Қазақстандық өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, оны интернет арқылы сатуға тырысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Polisia.kz
Автор желі қолданушыларына өз мүшесін сататынын айтқан, бірақ оны шығарып алу операциясына қатысты барлық келісімді алушы ұйымдастыруы керек еді.
Танымал әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты.
- "Ағзаны алуға туыстары араласпауы керек": Ең алғаш қайтыс болған адамның жүрегін алған қазақстандық қалай өмір сүріп жатқанын айтты
- Асхат Аймағамбетов қайтыс болғаннан кейін донор болуға дайын екенін айтты
Бірнеше апта бойы полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша төлеуге келісті.
Көкшетау қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері, ақша беріп жатып күдіктіні ұстады.
Алғашқы тергеу кезінде полицейлер ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ елордада тұратынын анықтады. Қатысушының өзі ойынға тәуелділіктен қарызға батып қалғанын, соны төлеу үшін осындай қадамға барғанын айтты.
Осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін белгілі тележурналист Қымбат Досжан қазақстандық қанша баланың із-түссіз жоғалып кеткенін 2000 жылдары сәбилердің ағзасын саудаға салумен байланыстырған еді.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.