Сабақ Қауіпсіздік техникасы бойынша түсінік қалыптасты сабақтың мақсаты



жүктеу 0.93 Mb.
бет1/5
Дата12.04.2019
өлшемі0.93 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5

1-САБАҚ

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША

ТҮСІНІК ҚАЛЫПТАСТЫ
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды дене тәрбиесі сабағында меңгертілетін негізгі білім мазмұны және қауіпсіздік техникасымен таныстыру.

  2. Дене тәрбиесі сабағын ұйымдастыру, өткізу туралы ерекшеліктерімен таныстыру.

  3. Дене тәрбиесі сабақтарында кездесетін қиындықтарды жеңіп шығу жолдарын түсіндіру.


Сабақтың барысы

Сыныпта қимыл-әрекет техникасын меңгеру реті, жаттығулар арқылы денсаулықты нығайту, денені шынықтыру мен ой еңбегінің байланысы, қимыл-қозғалыс дағдылары мен біліктерін жетілдіру маңызы туралы кіріспе әңгіме өткізіледі. Жүру мен жүгіру кезіндегі тыныс алу тәртібі үйретіледі.

Спорт алаңында өтілетін сабақтарда және қалыптан тыс құрал-жабдықтармен орындалатын жаттыруларды орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасымен таныстыру.

Ұйымдастыру шаралары: сынып белсенділерін сайлау, олардың міндеттерін белгілеу, сондай-ақ киім, аяқкиім, сабақ әтетін, киім ауыстыратын орынға қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.

Спорт секциясы, үйірмелерге қатысатын және дене тәрбиесі сабағынан босатылған оқушылардың тізімін алу.

Спорт киімдерін кию, сан түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сабақ барысында «Орныңды тап» ойыны ойнатылады. Сап түзеп, тізбекпен сыныпқа оралу. Сабақты қорытындылау.


2-САБАҚ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың дене дамуы жағынан белсенділіктерін тест арқылы анықтау.

2. Ұйымшылдық, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: секундсанағыш, бор, ысқырық.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.
Сабақтың барысы

Спорт киімдерін қию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

«Түзел!», «Тік түр!», оңға, солға бұрылу бұйрықтары бойынша сапқа арналған жаттығуларды орындау. 300 метрлік қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүгіру. Белгі бойынша тоқтау. Шеңбер бойымен жүріп, қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау. Бір орында тұрып, жаттығулар орындау. Бұл сабақта жүгірудің арнайы түрі: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру үйретіледі.


  1. Жоғарғы сөреден 30 метрлік қашықтықты жүгіріп өту.

  2. Бір орында тұрып секіру.

«Шақыру» ойыны.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.





3-САБАҚ

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың дене дамуы жағынан қимылдың белсенділіктерін тест арқылы анықтауды жалғастыру.

  2. Спорттың ойын арқылы қимылдарды үйлестіру, шапшаңдық, иілгіштік, жинақылық сияқты қасиеттерді жетілдіру.

  3. Ұйымшылдық, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: секундсанағыщ, бор, ысқырық, 6 текше.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.


Сабақтың барысы

Сапқа арналған жаттығулар:



  1. «1, 2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

  2. Оңға, солға бұрылу.

500 метрлік қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Қайталамалы жугірудің сызбасы




Бір орында тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Жүгірудің арнайы түрі: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру.



  1. Қайталамалы жүгіру (3x10).

  2. Ер балалар биік, қыздар аласа белтемірде тартылады.

«Жерден биік» ойыны.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.


4-18-САБАҚТАР

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР ЖӘНЕ

ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ

4-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. Айналып тұрған секіртпе арқылы секіруді үйрету.

  2. Қимылдарды үйлестіру, жақсы секіру, жылдамдық сияқты қасиеттерді тәрбиелеу, жетілдіру.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: секіртпе, кедергі болатын екі зат, ысқырық.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.



«Назар аудар!» «Алға!»

Допты көлбеу қойылған Допты 3-8 м қашықтыққа тігінен

нысанаға лақтыру қойылған нысанаға лақтыру
Сабақтың барысы

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:

«1, 2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

Оңға, солға бұрылу.

600 метрлік қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Бір орында тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Жүгірудің арнайы түрі: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру.



  1. Сөреден жылдамдықты арттыра жүгіру.

  2. Бір орында тұрып, нысананы көздеп лақтыру.

  3. Өрмелеуге арналған гимнастикалық қалашыңта жаттығу жасау.

  4. Түрлі бөгеуден секіре аттап жүгіріп, эстафеталық ойын ойнау.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.
5-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

1. Айналып тұрған ұзын секіртпе арқылы секіруді жаттықтыру.

2. Жақсы секіру, төзімділік, шаншаңдық сияқты қасиеттерді тәрбиелеу, жетілдіру.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: секіртпелер, доптар, ысқырық.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.
Сабақтың барысы

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:

«1, 2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

Оңға, солға бұрылу.

700 метрлік қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Бір орында тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.



Ұзын секіртпе арқылы қосаяқтап секіру
Жүгірудің арнайы түрі: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру.


  1. Сөреден жылдамдыңты арттыра жүгіру.

  2. Айналып тұрған ұзын секіртпе арқылы секіру.

  3. Допты тасымалдап алып жүру эстафетасы.

  4. Өрмелеуге арналған гимнастикалық қалашықта жаттығу жасау.

«Жылдам жеткіз» ойыны.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.


6-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. Айналып тұрған ұзын секіртпе арқылы секіруді жаттықтыру.

  2. Кіші доптармен орындалатын жаттығуларды қайталау.

  3. Нысанаға лақтыруды жаттықтыру.

  4. Төзімділік сияқты ойын кезінде қажет қасиеттерді жетілдіру.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: секіртпелер, доптар, ысқырық.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.


3-8 м

Допты тігінен қойылған нысанаға лақтыру
Сабақтың барысы

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:

«1, 2 » санауы бойынша екі қатарға тұру.

Оңға, солға бұрылу.

750 метрлік қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, доптарды таратып беру. Кіші доптармен жаттығулар орындау. Дұрыс лақтыруға дағдыландыратын қимыл дағдыларын үйрету. Мұғалім допты лақтыру тәсілін үлгі етіп көрсетеді.


  1. Допты тігінен 6 м қашықтыққа қойылған нысанаға қарап тұрып лақтыру.

  2. Айналып тұрған секіртпеден секіру.

  3. Өрмелеуге арналған гимнастикалық қалашықта жаттығу жасау.

« Допты үш рет лақтыр» ойыны.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.


7- САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. Айналып тұрған секіртпеден секіруді бағалау.

  2. Нысанаға лақтыруды жаттықтыру.

3. Төзімділік, секіргіштік, мергендік сияқты қасиеттерді дамыту, жетілдіру.

4. Жинақылыққа, мақсатқа талпынуға тәрбиелеу.


Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: секіртпелер, кіші доптар, ысқырық, эстафеталық таяқшалар.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.
Сабақтың барысы

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:

«1, 2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

Оңға, солға бұрылу.

800 метрлік қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Жүріп және бір орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Жүгірудің арнайы түрі: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру.

1. Айналып тұрған секіртпеден секірту, бағалау.

2. Допты 6м қашықтыққа қойылған нысанаға лақтыру (3 реттен).



«30 метрлік қашықтықты жүгіріп өтіп, эстафеталық таяқшаны келесі адамға тапсыру» ойыны.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.


8-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. Бір орында тұрып секіруді жаттықтыру.

  2. Нысанаға лақтыруды жаттықтыру.

3. Төзімділік, секіргіштік, мергендік сияқты қасиеттерді дамыту, жетілдіру.

4. Жинақылыққа, мақсатқа талпынушылыққа тәрбиелеу.



Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: секіртпелер, кіші доптар, ысқырық, кедергі (тосқауыл) болатын заттар. Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.
Сабақтың барысы

Спорт киімдерін қию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:

«1, 2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

Оңға, солға бұрылу.

800 метрлік қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүру, жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Жүріп және бір орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Жүгіру мен секіруге арналған жаттығулар.



  1. Бір орында тұрып ұзындыққа серпіле секіру.

  2. Допты 6 метрлік қашықтықтағы нысанаға лақтыру.

  3. Түрлі бөгеуден аттап секіре жүгіріп, эстафеталық ойын ойнау (екі аласа бөгеу).

«Кім алысқа секіреді?» ойыны.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.


Арнайы секіру жаттығулары



Аяқты әртүрлі қозғалысқа келтіріп секіру
а) екі аяқты олшақ қою - қайтадан біріктіру; ә) айқастырып секіру; б) Секіріп, екі аяқты екі жаққа созу.


Екі (бір) аяқпен секіру: Жүріп секіру

а) 90»-қа; ә) 180° (270º, 360°) бұрыла секіру.


9-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. Бір орында тұрып секіруді және нысанаға дәлдеп лақтыруды жаттықтыру.

  2. Шыдамдылық, жақсы секіру, мергендік сияқты қасиеттерді дамыту және ойын барысында тез аңғаруға баулу.

  3. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: кіші доптар, ысқырық, волейбол ойынына арналған тор.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.
Сабақтың барысы

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға келу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:


  1. «1,2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

  2. Оңға, солға бұрылу.

900 метрлік қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүру, жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Қимыл үстінде және бір орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Жүгіру мен секіруге арналған арнайы жаттығулар: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру; секіре жүгіру; сол (оң) аяқпен және қосаяқтап секіру.


  1. Құм төгілген «шұңқырға» бір орын серпіле секіру.

  2. Допты көлбеу қойылған нысанаға бөгеулерден асыра лақтыру.

  3. «Нысанаға дәл тигіз» ойыны.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.
10-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

1. Бір орында тұрып секіруді бағалау.

2. Лақтыру арқылы жаттықтыру.

3. Шыдамдылық, жақсы секіру, мергендік сияқты қасиеттерді дамыту.

4. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: кіші доптар, ысқырық.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.
Сабақтың барысы

Спорттық киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:

1. «1, 2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

2. Оңға, солға бұрылу.

1 км қашықтықңа дейін баяу қарқынмен жүру, жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Жүріп және бір орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Жүгіру мен секіруге арналған жаттығулар: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру; секіріп жүгіру; сол (оң) аяқпен және қосаяқтап секіру.



  1. Бір орында тұрып секіру, секіру қасиетін бағалау.

  2. Допты 6 м қашықтықта жатқан шығығшыңқа дәлдеп лақтыру.

  3. «Шақыру» ойыны.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.
11-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. Аяқты бүгіп секіру техникасын үйрету.

  2. Допты нысанаға дәлдеп лақтыруды алдын-ала бағалау.

  3. Шыдамдылық, секіргіштік, мергендік сияқты қасиеттерді және ойын барысында иілгіштікте, тез аңғаруды дамыту.

  4. Бақылау жаттығуларын орындау кезінде бар күшімен талпынуды үйрету.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: кіші доптар, ысқырық, кедергі болатын зат.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.
Сабақтың барысы

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:

«1,2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

Оңға, солға бұрылу.

1,1 км қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүру, жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Жүріп және бір орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Жүгіру мен секіруге арналған жаттығулар: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп; секіріп жүгіру; сол (оң) аяқпен және қосаяқтап секіру.





  1. 3-5 адыммен жүгіріп келіп, бөгеуден аттап, құм толтырылған шұңқырға секіру.

  2. Допты 6 метрлік қашықтықтағы нысанаға лақтыру (5 рет).

  3. «Допты ұста» ойыны.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.
12-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. Допты нысанаға лақтыруды бағалау.

  2. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

  3. Шыдамдылық, жақсы секіру сияқты қасиеттерді дамыту, сондай-ақ ойын барысында шапшаңдық пен икемділікке баулу.

  4. Жаттырулар орындату арқылы күш-жігерін толық пайдалана білуге баулу.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: кіші доптар, ысқырық, кедергі болатын зат.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.
Сабақтың барысы

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:

«1, 2 » санауы бойынша екі қатарға тұру.

Оңға, солға бұрылу.

1,2 км қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүру, жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Жүріп және бір орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Жүгіру мен секіруге арналған жаттығулар: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру; секіріп жүгіру; сол (оң) аяқпен және қосаяқтап секіру.



  1. 3-5 адыммен жүгіре келіп бөгеуден аттап, құм толтырылған шұңқырға секіру.

  2. Допты 6 метрлік қашықтықтағы нысанаға лақтыру (5 рет).

«Допты қабырғаға соғу», «Допты лақтырып, қағып ал» ойыны.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.



13-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. 30 м қашықтыққа жүгіруді бағалау.

  2. 5-7 адыммен жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді бағалау.

  3. Шыдамдылық, жақсы секіру, мергендік сияқты қасиеттерді және ойын барысында ептілік, иілгіштікті, тез аңғаруды дамыту.

  4. Жаттығуларды орындату арқылы күш-жігерін толық пайдалана білуге баулу.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: ысқырық, бөгеу, жалаушалар, 2 текше.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.
Сабақтың барысы

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.





«Аяқты бүгу» тәсілімен жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру
Сапқа арналған жаттығулар:

  1. «1, 2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

  2. Оңға, солға бұрылу.

1,3 км қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүру, жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Жүріп және бір орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Жүгіру мен секіруге арналған жаттығулар: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру; секіріп жүгіру; сол (оң) аяқпен және қосаяқтап секіру.

1. 30 метрлік қашықтыққа жүгіру, бағалау.

2. 5-7 адыммен жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Жалғастырмалы жүгіріс (3 х 10 м) ойыны.

Сапқа тұррызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.


14-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. 1500 м қашықтыққа жүгіруді бағалау.

  2. Жүгіріп келіп секіруді бағалау.

  3. Төзімділік қасиетін дамыту, жетілдіру.

  4. Жаттығуларды орындату арқылы күш-жігерін толық пайдалана білуге баулу.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: ысқырық, бөгеу, жалаушалар, рулетка, волейбол добы.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.

Сабақтың барысы

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттырулар:


  1. «1,2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

  2. Оңға, солға бұрылу.

1,5 км қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүру, жүгіру. Уақытты есепке алмай бағалау.

Жүріп және бір орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Жүгіру мен секіруге арналған жаттығулар: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру; секіріп жүгіру; сол (оң) аяқпен және қосаяқтап секіру.

Ұзындыққа секіруді бағалау (секіру техникасы, алысқа секіру).



«Допты ұста» ойыны.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.


15-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. Айналып тұрған секіртпе арқылы секіруді қайталау.

2. Ойын барысында икемділік, иілгіштік және тез аңғаруды дамыту.

3. Топтың ойын арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: ысқырық, секіртпелер, доп.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.
Сабақтың барысы

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:

«1, 2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

Оңға, солға бұрылу.

1,5 км қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүру, жүгіру.

Жүріп және бір орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Жүгіру мен секіруге арналған жаттығулар: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру; секіріп жүгіру; сол (оң) аяқпен және қосаяқтап секіру.

Айналып тұрған секіртпе арқылы секіру.

« Допты үш рет лақтыр » ойыны

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.


16 - 17-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. Айналып тұрған секіртпе арқылы секіруді қайталау.

  2. Дене икемділігін жетілдіру.

  3. Топтың ойын арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: ысқырық, секіртпелер, доп.

Сабақ өтілетін орын: спорт алаңы.

Спорт киімдерін кию, сап түзеп, тізбекпен алаңға шығу. Сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:

«1, 2» санауы бойынша екі қатарға тұру.

Оңға, солға бұрылу.

1,5 км қашықтыққа дейін баяу қарқынмен жүру, жүгіру.

Жүріп және бір орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Жүгіру мен секіруге арналған жаттығулар: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру; секіріп жүгіру; сол (оң) аяқпен және қосаяқтап секіру.

Айналып тұрған секіртпе арқылы секіру (жүгіріп кіріп, жүгіріп шығу).

Белгіленген мәреге дейін бөгеулерден аттап етіп жүгіру, секіру.



Секіртпемен ойналатын ойын: қолды айқастыра ұстап секіру.

Сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Сыныпқа қайту.


18-САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. Секіртпемен ойналатын ойындардың техникалық элементтерін дұрыс орындау.

2. Шыдамдылық, ептілік сияқты қасиеттерді дамыту.

3. Топтың ойын арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Тапсырмалар мен ойындар оқушылардың қалауы бойынша орындатылады.
II тоқсандағы бағдарламалық материалдарды бөлудің

кесте-жоспары

Гимнастика. Ойындар




Оқу материалдары

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

1

Теориялық мәліметтер

Сабақ барысында

2

Сапта тұрып

орындалатын

жаттығулар


+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Құралмен және

құралсыз орындалатын жалпы дамыту

жаттығулары


+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Акробатикалық жаттығулар




х

х

х

х

х

х










Х










5

Тепе-теңдікке

арналған


жаттығулар

х

х

х

х

х

х

х






















6

Өрмелеу

х

х

х

х

х

х

х










Х










7

Тартылу және тіреу






















х

х

х

Х

х







8

Кедергі (тосқауыл)

жолағы






































х

х

9

Секіру






















х

х

х

Х

х







10

Би жаттығулары













































Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет