Ресейдегі "Крокус сити холл" қожайыны Араз Агаларов алғаш рет концерт залында болған лаңкестікке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жантүршігерлік қайғылы оқиға болды және кейінгі 20 жылда мұндай ештеңе болмағаны айтылды", – деді теракт болған жерге келген Агаларов.

Араз Агаларов оқиғаны жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан түсіндіруге келмейтінін және лаңкестік әрекет құрбандарының отбасыларына көңіл айтты.

Сонымен қатар ол теракт кезіндегі күзетшінің қазасы туралы да хабарлады. Оның айтуынша, лаңкестер залға есіктен емес, көршілес көрме орталығының терезесі арқылы кірген.

"Автоматтармен бетпе-бет келген және көргендерінің бәрін ата бастаған. Барлық адамға, оның ішінде күзетшілерге оқ жаудырды. Бір күзетші қаза тапты, екіншісі жараланды. Бұл тіпті күзетші емес. Біз оларды "бақылаушы" деп атаймыз", – деді Crocus Group компаниялар тобының президенті және иесі.
 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.