Президент жарлығымен Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Нұрлан Байбазаров 1975 жылғы 10 қазанда туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 

1997-2003 жылдары қаржы министрлігінде жұмыс істеді.

2004 жылдан 2011 жылға дейін жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ корпоративтік хатшысы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдан 2016 жылға дейін ұлттық экономика министрлігінің экономика салаларын дамыту департаментін басқарды.

Бұдан басқа, әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз Консалтинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жұмыс істеген.

2016 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ басқарма төрағасы болды.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жалғыз акционерінің 2023 жылғы 05 қазандағы шешімімен холдингтің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

2023 жылғы 11 қазанда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. 

Еске салсақ, бұған дейін президент жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі лауазымына, Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалғаны туралы жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.