Қарағанды облысының тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жаздыртқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Олар сатып алушы контрагенттермен үш жақты шарт жасасып, микроқаржы ұйымдарда алынған жалған займдарды пайдаланған. Контрагент бақылауындағы ЖШС-ге емес, МҚҰ-на қарызды өтеу түрінде төлем жүргізген.

Соның арқасында олар қарыз беру шарттары негізінде қолма-қол ақша алып, оларды жеке тұлғаларға беру арқылы жалпы сомадан 2-6%-ға дейін материалдық пайда тапты.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 млрд теңгеден асты. Тергеу барысында жалған шот-фактураларды жазып беруге байланысты қылмыстық әрекетті Қарағанды облысының тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Тергеу жалғасуда.

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.