Сабаќ: 6 сынып



жүктеу 19.73 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі19.73 Kb.
түріСабақ

Сабақ: 6 сынып <Физикалық география>
Сабақтың тақырыбы: §38 Мұхит суының қозғалысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Толқын, толқын элементтері, цунами және толысу және қайту процестері туралы түсінік қалыптастыру

Дамытушылық: ой- өрісті білімділікті, тәрбиелікті , логикалық ойлауды дамыту

Тәрбиелік. Әр оқушының ұйымшылдық қабілетін дамыту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақ корнекілігі: Жарты шарлар картасы, глобус,кестелік карта

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу

II Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау, картадан үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа білімді қалыптастыру:

1. Толқындағы судың бөлігі тек бір орында ғана толқу қозғалысын жасайды. Тынық су беті деңгейінен жоғары көтерілеген толқынның ең биік бөлігі- толқынның қыры немесе жалы д.а . Су бетінің деңгейінен ең төмен жатқан бөлігі- толқынның табаны деп аталады. Коршілес екі толқын қырларының арасындағы ара қашықтық- толқынның ұзындығы д.а , ал толқынның биіктігі дегеніміз- оның табанынан қырына дейінгі қашықтық. Ең күшті дауылдарда толқын 10-15м биіктікке жетеді.

2. Цунами. Су астындағы өте қатты жер сілкінуден немесе жанартаулардың атқылауынан туатын толқындарды цунами деп атайды. (жапонша цунами- қойнаудағы үлкен су ) Цунами жер сікіну орталықтарынан сағатына 800 км жылдамдықпен тарайды. Цунами келер алдында су әдетте бірнеше жағадан жүздеген метр, ал кейде километрге дейін шегінеді. 1960ж Анд тауларындағы жер сілкінуден туған цунами Чили жағалауларын, Американың батыс жағалауын Калифорнияға дейін қамтыды.

Судың көтерілуі мен қайтуы тәулігіне екі рет болады, өйткені Күн мен Ай гравитация есебінен Жердегі мұхит суын өзіне тартады. Ағыстар, яғни жылы және суық су ағындары, кейде желдің, ал кейде судың көтерілуі мен қайтуының есебінен түзіледі. Құрлықта да тартылыс болады, бірақ су жер шарының айналасында қозғалатын және судың көтерілуі мен қайтуын түзейтін алып толқынды құра отырып, неғұрлым жеңіл қозғалыспен жылжиды.

1. Қайту.

2. Тайфун - қытайша үлкен жел.

3. Толысу.

4. Цунами - жапонша қойнаудағы үлкен су.



V. Бекіту сұрақтары:

1. Мұхит суы қозғалысының қандай түрлері бар?

2. Толқынның элементтері?

3. Цунами қалай пайда болады?

4. Толысу және қайту құбылысының себебін анықтаған ғалым?

5. Толысу толқынның ең шырқау шегі?


ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: §38 түсінік айту даптерге толқөынның суретін, элементтерін түсіндіру

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет