БҚО-да 2019 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көпірді тағы да еріген су басып кетті. Тұрғындар көпірдің дұрыс жөнделмегенін, тек құм төселгенін айтып, наразы. Салдарынан қазір төрт елді мекен қаламен қатынай алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Бәйтерек ауданының тұрғындары көпірдегі жөндеу жұмыстары кезінде мердігер айналма жол салғанын айтады. Алайда өкінішке орай, жақын маңдағы өзеннің деңгейі жоғары болғандықтан бұл жолды су басқан.

"Жерді демонтаждағаннан кейін мердігерлер өткелге саздан бөгет жасады. Олар топырақты қабат-қабат нығыздамай, көпірге бетон құя бастады. Мен үнемі жолда жүретіндіктен олардың қалай жұмыс істегендерін көретінмін. Ауа райы күнде өзгеріп, қар ери бастады. Деркөл өзенінің суы көтеріліп, көпір су астында қалды. Қазір төрт ауыл облыс орталығына бара алмай отыр. Кеше әкім келді. Жолды тағы көмді. Алайда таңертең қайтадан су шайып кетті. Құрылыс қалай жүріп жатқаны белгісіз. Қыста бетон құйылады ма? Бетонды бекіту үшін арнайы құрылғы болуы керек. Арматуралар мен жақтаулар ашық жерде жасалған", — деді жергілікті ауылдың тұрғыны.

Ал жергілікті атқарушы органдар ауа-райы қалпына келе салысымен көпірді қалпына келтіруге уәде берді.

"Ауданда жол құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта мердігер айналма жол жасады. Бірнеше күн бұрын жауған жаңбыр мен қардың еруінен Деркөлдегі су деңгейі көтеріліп, су Тасқала жаққа қарай ағып, айналма жолдан асқан. Ауа-райы қолайлы болған кезде мердігер көпірді қалпына келтіреді. Ауылдар облыс орталығымен байланысын үзген жоқ. Магистральға жетудің екі жолы бар: Переметноедегі темір жолдың бойымен және Зеленое ауылы арқылы. Иә, бұл біраз шақырым болады. Бірақ тұрғындардан шыдамдылық танытуын сұраймыз", — деді Бәйтерек ауданының әкімдігі.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.