Сабақ №7 Пәні: Информатика Класы: 5 «Ә» Күні: 14. 10. 2015 Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылар



жүктеу 61.36 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі61.36 Kb.
түріСабақ

Сабақ №7


Пәні: Информатика

Класы: 5 «Ә»

Күні:14.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылар.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: Қосымша құрылғылар, оларды орнату, драйверлер туралы жалпы мәлімет беру, компьютердің қосымша құрылғылары туралы білімдерін қалыптастыру. 
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету. 
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ


Сабақтың типі:
Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.

Көрнекіліктер: Компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта, презентация 


Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі

Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету


І.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал:

Топпен «Сәлемдесу»  тренингін өткізу.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Жақсы олай болса әрі қарай сабағымызды жалғастырайық.


  1. Бүгін сабақта топпен жұмыс істейтін боламыз. (1топ,2топ)

  2. Әр орындалған тапсырма үшін топтарға фишкалар беріледі. Собақ соңында фишкалар саналып қорытынды шығарылады.

  3. Балалар, мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. Бір -бірімізді көргенімізге қуанышты екенімізді көрсете отырып, амандасайық.
    Топқа бөлуін ұйымдастыру.Қобдишадан әр түрлі түсті стикер болады және сол стикерде сұрақ жазылған.Сол түстер арқылы 2топ анқыталады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

І топ. Компьютердің құрылығыларын ата. (таныстырылым жасайды)

ІІ топ. Компьютерді сипатта.

Оқушылар үй тапсырмасын айтып болған соң мұғалім Оқышылардан ББҮ әдісі бойынша қорытынды жасап жаңа сабақты хабарлайды.

ББҮ әдісі



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім









ІІІ. Жаңа сабақ

Біз алдынғы сабақта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған. 
Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина. 
ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады: 
Жүйелік блок; 
Монитор 
Пернетақта

5кл электронды оқулығынан тыңдатылады.

Қосымша құрылғылар-компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар.


Дыбыс колонкалары-дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.

Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. 

Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. 

Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы –лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы. 

Модем дегеніміз - компьютерді интернетпен қосып тұратын құрылғы.
Жұмыс жасауы принціпі - модем модулятор және демодуляторлардан тұрады, компьютерден шыққан ақпарат модем ішінде модуляциядан өтіп келесі модемге жетеді, ол жерде қайта демодуляция орындалады
Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады. 
Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқа қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады. Ол қазіргі за манғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады
Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады. 
Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері. 
Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайтын көрінеді. Мәселен, шина, юзби сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірәқ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желелік сымды қосқанда желіге қосылмай қою сияқты проблемалар орын алатын көрінеді.
Драйвер іздеудің жолдары әрине көп те шығар, бірақ практикада кездескен бірнеше жолын осында қарастыра өтсек: 
1. Аналық тақшаның (мат. плата) қорабында бірге келетін драйвер дискісі көмегімен орнатуға болады. Кей жағдайда, дыбыс картасы мен видео карта аналықтақшаға орнатылған болып келеді. Тиісінше, олардың драйверін бір дисктен алып орната салуға болады. Бұндай орнатылып қойған құрылғылар әлсіз болып келетн көрінеді, мәселен видео карта жады 16-128 мб шамасы болуы мүмкін. Тек, әр компьютердің өз дискісінің драйверлерін ғана орнату керек.
2. Құрылығын ІД арқылы іздеп орнату. Ол үшін: «Мой компьютер» үстіне тышқанның оң жағын шертіп, «Управление» ашу керек, кейін «Диспетчер устройств». Тізімдегі кез-келген құрылғының үстіне тышқанның оң жағын басып, «Свойства» кейін «Сведение» деген жерінде құрылғы ІД жазылып тұрады. 

Сол ақпаратты көшіріп (ctrl+c) алып, интернеттегі іздеу жүйесі арқылы драйверді алуға болады. Оның жеңілдетілген түрін ұсынатын жақсы ресурс та бар: www.drp.su 


Сонымен қатар, driver.ru сайты да жақсы сайт, әсіресе принтер драйверлерінің көбін осы сайттан алуға болады, ондағы тиісті ОЖ қатысты драйверді алуға болатын мүмкіндігі бар. 
Осы құрылғылардың ішінде мысалы, сканерді орнатуға тоқталайық. Сканер - қағаз бетіндегі барлық ақпаратты компьютерге түсіру үшін қолданылатын құрылғы. Айта кететін нәрсе, сканер ақпаратты тек сурет күйінде түсіреді. Яғни, jpg, bmp, png секілді форматтарда. 
Сканерді қолданбас бұрын оны кей жағдайларда алдымен драйверлерді орнатып алу қажет болуы мүмкін. Сондықтан іске кіріспес бұрын, қораптағы қолданушыларға арналған кітапшаны байыппен оқып шығыңыз. Драйверді орнату қажеттілігі болса, сканер комплектінде болатын дискті қосып драйверді орнатып алыңыз. Ондай қажеттілік болмаса, құрылғыны сенімді түрде компьтеріңізге жалғай беруіңізге болады. Әдетте, бұл үшін USB шнур қолданылады. 
Компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар Басқару панелінде Бағдарламаларды орнату және өшіру категориясында көрініп тұрады.
Қауіпсіздік ережені еске түсіру. (Электронды оқулықтан тыңдатылады).

ІҮ. Практикалық жұмыс.

Ітоп.

1-тапсырма Қомпьютердің құрамына кіретін құрылғыларды айту



2-тапсырма Компьютер құрылғыларын қосу.

3-тапсырма Анықтамаға сәйкес келетін құрылғыны көрсетіңіз

ІІ топ.

1-тапсырма Қосымша программаларды орнату.



2-тапсырма Ақпаратты тасымалдауыштарды өз орналастыру 

3-тапсырма Компьютерде орнатылған электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау.


Сергіту сәті

Ү. Сабақты бекіту: Тест тапсырмалары


1. Компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар:
А) негізгі құрылғылар
Б) қосымша құрылғылар
В) екі жауап та дұрыс
2. Компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы
А) принтер
Б) сканер
В) модем
3. Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.
А) принтер
Б) модем
В) сканер
4. Драйвер дегеніміз не?
А) компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар
Б) өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар
В) мәліметтер типі
5. Флешка, дискета, компакт дискілер қандай құрылғылар:
А) ақпаратты тасымалдаушы құрылғылар
Б) негізгі құрылғылар
В) басып шығару құрылғысы
6. Интернетке қосылу үшін қандай құрылғы қажет?
А) принтер
Б) сканер
В) модем
7. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің кең тараған түрлері:
А) матрицалық, бүріккіш және лазерлік
Б) планшеттік, сенсорлық
В) антивирустық, операциялық
8. Компьютердің негізгі құрылғылары:
А) сканер, модем, монитор
Б) монитор, пернетақта, жүйелік блок
В) принтер, монитор, жүйелік блок
9. Пернетақтаның жұмысын жеңілдететін құрылғы
А) монитор
Б) тышқан (тінтуір)
В) принтер
10. Дыбыс шығаратын құрылғы
А) колонка Б) модем В) микрофон
Сабақты қорытындылау.

ББҮ әдісі



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату. Драйверлер

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет