Қаржы мониторингі агенттігі Орал тұрғыны екі өлшемді цифрлық таңбасы жоқ шетелде өндірілген темекі өнімдерін қомақты сомаға сатқанын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels-photo

Мәліметтерге сүйенсек, бұл іске қатысты тергеуді ведомствоның Батыс Қазақстан облысындағы департаменті аяқтады.
Заңсыз темекі өнімдерінің жалпы саны 94 миллион теңгеден асатын 136 мыңнан астам қорапты құрады.

Айыпталушы 2023 жылдың мамыр айында Біріккен Араб Әмірліктері мен Германияда өндірілген екі өлшемді цифрлық белгісі жоқ түрлі маркадағы темекі өнімдерін сатып алғаны анықталды.

  • "Темекі түтінінсіз болашаққа ұмтыламыз": Филип Моррис Қазақстан жетекшісі 30 жылдағы нәтижелер, бизнес транформациясы жайлы айтты

  • Электронды темекі қолданған жасөспірім реанимацияға түсті

Бұл ретте ол екі өлшемді цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдерінің айналымына тыйым салатын "Темекі бұйымдарын өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заңының және Салық кодексін бұза отырып, аталған өнімдерді Орал қаласындағы әртүрлі сауда орнында өткізген.

Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырылды. Ал "темекі" заттай айғақтары мемлекет кірісіне айналдырылды.

Еске салайық, Қазақстанда темекі өнімдерінің бағасы көтеріліп жатса да, былтыр темекі сатылымы 69% өскенін жаздық. Ал темекі өндірісі 4% өсті. Қазақстандық темекі фабрикалары өткен жылмен салыстырғанда 4 миллиардқа көбірек табыс тапты. Сарапшылар берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстан вейпке тыйым салып отырған бірінші ел емес. Әлемде 30-ға жуық ел электронды темекіні таратуға және сатуға тыйым салған. Мұндай әрекетті қылмыстық жауапқа тартады. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.