Сабақ 20 Күні : Сабак такырыбы



жүктеу 56.51 Kb.
Дата24.09.2017
өлшемі56.51 Kb.
түріСабақ

Пән: биология

Сынып 8а.б

Сабақ 20

Күні :

Сабак такырыбы

§ 19.Есту мүшесі және есту анализаторы. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың құрылысы және қызметі. Есту анализаторының бөліктері. Есту орталықтары. Есту гигиенасы. Есту мүшелерінің аурулары, олардың алдын алу.

Максаты

1. Есту мүшесі туралы білім, білік дағды қалыптастыру және сабақтың ғылыми негізділігін арттыру 
2. Сыртқы ортамен байланысын нығайту, өмірге деген көзқарасын, есте сақтау қабілетін дамыту. 
3. Өзін –өзі тани білуге, санитарлық – гигиеналық дағдыға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Оқушылардың өз бетімен оқу, талдау, салыстыру дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар есту мүшесі  маңызын біледі. өз бетімен оқу, талдау, салыстыру дағдысын дамытады.

Сабақ түрі

аралас, зертханалық 

Сабақ әдіс тәсілдері

Жаңа әдістер: АКТ,СТО,Оқыту үшін бағалау
диолог,топтык,жұптык болып жұмыс жасау.көрнекі – баяндау, сұрақ –жауап, өзіндік тапсырмалар 


Керекті жабдықтар

  қосымша материалдар электронды оқулық, тақта,суреттер, тірек-сызбалар

Сабақ кезеңі

Мұғалім іс әрекеті

Оқушы іс әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық.оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар топтарға бөлінеді.

1 – топ 2 – топ 3 – топ

  • Өткен сабаққа шолу

Оқушылардың естеріне түсіру

« Миға шабуыл» -

1.Сезім мүшелерінің шеткі бөлімдері – рецептор

2.Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығы - анализатор

3.Анализатор бөліктері – шеткі, өткізгіш, орталық

4.Көру мүшесі – көз

5.Көз алмасын қимылдататын бөлігі – бұлшықеттер

6.Аққан терді көздің ішіне жібермейтін мүше – қас

7. Нұрлы қабықшаның ортасындағы тесік – қарашық

8. Көздің сыртқы қабықшасы – ақ қабықша

9. Екі жағыда дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене – көз бұршағы

10. Соқыр дақта жарықты сезетін рецепторлар – болмайды 

 « Көздің құрылысын» тақтадағы кесте бойынша суреттеп беру. 



3. Кластер құру Көз аурулар ы

4. Көз гигиенасы мен көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы оқушылардың ой – пікірлері. 





амандасады. Топтарға бөлінеді.
Окушылар сұрақтардың жауабын айтады

Тұсау кесер

Ой козгау.





Негізгі бөлім

Жаңа материалды оқыту.

Мұғалім түсіндірмесі.- Адам есту мүшесі арқылы қоршаған ортадан әртүрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым –қатынас жасайды. Есту мүшесінен түскен ақпараттар ішкі мүшелердің жұмысына әсерін тигізіп , оларды реттеуге қатысады. Адамды қауіптен сақтауда талық ақпараттың маңызы үлкен. Есту мүшесін дыбыс қоздырады. Дыбыс есту мүшесінің рецепторлары арқылы жүйке қозуына айналады. Одан соң қозу орталық жүйке жүйесіне жеткізіледі, айналадағы ортада болып жатқан жағдайларды хабарлайды. Есту мүшесі дыбыс пен тепе – теңдікті сезеді. Есту мүшесі Құлақ

Сыртқы құлақ Ортаңғы Ішкі құлақ 


Құлақ сыртқы төс үзеңгі балғашық қуыстар иірім өзектері

Қалқаны дыбыс жолы күрд.жүйе

Шытырман

Дыбыс толқынының таралу жолы (бейнекөрініс арқылы көрсету)




  • Әр топ оздеріне бөлінген мәтінді оқып,түсініктерін баяндайды.

 І топ сыртқы құлақ 
ІІ топ ортаңғы құлақ 
ІІІ топ ішкі құлақ
Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып, өздеріне берілген өздік тапсырмаларды орындап , ой тұжырым жасайды 

1-т. Сілтемелерге есту мүшесін құраушы бөліктердің атауларын жаз

2-т. Құлақтың бөлімдеріне арналған кестені толтырыңдар. Әрбір бөліктің құлақтың қандай бөлімінде орналасқанын «+» белгімен белгілеңдер: 


Құлақтың бөліктері 


Сыртқы 


ортаңғы 


ішкі 

1.Дыбыс сүйекшелері 









2.Шытырман 








3Ұлулы дене 







4. Құлақ қалқаны 







5. Құлақ қуысы 







6. Лимфа сұйықтығы 







7. Сүйекті шытырман 







8. Жарғақты шытырман 







9. Есту жүйкесі 









3-т. Биологиялық диктант.

1)Құлақ қалқаны ортаңғы құлақпен ----------------------- арқылы байланысқан.

2)Құлақ қалқаны ортаңғы құлақтан -----------------------------арқылы бөлінеді.

3) Есту сүйекшелері ------------------------------------------------ орналасқан.

4)Есту сүйекшелері дегеніміз – бұл -------------------------------------------

5)Ішкі құлақта ------------------------------------------------------ орналасқан.

6)Есту жүйкесі импульстерді береді.

7) Вестибула аппараты жартылай ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- тұрады.



4-т. Құлаққа ненің зияны тиюі мүмкін? Үштен кем болмайтын себепті ата.

Естудің бұзылуы

-------------------------------------------------------------- 
------------------------------------------------------------------ 
---------------------------------------------------------------------------------- 
5- т. Танымдық тапсырма  
Неліктен скрипкашылардың сол құлағы естімейді ? 

№ 6 зертханалық жұмыс. Құлақтың есту қабілетін анықтау.Мақсаты: Есту қабілетін анықтау, есту мүшесінің құрылысы туралы білімді бекіту.




Мәтінді оқып, топта талдайды. Бір оқушы келесі топқа барып, бір-біріне түсіндіреді.

Оқушылар тапсырманы топта зерттеу жүргізіп,



талдайды, салыстырады.

Қорытынды

Қосымша материалдармен жұмыс. 
Дыбыс әлемі.Адам баласы әртүрлі дыбыстар әлемінде өмір сүреді, әр түрлі дыбыстарды қабылдай алады. Тып – тыныш ортада өмір сүре алмайды, өйткені абсалют тыныштық адамдардың орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Сіздер, «Сурдокамера» дегенді естіген шығарсыздар. Ғарышкерлердің айтуынша, үлкен сурдокамера – бұл ешқандай дыбыс жоқ болған жағдайда зерттеулер мен тәжірибелер жасайтын бөлме.Терезе ашық тұрса, жұмыс істегенде көшедегі автобус, машиналардың гүрілі, желдің тұруы, судың ағысы, құстардың әні – бұлардың бәрі сізге естіледі, сіздің денсаулығыңызға кері әсер етеді де, сіз тез шаршайсыз. Ғалымдар табиғаттағы шудың адам өміріне қатысты ең төменгі және ең жоғарғы деңгейлерін анықтады. Табиғаттағы шудың деңгейі, дыбыс күші децибелмен өлшенеді .





Уйге тапсырма беру

§19 тақырыпты оқу, А;В;С деңг. тапсырма; кестені толтыру

Үй тапсырм күнделікке жазады.

Бағалау
Кері байланыс жазу

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай баағалау

Рефлексия
Төмендегі кестені толтыру
Нені білдім. Нені үйрендім. Нені білгім келеді.



Оқушылар бүгінгі сабақ тан алған әсерлерін қағазға мына сұрақтар бойынша жазып береді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет