыттары) болып табылатын шетелдік өнім берушілерге қойылмайды.

Оның жоқтығы шарт тәртібіннің сапасыз мониторингіне және кінәлі өнім берушілерді жазалау шараларының қабылданбауына (уақтылы қабылданбауына) және кереғар сот практикасына, ал талап арыз едәуір кешіктіріліп берілген жағдайда – тізбеде тұру мерзімі сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептелетіндіктен, өнім берушінің жосықсыз өнім берушілердің тізбесінде тұру мерзімінің жылжуына алып келуі мүмкін болғандықтан, сотқа өнім берушілерді жосықсыз деп тану туралы талап арыз берудің бұлтартпайтын мерзімі қажет.

Мұндай талап арызды шетелдік өнім берушілерге-берілетін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындаушы зауыттарға қою мүмкіндігін алып тастау болашақта олармен «тікелей» келісімшарттар жасаудың мүмкін болмауына немесе жасалған шарттарды бұзуға әкеледі, ол түбінде бюджет қаражатын үнемдеуге әсерін тигізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет