Сабақ 8 Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері. Күні,айы



жүктеу 56.26 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі56.26 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы:

Сабақ 8


Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:




Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.1.9

сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу;

7.1.1.10

сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану; 7.1.1.32

перпендикуляр ұғымын біледі


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

сыбайлас және вертикаль бұрыштар ұғымы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді, олардың қасиеттерін түсіндіру және оларды есептер шығаруда қолдануды үйренеді



Оқушылардың басым бөлігі:

сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамасын, қасиеттерін білу және олардың градустық өлшемдерін табу білімдерін, сызбаларын салу және ажырату бейімділіктерін қалыптастырады



Кейбір оқушылар:

Тақырыптың мағанасын түсінеді,есептер мен тапсырамалар арқылы өз бетімен жұмыс істеп үйренеді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

(Оқушылармен сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын орнату.

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары



Бұрыш ұғымына байланысты сұрақтар (білімді жандандыру):

  1. Геометриялық фигура – бұрыштың анықтамасы.

  2. Бұрыштың қандай түрлері бар?

  3. Сүйір бұрыш деп қандай бұрышты айтады?

  4. Қандай бұрышты доғал бұрыш деп айтады?

  5. Қандай бұрышты тік бұрыш деп айтады?

  6. Тік бұрыш деп қандай бұрышты айтады?

  7. Толық бұрыш дегеніміз қандай бұрыш?

  8. Бұрышты өлшем бірлігі.

  9. Бұрышты қандай құралмен өлшейді?

  10. Бұрышты өлшеу қасиеттері (аксиомалар).

  11. Қандай бұрыштарды тең бұрыштар деп айтамыз?







Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК,Ұ)

Венн диаграммасы арқылы сыбайлас және верикаль бұрышты сипаттау



- Балалар, бәріміз дәптерімізге сүйір бұрыш салайық.

Осы сүйір бұрыштың бір қабырғасын

жпрямая соединительная линия 4прямая соединительная линия 3азыңқы бұрышқа дейін толықтырайық.

Сонда неше бұрыш пайда болды? DО В

Осы пайда болған бұрыштарды сыбайлас

бұрыштар деп атайды.

Қане, балалар салған сызбаға қарап

отырып осы бұрыштардың анықтамасын тұжырымдайық.

Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғалары толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.

О – бас нүкте, ОА – ортақ қабырға.

ОВ, ОD қабырғалары – бір –біріне толықтауыш сәулелер.

Теорема: Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180º- қа тең.

Дәлелдеуі: ІІІ4 аксиомасы негізінде: АОD +DОВ = АОВ.

АОВ – жазыңқы бұрыш, АОВ = 180º.

Ендеше, АОD +DОВ = 180º. Д.к.о.

О нүктесінде қиылысқан а және b түзулері

берілсін.

aпрямая соединительная линия 2прямая соединительная линия 1∩b =О. а А 1 В

1, 3 және 2, 4 – вертикаль бұрыштар. 4 2

Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыш- вO

тың қабырғаларының созындысы болып С 3D

келетін екі бұрышты – вертикаль бұрыштар

деп атайды.

ОС, ОВ және ОА, ОD сәулелері бір –бірінің созындысы.

Теорема: Вертикаль бұрыштар тең болады.

Дәлелдеуі: a∩b =О. 1, 3 вертикаль бұрыштар.

1 + 2 = АОD;

3 + 2 = ВОС.

АОD = 180º → 1 +2 =180º , 1 = 180º - 2 (1)

ВОС = 180º → 3 +2 =180º; 3 = 180º - 2 (2)

(1), (2) 1=3. Д.к.о.
Оқушылар критерий арқылы өзге топтың жұмысын бағалайды.

Оқулық


Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы( 41-45мин)

(Қ)

Төмендегі тапсырмалар

Ауызша есептер: АВС бұрышы 111, 90, 15 градусқа тең деп алып, АВС бұрышына сыбайлас бұрыш табыңдар.

Сыбайлас бұрыштардың бірі тік бұрыш, екінші бұрыш қандай болады?

Сыбайлас екі бұрыштың биссектрисалары жасайтын бұрышты табыңыздар.

Вертикаль бұрыштардың биссектрисалары бір түзудің бойында жататынын дәлелдеңдер.

Вертикаль бұрыштардың бір бұрышы 44015!-қа тең. Қалған бұрыштарын табыңдар.
Қорытындылау сұрақтары:


  1. Сыбайлас бұрыштар деп қандай бұрыштарды айтамыз?

  2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең?

  3. Егер сыбайлас бұрыштардың біреуі сүйір бұрыш болса, онда екінші бұрыш қандай болады?

  4. Егер сыбайлас бұрыштардың біреуі доғал бұрыш болса, онда екінші бұрыш қандай болады?

  5. Егер сыбайлас бұрыштардың біреуі тік бұрыш болса, онда екінші бұрыш қандай болады?

  6. Вертикаль бұрыштар деп қандай бұрыштарды айтамыз?

  7. Вертикаль бұрыштардың қасиеті?

  8. Вертикаль бұрыштардың бір жұбы тік бұрыштар болса, екінші вертикаль бұрыштар жұбының градустық өлшемі неге тең болады?

Әр топқа таратпа материалдар беріледі. Әр карточкада деңгейлік тапсырмалар жазылған. Топта қанша оқушы бар сонша карточка, әр оқушы тапсырманы жеке орындайды. Топ басшы әр оқушының орындаған тапсырмалар бойынша ұпай беріп бағалау парағына белгілейді. Жауаптарын интербелсенді тақтамен салыстырады.







Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?







Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?



1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1.

2.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет