Сабақ: 3 Мектеп: №14 Күні: Мұғалімнің аты жөні: Кушерова Шолпан



жүктеу 130.46 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі130.46 Kb.
түріСабақ

Оңтүстік Қазақстан Облысы,Түркістан қаласы, №14 жалпы орта мектеп,

Тарих пәнінің мұғалімі Кушерова Шолпан




Сабақ: 3

Мектеп: №14


Күні:


Мұғалімнің аты – жөні: Кушерова Шолпан


Сынып: 5 «А»

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:2

Сабақтың тақырыбы:


Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастады?



САБАҚ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚУ МАҚСАТЫ:


5.4.1.1 – кәсіп және шаруашылық түрлерін (терімшілік, аңшылық, балық аулау,

егіншілік, мал шаруашылығы, металл өңдеу, айырбас сауда) сипаттау;
5.4.1.2 – «неолиттік төңкеріс» ұғымын түсіндіру, оның мәнін ашу;
5.4.2.1– экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру



Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Ежелгі адамдардың егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқанын біледі.



Оқушылардың басым бөлігі:

Неолиттік төңкерістің ежелгі адамдардың өміріне тигізген әсерін сипаттай алады


Кейбір оқушылар:

Экономикалық прогессті түсіну үшін иемденуші және өндіруші шаруашылық

түрлерін салыстыра алады.



Бағалау критерийлері



Кәсіп пен шаруашылық түрлерінің пайда болу жолдарын анықтайды.
Неолиттік төңкерістің ерекшелігін анықтайды.
Шаруашылықтың иемденуші мен өндіруші түрлерін салыстыра алады.


Тілдік мақсат

Терімшілік, неолиттік төңкеріс,айырбас сауда

Оқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қамтамасыз етуде мәтінмен жұмыс тірек сөздерді анықтайды, дәптерге жазады.


Құндылықтарға баулу


Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау,

айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пән аралық байланыс

Техналогия, Қазақстан тарихы

Алдыңғы білім


«Доппен дос болайық» әдісі арқылы алдыңғы оқуды пысықтаймын.

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

45 минут

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы

2 мин

4 мин

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын қадағалау.Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

Қорапшадан қағаз қиындыларын алып, топқа бірігеді.

1-топ Терімшілік, 2-топ Аңшылық,

3-топ Мал шаруашылығы, 4-топ Егіншілік

Осындай 4 топқа бөлінеді.

(Ұ) Алдыңғы оқуды «Доппен дос болайық» әдісі арқылы пысықтаймын.. Оқушылар бір-біріне доп лақтырып,сұрақ қоя отырып жауап береді.

Мақсаты:Оқушылар жылдам шешім қабылдауға дағдыланады,сабаққа қызығушылығы оянады.


Қима қағаздары

Доп



Жаңа сабақ:

(МК) Интербелсенді тақтадан ежелгі адамдардың айналысып жатқан кәсіптерінің суреттерін көрсетемін.Оқушылар бүгінгі тақырыпты ежелгі адамдардың кәсібіне байланысты екенін айтады. Демек, «Неліктен ежелгі адамдар, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан?» деген тақырыппен танысамыз.


Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін арттырады, айырмашылығын табу және шапшаңдық қабілетін арттырады.
(ҚБ) сұрақтарға жауап ала отырып, қол белгілері арқылы қолдау көрсетіп отырамын





Интербелсенді тақта


Ортасы

14 мин

10 мин

10 мин


(Ж) «Ойлан.Бірік.Бөліс» әдісі арқылы оқушылар мәтінді
оқи отырып, жұппен бірлесіп мына кестені толтырады.



Кәсіп және шаруашылық түрлері

Пайда болу жолдары

Терімшілік




Аңшылық




Балық аулау




Егіншілік




Мал шаруашылығы




Метал өңдеу




Айырбас сауда






Мақсаты: Оқушылар берілген мәтінді оқи отырып, бірлесе ақылдасып,нақты және қажетті ақпаратты береді.



қ/с

Бағалау критерийі

Т

Дескриптор
Білім алушы

Балл


1



Кәсіп пен шаруашылық түрлерінің пайда болу жолдарын анықтайды.



1

1.Кәсіп түрлерінің пайда болуына ықпал еткен жағдайларды анықтай алады.
2.егіншілік және мал шаруашылығы түрлерінің пайда болуын анықтай алады
3.металл өңдеу және айырбас сауда кәсіп түрлерінің пайда болуын анықтай алады


1

1
1




Барлығы







3


Саралау бойынша
Жоғары деңгей: «бір минут» әдісі бойынша

10 сұрақ

Орта деңгей: Хронологиялық кесте

Төмен деңгей: «Суреттер сөйлейді» әдісі


(Т) 2-тапсырма

«Балық қаңқасы» әдісі арқылы «неолиттік төңкеріс» жайлы оқулықтан оқып, балық қаңқасына әр топ бір-біріне сұрақтар құрастырып, келесі топ жауабын жазады.



Мақсаты:Оқушылар мәтінді оқи отырып,проблемалық сұрақтар құрастыра алуды үйренеді және жауап беру жолдарын үйренеді.



қ/с

Бағалау критерийі

Т

Дескриптор
Білім алушы

Балл



2


Неолиттік төңкерістің ерекшелігін анықтайды.




2

1.«Неолиттік төңкеріс» ұғымына сұрақ құрастыра алады.
2. неолит дәуірінің негізгі ерекшелік түрін анықтай алады.
3.неолит дәуіріндегі адам ерекшеліктерінің жетістіктерін атай алады.


1

1


1




Барлығы







3


(Т) 3-тапсырма
«ВЕНН диаграммасы» әдісі арқылы

Шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстырады.

Иемденуші шаруашылық Өндіруші шаруашылық



Қорытынды:

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мақсаты:Оқушылар ақпаратты салыстыра алады және өзіндік көзқарасын айта алады.


қ/с

Бағалау критерийі

Т

Дескриптор
Білім алушы

Балл

3


Шаруашылықтың иемденуші мен өндіруші түрлерін салыстыра алады.


3


1.Иемденуші және өндіруші шаруашылықтардың ерекшеліктерін атай алады.
2.Иемденуші және өндіруші шаруашылық түрлерін салыстыра алады
3.Өз ойын қорытындылай

алады.



1

1

1




Барлығы







3

Ең жоғарғы

7-8 балл 5-6 балл 4-5 балл



Кеспе қағаз

Балық қаңқасының суреті,

плакат,маркер

плакат



Аяқталуы

3 мин



«Табыс сатысы» арқылы бүгінгі сабақтан оқушылардың қай деңгейде білгенін кері байланыс арқылы анықтаймын.



плакат




Келесі сабаққа

Алғашқы адамдардың кәсібі туралы шағын аңгіме жазу.







Саралау–Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағыбайланыс


  • Сабақта тиімді деген әдістерді қолдана отырып оқушыларға жеке қолдау көрсету, керек кезде үлгерімі төмен оқушыларға қабілетті оқушыдан көмек көрсету ұсынылады.

  • Бағалау критерийлеріне дискрипторлар арқылы бағалау.


Әр бір тапсырмадан кейін кері байланыс беріп отырамын.

Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Топтың жұмыс ережесімен таныстыру «Біздің топтың ережесі»

1Ұйымшылдық.

2 Бірінің ойын бірі тыңдау.

3 Сыйластық.тәртіп

4 Қолдау көрсету

5 Белсенділік таныту

6 Уақытты тиімді пайдалану

7 Кешікпеу

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Оқу мақсатына сай сабақ мақсаты дұрыс қойылды деп ойлаймын.

Бүгін оқушылар алдыңғы тақырыптарды естеріне түсіріп ежелгі адамдардың кәсіп түрлері туралы білімдерін дамыта алды деген сенімдемін.

Сыныпта сенімділік қарым-қатынас, жағымды кері байланыс орын алды.Саралау шаралары тиімді болды.Барлық тапсырмаларды оқушылар белгіленген уақытта аяқтап отырды.Жоспарларыма өзгертулер енгізбедім.






Қорытынды бағамдау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
2:Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану сабақтың жақсы өтуіне ықпалын тигізді.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:Топтық, жұптық жұмыстар ұйымдастыру
2:Жоспарланған ойындар сабақтың өтуіне тиімді болды.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге
назар аудару қажет?


1:Жаңа тақырыпқа тиімді әдіс- тәсілдер қолдану.

2:Оқушылар жазған кері байланыстағы ұсыныс пікірлерін басты назарда ұстау.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет