Сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Сюжетті суреттердің фото-суреттер желісі бойынша әңгіме құрастыру: Ж3



жүктеу 85.49 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі85.49 Kb.
түріСабақ


Бөлім: 3

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

СЫНЫП: 5

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

  1. Сюжетті суреттердің фото-суреттер желісі бойынша әңгіме құрастыру: 5.Ж3

  2. Оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып жинақы мәтін жазу: 5.Ж5

Сабақ мақсаттары:

1. Барлық оқушылар орындай алады:

Сюжетті суреттен, мәтіннен негізі ақпаратты анықтай алады.

2.Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Суреттер желісі бойынша әңгіме құрастыра алады.

3.Кейбір оқушылар орындай алады:

Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жаза алады.

Бағалау критерийі:

1.Фото суреттер бойынша әңгіме құрастыра алады.

2. Ақпараттарды қолданып, жинақы мәтін құрастыра алады.



Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

1.Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрай алады.

2.Негізгі ақпараттарды анықтап, жинақы мәтін құрай алады.



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

қонақжайлылық, сыбаға, сыйластық, адамгершілік, үлкенге құрмет, ырыс, береке...

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

салт-дәстүр, қонақ күту, қонақ кәде, қонақ қарсы алу, шығарып салу...

Талқылауға арналған сұрақтар?

Қонақ кәде дегеніміз не? Қонақ кәде ­­­– келген қонақтардан жоралғы сұрау (ән айту, сырнаймен домбырамен)

Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, өзін-өзі тану.

Ишара:

Амандасу, қол алысу



Алдыңғы оқу:

Туған-туысқан, ағайын-туысты, қонақ күту жөнінде біледі.


Жоспар:

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығу түрлері:

Ресурстар



3 мин

Күнделікті шаралар.

Топқа бөлу. («Мозайка» әдісі). Оқушылар қиынды суреттерді құрап, үш топқа бөлінеді.

1.Дастархан басында

2.Қонақ қарсы алу

3.Қонақ шығарып салу

Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық

Қазақ тілі 5 сынып Арман ПВ



15мин

15 мин

2 мин

5 мин



1-тапсырма.

1.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.


Дастархан басында Қонақ қарсы алу

Шығарып салу






Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Суреттер бойынша әңгіме құрастыра алады

Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрай алады.

Өз ойын жеткізе алады


1
1


Топтар өзара бір-бірін бағалайды. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.


2-тапсырма.

т/ж


1.Үш топқа үш түрлі мәтін беріледі. Берілген мәтіннен негізгі ақпаратты сақтап, жинақы мәтін жазу.

I топ. «Қонақ күту» мәтіні.

Қонақ күту – қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі. Келген қонаққа қонақжайлылық көрсету мәдениеттің, адамгершіліктің, сыйластықтың белгісі. Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң ырысың қашады» деген мақалдар бар.

II топ. «Дастархан басында» мәтіні.

Қонақ арнайы шақырумен де, шақырусыз да келеді. Келген қонақты жылы шыраймен қарсы алу керек. Арнайы шақырған қонақты үйге жақындағанда күтіп алу керек. Амандасып, жол сілтеп, үйге шақырған. Әр қазақ қонаққа төрден орын беріп, дастархан басына шақырады. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі ең алдымен сусын, қымыз-қымыран ұсынған. Әлдебір себептермен кешігіп келетіндер де болады. «Неге кешіктің?» деп сөкпеген қазақпыз. Кешіккенге тиісті сыбағасын сақтап қойған.



III топ «Шығарып салу» мәтіні.

Қонаққа сынық ыдыспен ас бермеген. Үлкен кісілерге ас берерде сол үйдің жасы мен құрметіне қарай мүшелі табақтар тартылады. Тамақтан соң асқа бата береді. Қонақтар талап-тілегін орындап, сый-құрмет көрсетіп, шығарып салған.

Топ басшысы бағалау парақшасы арқылы бағалайды.


Оқушының аты-жөні

Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтай алады.

Жинақы мәтін құрай алады.

Балл

1.







1

2.







1

3.







1

4.







1

5.







1

6.







1

Сергіту сәті. «Сәлемдесу дәстүрі»

Әрбір оқушы қасындағы оқушыға қарап, қонақ қарсы алғанда қандай сөз айтатынын айту («Қош келдіңіз», «Төрлетіңіз», «Жоғары шығыңыз», т.б.)
3 – тапсырма

Хикая картасы

Қонақ күтуге байланысты суреттерді рет-ретімен қою. (Бұл хикая картасы әдісі балаларды ойландыруға жүйелі ойын жеткізуге, таным көзқарастарын дамытуға жетелейді.)



1 – сурет қонақ күту 2 – сурет қолға су құю


3 - сурет дастархан басында отыруы



4 - сурет бата беру


Бағалау критерийі



  1. Сюжетті фотосуреттердің желісін түсінеді

  2. Фотосуреттерді рет-ретімен қоя алады

Дескриптор:

1. Фотосуреттердің мазмұнын ұғады

2. Сюжетті фотосуреттерді рет-ретімен қояды

Интернет желісі

Elana.kz

Massaget


Газета «Литер»




5 мин

Кері байланыс: «Желкенді қайық»






Қосымша мәлімет

Дифференсация:

Төмен деңгейлі оқушыларды ортаға жұмылдыру. Қабілетті оқушылардың ойын одан әрі ұштау.



Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Жаңартылған бағдарлама курсын оқығанда сабақ соңында қол жеткізген нәтижелерім: оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасып, мәселелерді терең талдауға үйренеді, шығармашылық ой-өрісі артады, ұжымдық ой-пікірлері жетіліп, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді, оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді, өз әрекетіне сыни тұрғысынан қарауға, тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді.  Менің осы курс барысында байқағаным – бұрын оқушы тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім бағыттаушы, ұйымдастырушы екенін ұқтым. Қысқа мерзімді сабақ өткізгеннен кейін байқағаным, оқушы өзін-өзі бақылайды, бағалайды, тыңдайды, жазады, айтады.

Топтық жұмыс барысында және өз жұмыстарын қорғау кезінде өздерінің қабілетін, зейінін, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін танытқанын байқадым. 
Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында рефлекция жүргізіп отырдым. «Мозайка» әдісі бойынша қиынды суреттерді құрап, сыныпты үш топқа бөлдім. Оқушылардың шығармашылық деңгейі қалыптысты. Әр тапсырмадан кейін ынталандыру мақсатында «Басбармақ» әдістерімен және критерий арқылы бағалаттым. Сабақтың соңында оқушыларға «Желкенді қайық» әдісі арқылы кері байланыс жасаттым. Алдағы уақытта, жаңаша оқытудың әдіс тәсілдерін әр сабақта тиімді пайдалануыма жұмыстанамын.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Алдыңғы оқумен ұштастырылып берілген «Мозайка» әдісі.

2: Оқушылардың өзін-өзі бағалауы

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет