Президент жарлығымен Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі, Нұржан Нұржігітов су ресурстары министрі, Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі лауазымдарына қайта тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 1981 жылы Семей қаласында туған. Маршаллтаун колледжін (АҚШ), Л. Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетін, La Sapienza (Италия) университетін бітірді. АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2002-2004 жылдары Қазақстанның жастар саясатын іске асыруға қатысты.

2006-2009 жылдары "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ инвестициялық жобалар саласында жұмыс істеді, ҚР Президенті Әкімшілігінің Кадр саясаты секторының меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі вице-ректоры, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ департамент директоры, кадр саясаты және басқару жөніндегі атқарушы директор болып қызмет атқарды.

2009 жылы — президент жанындағы мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры.

2010-2013 жылдары — білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті.

2013-2015 жылдары — "Нұр Отан" партиясының қоғамдық саясат институтының директоры.

2015-2016 жылдары Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

2016 жыл — "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры, басқарма мүшесі.

2019-2022 жылдары — BTS Education компаниясының басшысы, Қазақстанның жаңа мамандықтар атласы жобасының жетекшісі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

2022 жылдың ақпан айынан бастап — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Президент Тоқаевтың 2022 жылғы 11 маусымдағы Жарлығымен ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ғылым және жоғары білім министрі болып қайта тағайындалған.

Ал су ресурстары және ирригация министрі қызметіне қайта бастаған Нұржан Нұржігітов 1967 жылы туған. 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын "инженер-механик", 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін "экономика" мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.

Байзақ ауданы әкімі қызметін атқарды.

2021 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2022 жылдың сәуір айынан бастап 2023 жылғы қыркүйекке дейін Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды.

2023 жылы қыркүйекте су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы 1961 жылы Алматы облысында туған. Қазақ ауылшаруашылық институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысында Ұйғыр орман шаруашылығының шебері болып бастаған.

1984-1989 жылдары Алматы облысы Ұйғыр аудандық комитетінде нұсқаушы, Ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген.

1989-1991 жылдар аралығында Алматы облыстық комитеті Ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі болған.

1991-2004 жылдары коммерциялық ұйымдар құрылымында жұмыс істеді.

2004-2009 жылдар аралығында "Астана көгалдандыру құрылысы" АҚ-да басшылық лауазымдар атқарған.

2009 жылы ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

2013-2014 жылдары қоршаған орта және су ресурстары министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2014-2021 жылдары — ауыл шаруашылығы, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары.

2021-2023 жылдар аралығында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің стратегиялық даму және халықаралық байланыстар басқармасы төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

2023 жылғы наурыздан бастап — Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.

2023 жылғы 5 қыркүйекте экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Еске салсақ, бұған дейін Нұрлан Байбазаровтың премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалғаны туралы жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.