Жоғалып кеткен құтқарушылардың туыстары Павлодар облысындағы "Майқайың-алтын" кен аумағында жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстарын қайта жалғастыруды сұрап отыр. Қайғы оқиғадан кейін екі ай өтсе де, шахтаның екі қызметкері тірі, не өлі табылмады. Туыстары бос үмітпен өмір сүруден шаршағандарын айтады. Алайда оқыс оқиға болған кәсіпорын басшылығы ешнәрсе айта алмай отыр. Жоғалған кеншілердің отбасыларына тағы қанша күтуге болады? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеокадрдан алынған
Жоғалған құтқарушылардың туыстары "Майқайың-алтын" шахтасына күнсайын жұмысқа келгендей барады. Кеншілердің кенже балалары әкелерін іздеп сұрайды. Ал үлкендері жағдайдың қалай болғанын біліп отыр дейді туыстары. Тек әкелерінің денесін тауып берсін деп отыр. Сондықтан олар әрдайым шахтаға барып, іздеудің жалғасқанын тексереді.
Жоғалып кеткен кенші Айдос Шаймерденнің әкісі Әлібай Кайкин ұлының үйде жоқтығына 2 ай өткенін айтты.
"Ұлымның бес баласы бар. Үлкендері жағдайдың қалай болғанынан хабардар. Ал кішілері әкесінің қайда екенін іздейді. Ол қайтыс болды немесе жұмыстан келеді деп айта алмаймыз. Міне, бізде осындай өкініш бар", – деді кеншінің әкесі Әлібай Кайкин.
Бұған дейін осы жылдың 4 қаңтарында Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус 150 метр тереңдіктегі шұңқырға түсіп кеткен еді. Мамандар апат болған орынды геосканермен белгілеп, техника жете алмайтын шұңқырды қолмен қазды.
Бір жарым айдан кейін іздеу жұмыстары тоқтатылды. Іздестіруді жүргізу кезінде опырылып қалу қаупі бар екені байқалған.
"Біз тірі адамдардан, яғни құтқарушылардан айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан шамамен наурыз айына дейін тексеріс аяқталады, іздеу және жалпы жұмысты қалпына келтіру туралы қосымша шешім қабылдаймыз", – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында.
-
"Тірі адамдардан айырылып қалуымыз мүмкін": Төтенше жағдайлар министрі Майқайыңдағы жер астына түсіп кеткен автобусты іздеуге қатысты пікір білдірді
-
Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты
Өкінішке қарай, кеншілердің туыстары өз бетінше іздеу жұмыстарына атсалысатын басқа құтқарушыларды іздеп жатыр.
Айдос Шаймерденнің туысы Ерболат Қабиевтің сөзінше, ол жобалаушыларды өзі іздеп тапқан.
"Олар менің әріптестерім. Олармен бұрыннан таныспын. Бірақ 25 ақпаннан бастап келіссөздер басталғанғанымен, келісімшарт жасалмады. Себебі қаржыландыру болмады", – деді Ерболат Қабиев.
Төтенше жағдайдар министрлігі бірнеше мәрте елде мұндай жағдайдың мүлде болмағанын ескертті. Олардың сөзінше, жер бір сәтте опырылып, сол жерде шұңқыр пайда болған. Егер топырақ тағы да үгітілсе, адамдардың денесі мен автобусты қалай көтеруге болатынын білмей отыр.
Дегенмен ведомсвтво арнайы комиссия жұмыс істейтінін айтты. Комиссия тергеуді 31 наурызға дейін аяқтайды. Қазір шахтаның өзі де жабық. Басшылықтың айтуынша, олар да шұңқырға жасалған сараптаманың нәтижесін күтіп отыр.
"Майқайың-алтын" шахтасының бас директоры Қуаныш Ботин қаражат бөлінгенін жасырмады.
"Бүгінгі таңда ақша бар. Бірақ олар іске қосуға, кәсіпорын жұмысын қамтамасыз етуге арналған. Жобалаушы туралы оралсақ, онда іс жүзінде жұмыс істеудің қауіпті екенін айтамыз. Сол себепті ешкім тәуекелге бара алмайды", – деді бас директор.
36 жастағы құтқарушы Айдос Шаймерден әлі күнге дейін жоғалып кетті деп саналады. Үйінде бес баласы күтіп тұр. Балалардың кенжесі небәрі екі жаста. Ал 55 жастағы Айып Тілеубергенов автобус жүргізушісі болған. Оның екі ұлы және кәмелетке толмаған мүмкіндігі шектеулі қызы бар. Ер адамдар қайтыс болды деп танылмайынша, отбасылар асыраушысынан айрылу төлемдерін ала алмай отыр.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.