Сабақ: №3 Сабақтың тақырыбы



жүктеу 28.37 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі28.37 Kb.
түріСабақ

Бекітемін:

__________________________________________________

15.09.2016 ж 21.09.2016 ж

9б-сынып 9а-сынып

Сабақ: №3

Сабақтың тақырыбы: 
Жер өңдеуге, өнімді егуге және жинауға арналған машиналар мен аспалы құралдар. Ауылшаруашылық өнімін өңдеу және сақтау.
Сабақтың мақсаты: 
а) Білімділік: жер өңдеуге арналған аспалы құралдар мен таныстыру
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру

б) Тәрбиелілік: тазалыққа, үнемділікке,
ұқыптылыққа үйрету. 

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, баяндау, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Сабаққа назарларын аудару

Қызығушылықтарын ояту

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Ауылшаруашылық техникасы



ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту:

Сұрақтар



ІҮ.Жаңа сабақ

Топырақ өңдеуші машиналар мен құралдар аспалы, жартылай аспалы және тіркемелі болады.

Көліктік жағдайға ауыстыру кезінде салмағын жүрістік бөлік толықтай қабылдайтын машина немесе құрал аспалы деп аталады.

Тасымалдау кезінде салмағын ішінара трактор, ішінара машинаның немесе құралдың тіректік дөңгелектері қабылдайтын машиналар мен құралдар жартылай аспалыға жатады.

Тіркемелі машиналар мен құралдарда өзінің дөңгелектік жүрісі болады, ол машина салмағын бос жүріп өтулер мен жұмыс кезінде қабылдайды.

Аспалы соқа трактордың артына соқаның аспалық құрылғысы мен трактор аспалық тетігінің көмегімен іліп тіркейді.


Соқаны жұмысқа тегіс алаңда, кейін егістік үстінде дайындайды. Ең бірінші жұмыс органдарының, механизмдерінің, доңғалақтардың және аспаның жағдайын тексереді. Жыртылатын жер жағдайына және жырту мақсатына қарай рамаға керек жұмыс органдарын бекітеді.

Төрт, бес, алты және тоғыз корпусты соқаның жер жырту тереңдігін тегіс алаңда реттейді. Соқа асылған тракторды тегіс алаңға шығарып, оның және соқаның доңғалақтарының астына қалыңдығы өңдеу тереңдігінен 1-2см кіші тақтайлар қояды. Жартылай аспалы соқалардың артқы доңғалақтары жерге тіреледі. Тірек доңғалақтар механизм мен трактордың аспа механизімінің винттерін бұрай отырып соқаның барлық корпустарының түрендерінің тұмсығы жерге тіреліп, ал өкшесі жерден 10 мм биіктікте орналасуын қамтамасыз ету керек. Жартылай аспалы соқада (17д сурет) болтты 29 бұрау арқылы соңғы корпустың атыз тақтайшасының ұшы мен жер беті арасында 1,5...2см саңылау қалдырады. Өңдеу тереңдігін реттеуді егістікте аяқтайды.

Трактордың аспа механизмі арқылы соқа рамасын аңыз бетіне параллель орналастырады. Раманың бойлық және көлденең жазықтықтарда қисаюуы оның жырту тереңдігінің біркелкілігін бұзады. Рама алға қисайса, алдыңғы корпустар терең, ал артқылар таяз жыртады. Егер рама кейін қисайса, соқа жер бетіне шыға береді. Раманың бойлық қисаюын трактор аспасының орталық тартқышының ұзындығын өзгерту арқылы жояды.

Рама оңға қисайғанда бірінші корпус артқы корпустан терең жыртады, ал егер рама солға қисайса, керісінше болады. Раманың көлденең қисаюын трактор аспасынан көлбеу таяныштарының ұзындығын өзгерту арқылы реттейді.

Соқаның алым енін реттеу. Соқа корпусының жыртқан қыртысы ені басқа корпустарының жыртқан корпустарының қыртыстарының ендеріне тең болуы керек. Алдыңғы корпустың алым ені кем болса, соқа өнімділігі азаяды. Алдыңғы корпус алым ені трактор мен соқаның көлденең жазықтықта өзара орналасуына байланысты. Соқаны тракторға дұрыс тіркеу үшін оның алым енін және трактордың шынжыр табанының шеткі нүктелер қашықтығын ескеру қажет

Ү. Сабақты бекіту



  • Соқаның қанша түрі болады?

  • Аспалы соқа дегеніміз не?

  • Жартылай аспалы соқа?

ҮІ. Бағалау
ҮІІ.Үйге тапсырма

Жер өңдеуге, өнімді егуге және жинауға арналған машиналар мен аспалы құралдар.
Каталог: uploads -> konspekt -> tehnologiya
konspekt -> «Шоќ ж±лдыздар» атты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері
konspekt -> Эволюциялық ілім
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қ
tehnologiya -> Бисквиттік қамыр және қайнақты қамыр түрлері
tehnologiya -> Сабақтың тақырыбы : Ағашты тесу. Құралдар. Ағашты тазалау
tehnologiya -> Мата, ине, жіп түрлері
tehnologiya -> Біз үйге бисер туралы мәліметтер жинап келу тапсырмасын алғанбыз
tehnologiya -> Сабақтың тақырыбы: Тамақтану мәдениеті, тиімді тамақтану негіздері. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет