Сабақ № Сабақтың тақырыбы Радиобайланыс Мақсаты



жүктеу 154.46 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі154.46 Kb.
түріСабақ

Бекітемін...............................................................Оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Сейдуллаева Пән: физика

Сынып: 9

Мерзімі: 18.01.2018ж

Сабақ №.......

Сабақтың тақырыбы

Радиобайланыс

Мақсаты

Радиобайланыс принциптерін түсіндіру.

Байланыс құралдарының дамуындағы ғылымның жетістіктерін ашу.

Қазіргі заманғы техника мен ғылымның жетістіктерін мысалға келтіре отырып, оқушылардың өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруды дамыту. Оқушылардың талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, оқу материалының ең

негізін алып, мазмұнын ажыратуға тәрбиелеу.



Табыс критерийі

  1. Радиобайланыс құралдарының дамуындағы ғылымның жетістіктерін біледі;

  2. Алған білімдерін өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

  3. Қазіргі заманғы техника мен ғылымның жетістіктерін мысалға келтіре отырып, оқушылардың өмірге деген көзқарастары қалыптасады

Сілтеме

Физика. – Алматы: Мектеп, 2013 Бейне жазбалар (ютуб сайтының материалдары)

Негізгі идеясы

Механикалық энергия – дененің механикалық күйінінің сипаттамасы. Оның екі белгісі бар: күй параметрлеріне тәуелді және оның өзгерісі атқарылатын жұмыспен байланысты. Энергияның өлшем бірлігі джоуль (Дж). Қозғалыстағы денеде кинетикалық, орналасуына байланысты потенциалдық энергия болады. Табиғатта энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

Әдіс-тәсілдер

критерийалды бағалау, АКТ, постермен жұмыс, өз жартыңды тап ойыны, Өрмекші торы ойыны.

Ресурстар

Постер, маркерлер, стикер, үлестірмелі материалдар

Ұзақтығы

40 минут




Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Формативті бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин


-Сәлеметсіздер ме? Күйлі, қуаттысыздар ма?

Өз жартыңды тап ойыны.

Өткен тақырыптардан формулалар жазылған парақшалар тарату арқылы үш топқа бөлемін.

1-топ:     λ = cT 2-топ:  3-топ: Т=2


Таратылған сұрақтарға (өткен тақырыптардан) жауап таңдау (1,2,3) арқылы сынып оқушылары үш топқа бөлу.

Алған парақшадағы формуланың жалғасын тауып топқа орналасады.


Қолпаштау, мадақтау.



Үй тапсырмасын сұрау

5мин

Үй тапсырмасын "Шапшаңдық сайысы" арқылы сұрау

Кестеде есеп берілген. Бос орынды толтыру керек.

А) Белгісіз шаманы табу


(тербеліс жиілігі)



с

(жылдамдығы)



Т

(периоды)



?

3*108м/с

5

2

3*108м/с

?

20Гц

?




Оқушыларға кесте беріледі, солкестені толтырады.



Мадақтау.

Білу

1 мин


Қызығушылықты ояту

Столдарға байланыс құралдары түрлері қойылады. Тақтаға ағартушы ғалым Ы.Алтынсарин портреті мен

...Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды. – деген

«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінен үзінді жазылып ілінеді және байланыс құралдарының электротехникалық шартты графикалық белгіленулері көрсетіледі.



Тапсырма:

а) бұл заттар нені білдіреді? Ұлы дала ағартушысы Ы.Алтынсариннің бүгінгі сабаққа қаншалықты қатысы бар және де бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?



группа 15

Оқушылар көре отырып бүгінгі тақырыпты ашатын жауаптар айта алады

Қолпаштау, мадақтау.

Түсіну

12 мин


Жаңа сабақ. "Білімді толықтыру аялдамасы" стратегиясы. Топтық жұмыс.

  1. Мұқият оқиды, мағлұмат алады;

  2. Топпен талқылап, негігі мазмұнды қорытып шығарады.

  3. Мысалдар келтіреді

Сұрақ қою

Қолдану

8 мин


Жұптық жұмысты бөліп беремін:

І жұп – Сәйкестендіру

ІІ жұп – Физикалық диктант


Яғни оқушыларға бір сұрақ қойып жіптің ұшын ұстап қаламын да, әрі қарай оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтары мен жауаптарын, қызықты мәліметтерін айтып тор құрады.

Қол шапалақтау

Талдау

5 мин


Өрмекші торы әдісін қолдану

Оқушылар жұппен тапсырманы орындайды.

Бағалау

Жинақтау

3 мин


Екі жұлдыз, бір ұсыныс

Оқушылар сабақ процесіндегі алған білімдері мен сыныстарын айтады.

Бас бармақ

Бағалау 2 мин

«Бағалау парағын толтыру»

Оқушылар өз ұпайларын айтады




Қорытынды

Табыс критерийін толтыру


Табыс критерийін толтырып, есіктегі ашықхатқа салады

Суммативті бағаға айналдыру

Үйге тапсырма

«Радионың адам өміріндегі ролі » (эссе) жазып келу.








Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Радиобайланыс принциптерін түсіндіру.

Байланыс құралдарының дамуындағы

ғылымның жетістіктерін ашу.

Дамытушылық: Қазіргі заманғы техника мен ғылымның

жетістіктерін мысалға келтіре отырып,

оқушылардың өмірге деген көзқарастарын

қалыптастыруды дамыту



Тәрбиелік: Оқушылардың талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту, оқу материалының ең

негізін алып, мазмұнын ажыратуға

тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: меңгеру сабағы

Сабақтың әдістері: СТО технологиясының элементтері,түсіндіру, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыстылығы: әдебиет, тарих,математика

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта,теледидар, радио,телефон, ұялы телефон, жетондар,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

  1. «Өз жартыңды тап» ойыны

  2. «Шапшаңдық » сайысы

ІІІ.Қызығушылықты ояту фазасы

ІV.Мағынаны тани білу фазасы

Жаңа ақпаратпен танысу

1.Радиобайланыс

2. ТВ-бинго ойыны

V.Ой толғаныс фазасы

1.Бес жолды өлең стратегиясы



VІ.Сабақты қорытындылау.(Оқушыларды бағалау)

VІІ.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А)«Сәлем- сөздің анасы» оқушылармен амандасу.

Ә)шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз.

-Балалар, енді қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір-біріне жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.

Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)

Қуанасың сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)

Қуанайық ,достарым, (бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз)

Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.«Өз жартыңды тап» ойыны

Бұл ойында формулалар беріледі. Формулалар екі бөлікке бөлініп беріледі. Тақтаға 1 ұл, 1 қыздан шығып, формулалардың жартысы жазылған қағаздарын алады. Қағаздарын алып болғаннан кейін өз жартыларын іздеп табады. Егер өз жартыларын дұрыс тапқан болса, онда осы формула бойынша мәлімет береді.

Формула:     λ = cT

Формула: 

Формула: Т=2

2.«Шапшаңдық сайысы»

А) Белгісіз шаманы табу


(тербеліс жиілігі)



с

(жылдамдығы)



Т

(периоды)



?

3*108м/с

5

2

3*108м/с

?



ІІІ.Қызығушылықты ояту фазасы

Бір жас бала данышпанға келіп айтыпты «Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын» бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін

Данышпан - ол жас жігіт алдына қасық, кесе, шам қойып «Нені таңдайсын» - деп сұрапты


  • Қасықты- депті жас бала

  • Данышпан оны бес рет қайтала - депті

Жас өспірім 5 рет қайталайды

  • Міне көрдіңбе бір күнде миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды

  • Онда не істеу керек?

Столдарға байланыс құралдары түрлері қойылады. Тақтаға ағартушы ғалым Ы.Алтынсарин портреті мен

...Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды. – деген

«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінен үзінді жазылып ілінеді және байланыс құралдарының электротехникалық шартты графикалық белгіленулері көрсетіледі.

Тапсырма:

а) бұл заттар нені білдіреді? Ұлы дала ағартушысы Ы.Алтынсариннің бүгінгі сабаққа қаншалықты қатысы бар және де бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?



группа 1группа 15


ІV.Мағынаны тани білу фазасы

1.Жаңа сабақ түсіндіру.

2. ТВ-бинго ойыны

Жаңа сабақ

1888ж орыс ғалымы А.С.Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми болжамын ұсынды. Бұл проблеманың практикалық шешімін ол 1896ж тапты. Сол жылдың 24 наурызында Ресейдің физика-химия қоғамының мәжілісінде А.С.Попов әлемде бірінші рет 250м қашықтыққа сымсыз радиограмма арқылы Генрих герц деген екі сөзді жеткізді.

Поповпен бір мезгілде радиобайланыс идеяларын дамытып, радиоаппаратура жасау мәселесімен италяндық ғалым Г.Маркони да шұғылданды. Ол 1897ж электромагниттік толқындарды пайдаланып, хабар таратуға болатыны жөнінде патентті А.С.Поповтан бұрын алды.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында электромагниттік толқындар көзі ретінде электр ұшқындары қолданылды. Электр ұшқындарының табиғатта кездесетін түрі-найзағай.

Теориялық ізденістер мен практикалық зерттеулер ақпаратты алысқа жеткізуде өшпейтін синусоидалық электромагниттік тербелістердің аса маңызды екенін көрсетті. Осыған байланысты ақпарат таратуда шығатын радиотолқынның қуаты жиіліктің төртінші дәрежесіне тура пропорционал. Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контур шығарады. Мұндай тербелмелі контурда электромагниттік тербеліс пайда болғанымен, олар кеңістікке толқын түрінде тарай алмайды. Себебі электр өрісі конденсатор астарларының арасында, ал магнит өрісі катушка ішінде жинақталады. Сондықтан оларды жабық тербелмелі контур деп атайды.

1894ж Попов генераторлар мен радиотолқындарды қабылдайтын қондырғылыарға ұзын сымдарды жалғағанда, радиобайланыстардың жақсаратынын байқады. Осылай радиотаратқыштар мен радиоқабылдағыштардың маңызды бөлігі болып табылатын антенна ойлап шығарылды. Антенна ашық тербелмелі контур болып табылады.

Тұрмыста, техникада сондай ақ ғылыми мақсаттар үшін антенналардың көптеген түрлері қолданылады.

Кез келген электромагниттік сәулелер сияқты радиотолқындар да өздері түскен беттен кері шағыла алады. Бұл құбылысты алыстағы денелерді радиотолқындар арқылы анықтайтын радиолокацияда қолданылады. Радиолокация арқылы нысананың қозғалу жылдамдығын және одан бақылаушыға дейінгі арақашықтықты табуға болады. Ол үшін кеңістіктің белгілі бір аймағына бағытталған электромагниттік сигнал тарататын арнайы радиотелескоптың антеннасы қолданылады.

2.ТВ-бинго ойыны

Оқушылар енді сіздермен Тв-Бинго ойынын ойнап жіберейік.Бинго билетін таңдап алайық.Қоржындағы сан сізде бар болса, сұраққа жауап бересіз.сұраққа дұрыс жауап берілсе, кубикты лақтыруға шығасыз.

1. Бірінші рет радиобайланыс қашан жасалды?

2. Радионы ең алғаш кім ойлап тапты?

3. Антенна не үшін қажет?

4. Радиотолқынның вакуммде таралу жылдамдығы нешеге тең?

5. Радиотелескоптар не үщін қолданылады.

6. радиобайланыс жасау үшін қандай жиіліктер пайдалырақ?

7. Электромагниттік тербеліс қандай құрылғыда алынады?
V.Ой толғаныс фазасы

1.Бес жолды өлең стратегиясы

1.Не?
2.Қандай?


3.Не істейді?
4.Анықтамасы?
5.Түйін сөз

VІ.Сабақты қорытындылау.(Оқушыларды бағалау)

VІІ.Үйге тапсырма.

«Радионың адам өміріндегі ролі » (эссе) жазып келу.

  1. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
    1) Радиотолқындар.
    2) Модуляция.
    3) Детектрлеу.
    4) Радиотолқындардың қолданылуы.
    5) Радиотолқындардың таралуы.
    4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі — 40 минут



Модуляция. Радиотелефон байланысын жүзеге асыру үшін, антенна күшті шығарып тарататын, жиілігі жоғары тербелістерді пайдалану қажет. Жиілігі жоғары өшпейтін гармониялық тербелістерді генератор, мысалы, транзисторлы генератор өндіріп береді. Дыбысты жеткізу үшін осы тербелістерді өзгертеді, яғни басқа сөзбен айтқанда, модуляциялайды. Оны жиілігі төмен электр тербелістерінің көмегімен жасайды. Мысалы, жиілігі жоғары тербеліс амплитудасын дыбыстыкіндей жиілікпен өзгертуге болады. Бұл тәсілді амплитудалық модуляция дейді де, ал жиілік өзгерсе жиіліктік модуляция деп атайды.
Детектирлеу. Қабылдағыш ішінде жиілігі жоғары модуляцияланған тербелістерден жиілігі төмен тербелістерді айырып, бөліп алады. Сигналды осылай түрлендіру процесін детектирлеу деп атайды. Детектирлеу нәтижесінде алынған сигнал, хабарлағыштың микрофонына әсер еткен дыбыс сигналына сәйкес болады. Жиілігі төмен электр тербелістерін күшейтіп алып, дыбысқа айналдырады және басқа мақсаттар үшін де пайдаланады.
Радиотолқындардың қолданылуы
Кез — келген электормагниттік сәулелер сияқты радиотолқындар да өздері түскен беттен кері шағыла алады. Радиобайланыс үшін радиотолқындарды пайдаланады. Радиотолқындардың таралуы олардың толқын ұзындықтарына тікелей тәуелді болады. Қысқа толқындар ионосферадан және Жер бетінен көп қайтара шағылады. Қысқа толқындардың көмегімен шалғай аралықтармен радиобайланыс жүзеге асады. Ұзын толқындар жер бетін бойлай сырғанайды. Сондықтан оны шектеулі қашықтыққа пайдалануға болады.
Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оның тұрған орнын дәл анықтау радиолокация деп аталады. Радиолакация арқылы нысанның қозғалу жылдамдығын және одан бақылаушыға дейінгі арақашықтықты табуға болады. Радиолокациялық қондырғы – радиолокатор немесе радар – хабарлаушы және қабылдаушы бөліктерден тұрады. Радиолокаторлар ұшақтар мен кемелердің орнын анықтау, ауа райы қызметіне т.с.с. пайдаланылады.Ол үшін кеңістіктің белгілі бір аймағына бағытталған электромагниттік сигнал тарататын арнайы радиотелескоптың антеннасы қолданылады.
Телехабар. Радиотолқындар тек дыбысты ғана емес, сонымен қатар кескіндерді де қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Телевизиялық радиосигналдар тек ультрақысқа толқын диапазонында ғана жіберіледі.
Телехабарлық  радиосигналдар тек ультрақысқа толқын диапозонында ғана жіберіледі. Осындай толқындар әдетте антеннаның тікелей көру шегінде ғана тарайды. Сондықтан телехабармен үлкен атырапты қамту үшін телехабар таратқыштарды жиірек орналастыру және олардың антенналарын жоғарырақ көтеру керек.
Космостық радиобайланыс саласындағы жетістіктер «Орбита» делінетін жаңа байланыс жүйесін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бұл жүйеде ретрансляциялық байланыс спутнигі пайдаланады. «Молния» сериялы байланыс спутниктері аса созылыңқы орбитаға жіберіледі. Олардың айналыс периоды шамамен 12 сағ. Ультрақысқа толқындар ионосфераны тесіп өтеді. Сондықтан олар ғарышкемелермен байланыс жасау үшін пайдаланылады.
Телеграф пен фототелеграф сияқты едәуір ескі байланыс құралдары да жетілдіріліп жаңа мақсаттар үшін қолданылатын болды.
Адам сөйлегенде  дауыс  жилігі  80Гц – тен 12 000Гц, ал есту  мүмкіншілігі 16Гц – тен 20 000Гц аясында болады. Дауыс сигналын байланыс жолымен тарату үшін оның  жиілік  аясы     300Гц – тен 3400Гц – ке дейін    болғанда,  сөйлеген  дыбыс деңгейінің  90%, ал сөздің есту анықтылығы  99% табиғи  үнін сақтайды.

5. Жаңа материалды бекіту – 10 минут 
1. Бекіту сұрақтары:
Радиотолқындар дегеніміз не?

Радионы ең алғаш қай жылы кім ойлап тапты?

Радиобайланыс принциптері.

Ультрабук Acer Swift 3 NX GPLER Купить за 199 990 ₸.sulpak.kz

Яндекс.ДиректСкрыть рекламу:Не интересуюсь этой темойТовар куплен или услуга найденаНарушает закон или спамМешает просмотру контента


Спасибо, объявление скрыто.

Радиотолқындар толқын ұзындығына байланысты қалай бөлінеді?

Ғарышкемемен байланыс жасау үшін қандай радиотолқынды пайдаланады?

Телевизиялық хабарлар тарату үшін қандай радиотолқындарды пайдаланады?

Радиолокатор және радар дегеніміз не?



 Сабақты қорытындылау-5 минут:
Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Үй тапсырмасы
Эссе «Радионың падалылығы»

Өте төменгі

Милиметрлік, өте жоғары

3-30кГц

100-10км

Су асты кемелер, радионавигацияда метерологиялық байланыс үшін

Төменгі

Километрлік, ұзын

3-30кГц

10-1км

Радио хабарларын 1500-1600м  диапазонында тарату мақсатында

Орташа

Гектометрлік, орташа

300кГц-3МГц

1км-100м

Радио хабарларын тарату 600-200м диапазонында тарату

Жоғары

Декаметрлік, қысқа

3МГц-30МГц

100м-10м

Радио хабарларын   75-16м диапазонында тарату мақсатында

Өте жоғары

Метрлік, ультрақысқа

30МГц-300МГц

10м-1м

Телевидение, радиолакация

Ультра  жоғары

Дициметрлік

300МГц-3ГГц

1м-10см

Радиорелелі байланыс,  телевидение, радиолакацияда

Шекті жоғары

Сантиметрлік

3ГГц-30ГГц

1см-1см

Өте жоғарғы жиілікті техника, спутник көмегімен космостықтық байланыста, радиоастрономияда

Гипер жоғары

Миллиметрлік

30ГГц-300ГГц

1см-1мм

Радиоспектрлік




Дицимиллиметрлік, субмилиметрлік

300ГГц-3ТГц

1мм-0,1мм

Космостық байланыста




Ұзын инфрақызыл толқын

3ТГц-30ТГц

0,1мм-10мкм

ИК-локация, байланысында




Қысқа  инфрақызыл толқын

30ГГц-300ГГц

10мкм-1мкм

ИК — локация, байланысында, физикалық зерттеулерде




Жақын инфрақызыл толқындар, оптикалы толқындар, жұмсақ ультракүлгін

300ГГц-3000ГГц

1мкм-0,1мкм

Оптикалық сызықтар көмегімен лазерлік байланыстарда




Ренген сәулеленуі

<3000ГГц

>0,1мкм

Квантты генераторлардың рентгендік сәулеленуінде





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет